Канаева Балнурдың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған Отан, туған жер, ата мекен тақырыбындағы дидактикалық материалдар


Slide 1

Орал гуманитарлық - техникалық колледжі

0111000 “Негізгі орта білім беру”

0111013 “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” біліктілігінің

4курс студенті Канаева Балнурдың

«Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінен

жазба жұмысын орындатыға арналған

Отан, Туған жер, Атамекен

тақырыбындағы дидактикалық материалы

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Салт-дәстүрге байланысты суреттер

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» - деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: - Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. - Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? - дегендерге: - Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен Әйтімбет

Адамгершілік, достық, туыстық тақырыбын қамтитын мәтіндер

Slide 13

Бір әскер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген, әскер: - Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге рұқсат беріңіз, - деп өтінеді. Капитан “жынды болдың ба!” дегендей әскерге қарап: - Баруға тұрмайтын сияқты ғой! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге қоюшы болма! Әскер баруым керек деп тұрып алады да, капитан: - Жарайды, барсаң бар, - деп рұқсат береді. Әскер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соғысын тыңдайды да: - Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі-бір өліп қалды, - дейді. - Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, - дейді демін алаған әскер. - Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл әскер өлді, көріп тұрсың ба?! - Бәрі-бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, - деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы сөздерін қайталады: - “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет. ”

Slide 14

Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

- Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:

- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала:

- Түсіндім, баба, бұлмысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына арналған сұрақтар мен жаттығулар
Туған елім - Қазақстан тақырыбындағы ана тілі сабағы: шығармашылық пен өзіндік оқуды дамытуға арналған сабақ жоспары
ХХІ Ғасыр көшбасшысы: дарынды оқушыларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті танымдық-интеллектуалды ойын
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған әдістемелік көмекші құрал
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша кешенді тест тапсырмалары: грамматика, ауыз әдебиеті және классикалық шығармалар
Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиеті: тесттік тапсырмалар мен бақылау сұрақтары
6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша еліктеу сөздер тақырыбындағы сабақ жоспары
Шешеннің сөзі мерген: қазақ тілі мен әдебиеті сайысы
7-сынып қазақ тілі мен әдебиеті: Қ. Аманжоловтың Дүниеге жар өлеңіне арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz