Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Тәрбие жұмыстары бағытында
озық педагогикалық тәжірибені
зерттеу және жинақтап
қорытындылау.
ОРЫНДАҒАН: ЕСЕН ДАНИЯР
ҚАБЫЛДАҒАН: ДҮЙСЕНОВА Ж.

2021 ж. Түркістан.
Мазмұны:

Кіріспе.
Озат педагогикалық тәжірибе түсінігі.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Озат педагогикалық тәжірибенің түсінікті формалары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.

Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің
бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның
ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика
заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат
педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын
түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Мақсаты: — жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның
қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін
ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік,
жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.
Озат педагогикалық тәжірибе түсінігі.

Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты
педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық
болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде
қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар
тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды.
Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік
пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі
принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді
қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады,
олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ
жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады.
Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып
табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің
заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.
Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

педагогтың ғылыми ұстанымдары педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа
біліктілікпен, ұтымды кешенді білім беру қызметін
пайдалануы болып табылатын көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны,
педагогикалық шеберлігі; нысандары мен әдістері, тәсілдері мен
құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық
Озат педагогикалық тәжірибенің түсінікті
формалары.

Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары
– ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік
кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды,
семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық
мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар
өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда
жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар,
жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске
енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу
нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие
процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-
тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3
1999ж.

2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и
использования передового педагогического опыта. – М.,1978 ж.

3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер, педагог-исследователь. Гомель,1992 ж.

4. Тұрғынбаева Г. Ұстаздық шығармашылық.. 2008 ж.

Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибе
Қорытынды мектепте практика ретінде конференция мектепте
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс- әрекеттерді қолданудың жаңа бағыттары
Педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және жинақтау әдістері
Этнопедагогика оқулықтары
Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері
Оқушының мектепке қалыптасуы
Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті. Оқу-тәрбие үдерісі,нәтижесінің шарты
Ғылыми зерттеу, оның эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы
Пәндер