Кардандық берілісті бөлшектеу және жинау
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: «Кардандық берілісті
бөлшектеу және жинау».
2019
Жоспар:
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1.1. Сабақ тақырыбын баяндау
1.2. Тапсырмаларын беру және оны орындау тәртібімен таныстыру.
1.3. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудан нұсқау.
1.4. Бұрын өтілген оқу материалын еске алу.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кардандық берілісті жіктеу
2.2. Кардандық берілісті шешу және бөлшектеу.
2.3. Кардандық берілісті техникалық қызмет көрсету
2.4. Кардандық берілісті жинау.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 Оқушылардың білімін бағалау.
3.2 Алған бағаларын топқа жарияланады.
3.3 Жұмыс орнын жинастыру.
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сабақтың тақырыбы: Кардандық берілісті бөлшектеу
және жинау.
Сабақтың мақсаты: Кардандық берілісті бөлшектеу
және жинау бойынша операцияларды орындау
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Кардандық беріліс
бөлшектеу және жинау бойынша машықтар мен
дағдыларды меңгеру.
Дамытушылық өткізу әдісі: Кардандық беріліс жүйесі
туралы түсінігін кеңейтіп, олардың тұрмыс-техникада
қолдану маңыздылығын білу оқушыларды жүйелі түрде
ойлауға бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көргезмелер, слайд
және плакаттар, Слесарь инстурменттер жиынтығы.
Кіріспе
• Карданды берілістердің негізгі қызметі өсьтері бар түзудің бойында
жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу
болып табылады. Автомобильдерде ондай өте көп болады.
Мысалы беріліс беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты
берілістен жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін
карданды берілістер қолданылады. Себебі олардың біліктерінің
осьтері әртүрлі деңгейде орналасқан. Айталық беріліс қорабы
автомобильдің кузовына немесе рамасына бекітіледі, ал басты
беріліс жетектеуші дөңгелек белдемесіне орналасады. Кузов немесе
рама жектекші белдемелерден аспасының есебінен үнемі өзгеріп
отырады. Сол сияқты жетекші дөңгелек пен кузовтың аралары жол
бедеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Ендеше осындай тораптарды
бір-бірімен тура білік арқылы жалғастыру мүммкін емес.
• Карданды берілістер бір-бірінен алшақ орналасқан трансмиссия
тораптарының аралығына айналдыру моментін тасымалдауға
арналған. Ондай кезде екі жалғанатын тораптың осьтері бір – біріне
дәл келмейтіндіктен, олар моментті белгілі бір бұрыш жасап бере
алады. Бірақ, бұл карданды берілістер айналдыру моментінің
шамасын өзгертпейді.
Кардандық берілісті автомобильден шешу үшін
кардандық біліктің артқы айыр-фланецті бекіту
сомынын бұрап алу, шайбаларды шешу жəне
кардандық білікті ұстап тұрып, фланец тесіктерінен
бұрандамаларды шығару керек. Осыдан кейін біліктің
соңын астыға қарай алаңға не ағаш төсемге түсіру
керек.
1- сурет. Тіреуіш мойынтірегін бекітетін сомындарды
радиустық кілтпен бұрап алу
1 — кардандық білік; 2 — мойынтірек; 3 — радиустық
кілт
Осыдан кейін біліктің соңын астыға қарай алаңға не ағаш төсемге түсіру
керек. Рамаға аралық білік тіреуіштерін бекіту бұрандамаларын, алдынғы
айыр-фланецті бекіту бұрандама сомындарын бұрап алу жəне кардандық
берілісті автомобильден шешу. Кардандық білікті шешкенде немесе оны
автомобильге орнатқанда монтаждық табанмен немесе кардандық білікті
айналдыру үшін топсаға кіргізілген басқа заттармен пайдалануға болмайды,
себебі бұл бүйір нығыздағышының зақымдануына жəне кардандық
топсалардың істен зақымданып шығуына əкеледі.
Әзірлемес бұрын кардандық берілісті кірден тазалау жəне
майсыздандыратын ерітіндіде не ыстық суда жуу қажет. Бөлшектеу үшін
кардандық берілісті темір ұстаның үстеліне орнатуға болады. Қамыттың
лентасын, жастықшаның тоқтатқыш қапсырманы, тіреуіш кронштейнді
шешу, тоқтатқышты жазып, арнайы радустық кілтпен тіреуіш
мойынтірегінбекіту сомынын бұрап шығару (1-сурет), оймакілтек төлкеден
сырғитын айырды суырып, кардандық біліктерді ажырату. Аралық
кардандық білік тіреуішінің мойынтірегінен резеңке жастықты, артқы
жалтыратқышты шешу, сосын қақпақпен, мажеталармен жəне кергі
төлкемен жиналған тіреу мойынтірегін алынғыш пен тығыздау(2-сурет).
Кардандық топсаны оның бөлшектері істен шыққан жағдайда ғана
бөлшектеу ұсынылады.
Аралық тіреуіштің мойынтірегін қақпақпен,
манжетамен және кергі төлкемен қоса шешу
1 — аралық кардандық білік; 2 — сақинаның тартпалы винті; 3 —
жалғағыш сақина; 4— тіреуіш қақпағы; 5 — мойынтірек; 6 —
алынғыш тетігі; 7 — тіреуіш жақтау; 8 —алынғыщ винті
Ұзақ пайдаланылған кардандық берілістің топсаларын бөлшектемес бұрын, қылқаламның
көмегімен мойынтіректер орнатылған орындарды керосинмен жақсылап жағу ұсынылады.
Кардандық берілістің топсаларын бөлшектегенде, бөлшектердің өзара орналасуын белгілеу,
құлыпты пластиналардың қҧлақшаларын жазу, осы пластиналарды бекітетін
бұрандамаларды бұрап шығарып, құлыпты жəне тіреуіш пластиналарды шешу керек.
Сосын топсаны бөлшектейді. Кардандық топсаны бөлшекегенде жəне жинағанда балғаны
қолдануға қатаң тыйым салынады, себебі бұл ретте мойынтіректердің айырларындағы
тесіктердің өстестігі бұзылып, кардандық топсаның жарамдылығы бірден төмендейді.
Кардандық біліктің топсаларын айырлардың деформациясын, мойынтіректердің сынуын
болдырмайтын жəне топсаны оңай бөлшектеуге мүмкіндік беретін əмбебап алынғыштың
көмегімен бөлшектеу қажет. Алынғыштың негізінде оны темір үстелге бекітуге арналған
көздері бар. Кардандық топсалардың айырлары, фланецтері мен айқыштары үшін базалық
беттері бар тіреуіштерде сопақша тесіктер бар, олар белгілі шамада
тіреушітерді бөлшектенетін топсаның көлеміне қарай негіз үстінде орын ауыстыруға
мүмкіндік береді. Алынатын стақан екі жағынан т ҥрлі диаметрлі тесігі бар құбырдың
кесіндісін білдіреді. Сыртқы бұранда арқылы стақанды тіреуіш винттің ұшына немесе
шешілетін мойынтіректің көлеміне байланысты бір немесе басқа жағымен бекітеді. Негіздің
тесігіне бұралған тіреуіш бағаналардың үстінде тіреуіш винтпен жəне қысқыш сомынымен
траверса бар. Алынғыш тіреуіш винт айналғанда алынатын стақанмен айырлардың бірінің
көзіне тіреледі, ал топсаның екінші айыры тіреуіштерде жатады. Винтті кейін
айналдырғанда стақан тіреуіштерге жақындайды жəне айқыштың мойынтірегі стапунның
қуысына кіреді. Тіреуіш винтті айналдыруды мойынтірекк көздің тесігінен оңай
шыққанынша жалғастырады. Топсаны бөлшектеу екі əдіспен жҥргізіледі: əуелі тіреуіштерге
айырлардың бірін орнатады, мойынтіректерді онымен түйіскен айырдан (бірінші айыр деп
шартта атаймыз) сығып алады.
Әмбебап алынғыштың көмегімен кардандық топсаны бөлшектеу:
а — сырғитын айырдан мойынтіректі баспақтау;
б —кардандық біліктің айырынан мойынтіректі басып тастау;
1 — кардандық біліктің айыры; 2 — тіреуіш винттің бастиегі;
3 — айқыш; 4 — негіз
Жиналған аралық тіреуіштің мойынтірегін аралық білікке тығыздау
1 — карданндық білік; 2 — мойынтірек; 3 — жақтау
Өтілген оқу материалын бекіту:
1. Карданды беріліс міндеті қандай ?
2. Кардандық топса құрылысын атаңыз ?
3. Аралық тіректер міндеті ?
4. Шлицтық бірігу міндеті нелерден тұрады ?
5. Аралық қосылыстар?
6. Кардандық берілістің негізгі бөлшектері
нелерден тұрады ?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).
Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Аламты: «НАЗ-9»
ЖШС 2005.-360 б.
2. Алиев Б. және басқалар. Тракторшының анықтамалығы. Аламты, «Қайнар».
1982
3. Беспалько В.П., Розен З.В. Практикум по автомобилю. М., 1975
4. Б.С. Васильев и. Др Ремонт дарожных машин, автомобилей тракторов-М.: 2008.-
512с.
5. Момынбаев Б.К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы. А.:
Рауан, 1990. – 179 б.
6. К. Өстеміров. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Алматы: Радиал баспасы 2006-240 б.
7. Л.Н. Борилов., Технология и организация ремонт и обслуживания автомобиля. –
М.: 2006.-176с7
8. Автомобиль. Учебное пособие для учащихся средней школы /Под ред. И.П.
Плеханова - М., 1981г.
9. Шестопалов С.К. Устройство, техническое обслуживание и ремонт легковых
автомобилей. М., «Академа». 2002
10. Родичев В.А., Родичева Г.И. Тракторлар мен автомобильдер. Ауд. Айнабеков Т.,
Мусин Ж. А.: Мектеп, 1986.- 336 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz