Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі


Slide 1

Қазақстан тарихы. 8 сынып.

Сабақ тақырыбы:

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

Slide 2

Көтерілістің басталу себептеріне сипаттама беру. Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.

Оқушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге

баулу.

Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана - сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Slide 3

Кенесары Қасымұлы

(1802-1847)

Кенесары Қасымұлы - хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

-1841 жыл Кенесары Қасымұлы хан сайланды

- Бір орталықтан басқарылатын

мемлекет құрды

Оны ханның өзі басқарды

- Кеңесші орган - батыр, билер, сұлтандар, жақын туыстары

Slide 7

Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.

Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.

Slide 8 Slide 9

Абылай ханның ұрпағы, тарих ғылымының докторы. “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” - деген еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті ашып жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған кім?

Slide 10

Жауабы:

Ермұхан Бекмаханов

Slide 11

Ол өз кезінде өте білімді, Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған. Өз замандастарының айтуынша аласа бойлы, өте жігерлі адам болған. Ш. Уалихановтың мәліметі бойынша

12 әйелі, 30 ұлы, 40 қызы болған. Жоңғарлардың атақты қонтайшысы Қалдан-Цереннің баласымен жекпе-жекте жеңіп оны өлтірген

Slide 12

Жауабы:

Аблай хан.

Slide 13

Зекет

Ұшыр

Баж салығы

Мыңбасылар

Айырым

Сөздердің мағнасын аш.

Slide 14

Зекет- мал өсірушілерден алынатын салық

Ұшыр- диқандардан алынатын салық

Баж салығы-көпестердің сауда кереуендерінен алынатын салық

Мыңбасылар ерекше көзге түскен сарбаздар

Айырым- хан әскері.

Slide 15

оқиғалар

жылдар

1836

1837

1838

1840

1841

1845

1847

1

Көтерілістің

басталуы

2

Қоқандықтардың Саржанды өлтіруі

3

Әкесі Қасымды өлтіруі

4

Кенесарының хан сайлануы

5

Батыс Сібір генерал-губерна- торына хат жолдауы

6

Долгов пен Герн бастаған елшілік- тің хан ордасына жетуі

7

Көтерілістің аяқталуы

Slide 16

Деңгейлік тапсырма

Кенесары қашан хан болып сайланды?

1841 жыл.

2. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті?

Шекті, табыл, төртқара, байұлына

3. Отаршылдық қанауға қарсы, қазақтардың күресін кім басқарды?

Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған.

4. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды?

1837-1847 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды.

5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата.

Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.

Slide 17

Тест тапсырмалары

1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан:

А) Қоқан ханы В) Хиуа ханы С) Бұқар әмірі

D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы

2. Кекнесарының саяси көзқарастарының қалыптасына әсер еткен:

А) Әкесі Қасым сұлтан В) Ағасы Саржан С) Исатай Тайманұлы

D) Жоламан Тіленшіұлы Е) Сырым Датұлы

3. Кенесары Қасымұлы көтерілісі қамтыған аймақ:

А) Орта жүз В) Ұлы жүз С) Кіші жүз бен Орта жүз

D) Қазақстанның оңтүстігі Е) Бүкіл үш жүз

4. 1778 жылғы Сырым басындағы ауыр жағдай:

А) Балалары қайтыс болды В) Казактар тұтқынында болды

С) Қақтығыс кезінде ауыр жарақат алды D) Мал-мүлкі өртеніп кетті

Е) Көтеріліс талқандалды.

5. “Сырым Датұлы 1775 ж. көтерілісшілер топтары жетекшілерінің бірі” деп жазған:

А) Нұралы хан В) Генерал Н. Рейнсдорф С) Генерал А. Суворов

D) “Инвалид” газеті Е) жазушы В. Даль

6. Сырым 1791 ж. наурызда Табын және Кердері руларына қай жаққа көшуді ұсынды?

А) Арал өңіріне В) Хиуа маңына С) Ыстықкөлге қарай

D) Мұғалжар тауларына Е) Жайық бойына

Slide 18

Үйге тапсырма:

Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.


Ұқсас жұмыстар
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Патша үкіметі
Көтерілістің басталу
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы ақпарат
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Кенесары ханның жасақтары
Көтерілістің себептері
Кенесары хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz