ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ




Презентация қосу
ҚАННЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН
ҚЫЗМЕТІ
ҚАННЫҢ ҚҰРАМЫ
Қанның құрамы :
• плазмадан,
• қызыл және ақ жасушалардан тұрады.
• Қан жасушаларына – эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер
(қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады.
ҚАН ПЛАЗМАСЫ
Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге
де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және
фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 %
су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+,
Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы
органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар,
аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және
пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ
(глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы,
холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі,
көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар,
дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
ҚАН ЖАСУШАЛАРЫ
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) –
формалық элементтердің ең көп тараған түрі.
Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың
формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның
тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен
көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында
темір бар ақуыз бар – гемоглобин. Ол эритроциттердің
басты функциясы – газдарды, алдымен оттегі
тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға
қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл
түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні
байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі
шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және
де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин
тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин
түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы
иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс
тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты
функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау.
Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын
Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер
мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын
қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға
қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа
формалық элементтердеге қарағанда төмен.
ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген
сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының
фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге
(мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның
ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
ҚАННЫҢ АҒЗАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып,
ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:
Тасымалдаушы — қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары
бар:
Демалу – оттегіні тіндерден және көмір қышқылды газды тіндерден
өкпеге тасымалдау;
Қоректендіру — қоректендіру заттарды тіндер жасушаларына жеткізеді;
Экскреторлық — зат алмасудың қажетсіз заттарын ағзадан шығару үшін
өкпе мен бүйрекке тасымалдау;
Термореттегіш — дене температурасын реттейді;
Реттеуші — оларда пайда болатын заттарды (гармондар) тасымалдай
отырып, түрлі ағзалар мен жүйелерді өзара байланыстырады.
Қорғаныс — бөтен антигендерден жасушалық және гуморалдық
қорғанысты қамтамасыз ету;
Гомеостатикалық — гемеостазды (ағзадағы ішкі ортаның тұрақтығы) –
қышқылды-негізгі тепе-теңдікті, су-электролиттік балансты және тағы
басқаны сүйемелдеу;
Механикалық — ағзаларға қан келу арқылы тургорлық кернеуді беру.
ҚАН ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ
МӘЛІМЕТТЕР
Адам 40% қанын жоғалтса да, тез арада қайта қан құйса, аман қалу
мүмкіндігі бар.
Қан плазмасы құрамы жөнінен кокос суына ұқсайды.Көп жағдайда
дүйсенбі күні жүрек талмасы ұстайды. Бұл жұмыс күні басталуынан
болатын стреске байланысты.
Зерттеушілер некенің баянды болуы қан тобына да байланысты екенін
анықтады. 2 мен 4, 2 мен 1 қан тобындағылар қосылса, ауыз біршілік
мықты болатын көрінеді.
Екінші қан тобындағыларда холестерин мөлшері көп болады.
Торонто ғалымдары диетаның қан тобына қатысы жоқ екенін дәлелдеді.
Құлағымызға ұлудың қабыршағын тақағанда ешқандай теңіздің
дауысын емес, өз бойымызда ағып жатқан қанның дауысын естиді
екенбіз.
Антарктидадағы балықтардың қаны ақ түсті болады. Оның құрамында
гемоглобин болмайды, сол себептен суыққа төзімді.
Масалар да адамды қан тобына қарай таңдап шағады, оларға бірінші
топты қан иелері көбірек ұнайды.
Ежелгі Египетте перғауындар түрі қанға ұқсайды деп шарап ішпеген.

Ұқсас жұмыстар
Қан жасушалары
Қан жасушалары мен қан құрамы
ТРОМБОЦИТТЕРДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
ҚАН ӨКПЕДЕ
Қанның реологиялық қасиеттері
Зәр шығару жүйесі
Қаннын құрамы мен қызметі
Қан плазмасы
Зәр шығару жүйесі туралы
Шеміршек ұлпасы
Пәндер