Іскерлік қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті


Slide 1 Slide 2

№11 дәріс

Тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті

Қарастырылатын мәселелер:

Іскерлік қарым-қатынастағы сөз мәдениеті

Келіссөз, іскерлік кездесудегі сөз әдебі

Slide 3

Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.

Іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі - әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу

Slide 4

“Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі - олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы”.

А. Байтұрсынов

“Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар . . . Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді”.

М. Әуезов

Slide 5

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назқарда ұстау керек: кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау.

Сөйлеуші адамның мінез-құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі. Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау- әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.

Slide 6

Іскерлік әңгіме.

Іскерлік әңгіме жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, көзқарасын дәлелді қорғай білу, сөзін нақтылы жеткізе білу жолдарын меңгергенде нәтижелі болады. Көздеген мақсатқа жету үшін әңгіменің не жөнінде болдатыны, жүйесін жосрпарлап, тосын сұрақтарға әзір болу керек.

Дайындықтың бірінші кезеңі кімге, қайда баратындықты анықтауда. Сөйлесетін адамның жалпы болмысы, онымен тіл табысу жолдарын зеттеуден басталады.

Екінші мәселе - сөз бастау, ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болатындығын жоспарлау. Ол үшін мыналарды ескеру керек:

Фактінің, деректің мол болуы;

Себептер мен тұжырымдардың сәйкес келуі;

Басты мәселенің шешілуіне деген сенім;

Мәселенің екі жаққа да пайдалы екендігінің дәлелі;

Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

Slide 7

к

1-тапсырма. Үй, жол, жылан, шалбар, орамалдың суретін салыңыз.

2-тапсырма. Сізге қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін және қиындық туғызатын қасиеттерді атаңыз?

3-тапсырма. «Полюстерге бөліну» стратегиясы.

4-тапсырма. «Мен түсінбедім, сонда . . . », «Сіз ашуланып тұрсыз ба?», «Сіз сонда неден қорқасыз?», «Неге таңданып тұрсыз?» деген сұрақтармен басталған қайшылықты тоқтату.

5-тапсырма. Келіссөзге келу.

6-тапсырма. Айғаным апайды таң алакеуімде қатты телефон шырылы оятты . . .

Slide 8

к


Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынастың жақтарын ата
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Іскерлік мінез құлық
ІСКЕРЛІК ЭТИКЕТТЕГІ СӨЗ
ЭТИКА ЖӘНЕ МОРАЛЬ
Қарым - қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі
Қарым - қатынастың типтері
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Қарым -қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz