Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу өндірістік сабақ



Орындаған: Ердібаева Несібелі
Тақырыбы: «Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу» өндірістік сабақ

Сабақ мақсаты: Білімділік: Студенттерге теориялық біліммен сабақтастыра отырып оны өндірістік сабақта қолдану. Электрқозғалтқыштың орамасын жұлдызша және үшбұрышпен қосуды, қозғалтқыштың айналу бағытын өзгертуді үйрету. Дамытушылық: Шеберханада студенттер құралдармен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін білу керек Тәрбиелік: Студенттерді тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйрету, өз ісіне жауапкершілікпен қарау Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Қысқа тұйықталған асинхронды электр қозғалтқыш; штепсельді розетка, сымдар, электр монтаждау жұмыстарына арналған құралдар жиынтығы, слайд, бейнефильм, интерактивті тақта, тапсырмалар

Техника қауіпсіздік ережесі

Асинхронды электрқозғалт қышты қосқыш розетка көмегімен қосу
Тақырыбы:

Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру
Кім жылдам?
1 - деңгей
Трансформаторға анықтама бер және оның практикада кең қолданылатын орны.
Электр энергиясын таратуда кернеуге байланысты трансформатордың неше түрі бар?
Трансформатор неше бөліктен тұрады? Магнитоөткізгіш неге керек?
Орамдардың орналасу тәртібіне қарай трансформаторлар неше түрге бөлінеді?
Орамдардың орам санына байланысты жоғарылатқыш, төмендеткіш трансформатор екенін ажырата аламыз ба?
2 - деңгей
Трансформатордың төлқұжаты дегеніміз не? Қандай өлшем бірліктері көрсетіледі?
Қай орамдағы қуатты пайдалы және пайдаланатын қуат деп бөлеміз? ПӘК қалай анықталады?
Арнайы трансформаторлардың қандай түрлерін білесің?
3 - деңгей
Трансформатордың жұмыс тәртібінің неше түрі бар? Сыналу тәжірибесінде қай режимдер қолданылады?
Үш фазалы кернеуді тасымалдау үшін қандай трансформаторлар қолданылады? Орамдары бір-бірімен қалай жалғанады, қалай белгіленеді?

Асинхронды электрлік қозғалтқыш - электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы. Айналу магниттілігі деп аталған құбылысты алғаш рет 1824 ж. француз физигі Р. Ф. Араго тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал бұл құбылыстың ғыл. негізін 1888 ж. а Г. Феррарис (Италия) пен хорват ғалымы Н. Тесла (АҚШ) әрқайсысы өз бетінше ашты. Алғашқы үш фазалы Асинхронды электрлік қозғалтқышты 1889 ж. орыс электротехнигі М. О. Доливо-Добровольский жасады. Асинхронды электрлік қозғалтқыштың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі. Асинхронды электрлік қозғалтқыштың айналу бағытын статор орамасының кез келген екі фазасын ауыстырып қосу арқылы өзгертуге болады. Асинхронды электрлік қозғалтқыштың құрылымы қарапайым әрі сенімді болғандықтан электр жетегіндегі негізгі қозғалтқыш ретінде қолданылады. Оның қуаты бірнеше Вт-тан ондаған МВт-қа дейін жетеді.

Асинхронды машиналар генератор қозғалтқыш, түрлендіргіш, фазареттеуіш, тахогенератор және автоматика тетігі ретінде пайдаланылады. Асинхронды машиналардың генератор әлпіндегі. энергетикалық көрсеткіштері қозғалтқыштық әлпінде қарағанда нашар. Сондықтан асинхронды машиналар негізінен қозғалтқыш түрінде қолданылады. Электрлік қозғалтқыштардың ішінде ең көп тарағаны да осы асинхронды қозғалтқыш. Оның себебі: асинхронды қозғалтқыш басқа қозғалтқыштарға қарағанда құрылысы жағынан қарапайым, қолданымға женіл, сенімді және арзан. Ал асинхронды қозғалтқыштардың негізгі кемшілігі оның айналу жиілігін реттеудің салыстырмалы қиындығы. Дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 40%-ын асинхронды қозғалтқыштар тұтынады, ал 2000 жылдарда барлық асинхронды қозғалтқыштардың қондырғылық қуаты 2 млрд. кВт шамасында болды. Асинхронды қозғалтқыштардың кернеуі стандарттық кернеулерге есептелген - 10 кВ-ке дейін, ал қуаты бірнеше ваттан мыңдаған киловатқа дейін барады. Мысалы, ең көп тараған 4А сериялы қозғалтқыштың қуаты 0. 06 кВт-тан 400 кВт- қа дейін, ал кернеуі 200 В - тен 660 В- ке дейін. Қозғалтқыштар әр түрлі жұмыстар үшін және әр түрлі ауа райының жағдайында қолданылатындықтан оларды ылғалға, ыстыққа, аязға төзімді, ал шаңнан, су тамшыларынан, газдан және бөтен заттардың ішіне түсуінен сақтау үшін қорғалған жабық тамшыдан қорғалған, қопарылыстан қорғалған етіп жасайды. Кернеудің фазаларының санына қарай асинхронды машиналар бір фазалы және үш фазалы етіп, ал ротордың конструкциясына байланысты қысқа тұйықталған және фазалы роторлы деп аталады.

Үш фазалы қысқа тұйықталған роторлы асинхронды двигателдің құрылысы
1 - вал,
2, 6 - подшипниктер,
3, 7 - подшипникті шит,
4 - шығыс қорабы,
5 - вентилятор,
8 - вентилятор қорабы,
9 - қысқа тұйықталған ротордың өзекшесі,
10 - статордың өзекшесі,
11 - корпус

Үш фазалы ротордың асинхронды двигателдің құрылысы
1, 7 подшипниктер,
2, 6 - подшипникті шит,
3 - корпус,
4 - статордың өзекшесі,
5 - ротордың өзекшесі,
8 - вал,
9 - шығыс қорабы,
11 - контактілі сақина

Асинхронды электрқозғалтқыштың ақауларды анықтау әдістері:
Ақау белгілері
Себептері
Электр моторы гуілдейді
Айгөлектерінің тозуы, қалқанының қисаюы, біліктің майысуы
Электр моторы гүрілдейді, ротор айналады бірақ фазадағы токтар әр түрлі
Ротордың орамында үзік бар, статордың орамасының басы, соңы дұрыс жалғанбаған
Ротор айналмайды не баяулау, мотор қатты қызады
Статор орамы үзілген не орамдық тұйықталу бар. желдету жағдайы нашарлаған, ластанған.
Статор орамасының оқшаулағышының кедергісі төмен
Оқшаулағыш суланған, ластанған тозған, зақымданған
Электр моторы жұмыс кезінде дірілдейді
Біліктер бұзылған, ротордың теңдігі бұзылған
Мотор қатты дірілдейді, сөндіргенде басылады бірақ гуілдейді, қызады.
Статордың орамасында қысқа тұйықталу бар.

Фазалық роторлы асинхронды машиналар
Ақау белгілері
Себептері
Электр моторы қалыпты айналу жылдамдығын алмайды
Оталдыру реостатының үш фазамен түйісімі бұзылған, реостат пен ротор орамасының арасындағы тізбек бұзылған
Электр моторының айналу жиілігі баяу, ротор қатты қызады.
Жанасу сақинасы және біліктің арасындағы оқшаулағыш бұзылған.
Мотор жүктелген кезде айналу жиілігін үдете алмайды, гуілдейді, статор соғады.
Ротор орамасының сақинамен қосылып дәнекерленген қосылысы бұзылған.
Щетка мен сақина арасынан қатты дыбыс шығады.
Щетка кірлеген, щетка қысқыш құрсауында кептелген, сақина соғады,

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz