Жеті жарғы туралы жеті дерек
Презентация қосу
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Орындаған:Бақтығұл Ақниет
Тексерген:Қобдабаева Нұргүл Аманқосқызы
Мамандығы: Құқықтану
Курс:1
Тақырыбы: Жеті жарғы
Күні:16.11.2019
Мазмұны:
Жеті жарғы
Жеті туралы жеті дерек
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718)
тұсында қабылданған қазақ халқының
дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының
жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының
ыдырау қаупінің тууына байланысты
Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын
шаралар қарастырып, хандық билікті
нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының
дамуы мықты билік пен бірлікті
қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар
жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан
бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-
ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы
хандардың тұсында қабылданған “
Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім
ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру
арқылы жаңа заң жүйесін жасауға
тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен
билерін жинап, оның ішінде атақты
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар,
Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті
жарғысы” деген атауға ие болған заңдар
жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға
сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-
жанжалдар мен саяси маңызы бар
мәселелерді тиімді шеше алды.
Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік
мәселелерін барлық жағынан қамтыды,
соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен
тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп,
дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін
арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан
және Жеті жарғының өзі талап, тілекті
қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан,
оның көптеген жол-жобалары мен
қағидалары 20-ғасырдың басына дейін
қолданылып келді. (Мысалы, бұл
қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және
кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені
белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық
шешендік өнеріне сай, негізінен,
афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты
сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-
кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа
жолы” мен “Есім ханның ескі жолына”
негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне,
саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке
бөлуге болады. Жеті жарғының толық
нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.
Шүкірәлиевтің (1804), Я. Гавердовскийдің (
1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларында
кезігеді.
Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А.
Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс
ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-
пікірлері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан
алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған
нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан
енгізген жеті өзгеріске байланысты деген
тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде
төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру
арқылы билікті нығайту мақсаты
көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен
құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету
мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып,
тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары
көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген
ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын
бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды
әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ
жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ
сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның
ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан
кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған.
Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын », «
Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы
ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол
өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті
жарлығы») аталып кеткен делінеді.
«Жеті жарғы» туралы жеті дерек
Қазақ ханы әз-Тәуке «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім
ханның ескі жолын» жетілдіріп, «Жеті жарғы» заңдар
жинағын жарыққа шығарды.
1.Заман талабынан туындаған ХҮІІ-ғасырда қазақ хандығына
жан-жақтан қаупіп төніп, елдің ауызбірлігі әлсірей бастайды.
Осы тұста Тәуке хан хандықты нығайтуға күш салды. Бұл үшін
мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар
жүйесі қажет болды. Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе
жатқан дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы
хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы»
мен «Есім ханның ескі жолын» негізге алып, жаңа заң жүйесін
жарыққа шығарды. Күлтөбенің басында Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке билер бас қосып, «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген
атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
2.Жарғы жеті жаңа тармағымен ерекшеленген «Жеті
жарғының» толық нұсқасы сақталмаған. Оның үзінділерін
К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806),
А.Левшиннің (1832) жазбаларынан оқуға болады. Сондай-
ақ, Н.Гродеков, Л. А. Словохотов, А. П. Чулошников
тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері шежіреші
Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді.
Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан
енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым
жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға
ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты
көзделгені айқын байқалады.
3. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген «Жеті
жарғы» заңдар жинағы негізінде қазақтың тайпа, ру
басылары жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда
мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына
байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді.
Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана
дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару
ұстап келген азамат жылына өз байлығының
жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке
беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз
таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда
мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
4. Төрт түлік малмен құн төлеген Жазалаудың ең көп таралған түрі
— құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік
жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы,
өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой
болған. Өлген адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген, ақсүйек
болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа
тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан»
немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27
мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің
құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер-
де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ — 100
қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған
заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы,
ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл
баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік
таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
5. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына
кесілген «Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық
нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне:
кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға
жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары
жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс-деңгейіне сай
әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан»
заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған:
дарға асу және тас атып өлтіру. Сондай-ақ,
мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар өлім
жазасына кесілген.
6. Қылмыстық істерді билер соты қараған Билер
соты барысында екі жақ келісуі бойынша өлім
жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік
болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар:
егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары
оны кешірмеген жағдайда; егер әйел некесіз туған
баласын өлтірген жағдайда; жұбайлар арасындағы
«көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда;
«құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Ал,
әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс
отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс
көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен.
7. «Жеті жарғы» ХІХ ғасырдың ортасына дейін
қолданылған «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың
ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар Қазан
төңкерісіне дейін қолданылды. Жоғарыда атап
өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті жарғының»
түпнұсқасы жеткен жоқ. Алғаш рет орыс ғалымы Г.
Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің
мәліметтері негізінде «Жеті жарғының»11 үзіндісін 1820-
шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде
жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді)
А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті
жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық
ауыз әдебиеті жанрында жарияланған.
Назарларыңызға
рахмет...
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz