Тәрбие жұмыстарында мектеп пен отбасының бірігуі


Slide 1

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Педагогика

Тақырыбы: Тәрбие жұмыстарында мектеп пен отбасының бірігуі

Мамандық: Бастауыш білім беру бөлімі

Орындаған: Сафарова Аделя Нематиллакызы

Жетекші: Амандыкова Назира Дуйсенбайкызы

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Slide 2

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА БІРІГУІ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

1. 1. Мектеп пен отбасының байланысы.

1. 2. Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы.

1. 3. Отбасындағы ұжымдық тәрбие

2. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ

2. 1. Мектеп пен отбасы тәрбие жұмыстарының маңыздылығы

2. 2. Отбасы мен мектептің тәрбие жұмыстарын бірігіп ұйымдастыруы

2. 3. Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргізу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Отбасы мен мектеп бірі-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол - саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Осы екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық. Бұл орайда екі жақты қарым-қатынастардың нығаюына ұйытқы болатын жандар ұстаздардың атқарар рөлі орасан зор. Себебі, мұғалім - шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейілінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.

Slide 4

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

Slide 5

Мектеп, ата - ана, оқушы ынтымақтасты нығайту мақсатында мектепте ата-аналар үшiн балалардың қатысуымен ата - аналар жиналысы, тәрбие, сынып сағаттары, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзу көзделген.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.

Slide 6

Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді.

Slide 7

Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Ата- аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап- жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма - ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжі-рибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарда жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Slide 8

Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық сынып жетекші ұйымдастырады және жүргізеді. Ол сыныптағы оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, сыныптың оқу жоспарына жауап береді. Сынып жетекшісінің негізгі міндеті-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс оқу, тәрбиелік іс-әрекеттің әралуан түріне тарту. Оның назары, сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де көбірек көңіл бөліп отырады.

Slide 9

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, талғамдарын тәрбиелеуде, мінез-құлықтарын қалыптастыруда, елжандылығын тәрбиелеудегі негізгі жұмыс формасы болып табылады. Сынып сағаты аптаның белгілі бір күні өтеді. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастыру формасы мен әдісі таңдалады. сынып сағатын дайындау жұмысына оқушыларды қатыстырған маңызды. Оқушылар қабырға газетін шығарады, альбом дайындайды, өткізу орнын әзірлейді, бағдарламасын құрады.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Ата - анамен жұмыс түрлері
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары
Отбасылық тәрбие
Отбасы және отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері
ОТБАСЫ - ТӘРБИЕ КӨЗІ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ
Тәрбие шараларын дайындау және өткізу технологиясы
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz