Дәм сезу анализаторы


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:

“Сенсорлық жүйелер”

Қабылдағаны: Баян Тойжигитова

Орындағаны: Жапенова Т

Тобы: Фқә-012

Slide 2

Жоспар:

Анализатор туралы ұғым және оның бөлімдері

Рецепторлар және олардың классификациясы.

Анализаторлардың ортақ қасиеттері

Сезім мүшелері

Көру анализаторы

Есту анализаторы

Дәм сезу

Иіс сезу

Сипап сезу

(Пайдаланылған әдебиеттер. )

Slide 3

,

Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И. П. Павлов болып есептеледі.

Slide 4

Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе: - Перифериялық. Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім) - Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар. -Ми қыртысындағы орталық бөлім.

Slide 5

Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері:

Slide 6

Рецепторлар және олардың классификациясы.

Рецепторлар - әр түрлі тітіркендіргіштерді

маманданған белсенді жүйке жүйесіне тасмалдауға арналған құрылымдар.

Рецепторлы жасушалар басқалардан екі қатынаста айырмашылығы бар:

-Тітіркендіргіштердің энергиясы процентерді қоғалысқа ұшырауын стимулдайды, ол жасушада метаболизм процентерінде пайда болған потенциялды энергия есебінен жүреді.

-Рецепторлы жасуша электр энергиясын бөледі.

Slide 7

Рецепторлар орналасу және тітіркендіргіштермен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай үлкен екі топқа бөлінеді.

Сыртқы -экстерорецепторлар: көру, иіс, сезу, дәм сезу, тактиль (жанасуды сезу) рецепторлары;

Ішкі-интероцепторлар: висцерорецепторлар (ішкі органдардың проприорецепторлар. )

Slide 8

Өзі таңдап алған қабылдайтын тітіркендіргіштің табиғатына (модальдығына) қарай рецепторларды тағы да топтарға бөлуге болады. Мысалы,

І. Механорецепторлар (тітіркендіруші әсердің механикалық энергиясын қабылдауға бейімделген) . Бұған сету, гравитациялық, вистивулярлық, терінің тактильді, тірек-қимыл аппаратының рецепторларын және жүрек-қан тамыр жүйесінің барорцепторларын жатқызуға болады.

Хеморецепторлар. (химиялық агенттер әсерін сезеді:

Темоцепторлар (темературалық-салқын, жылы-әсерлері) қабылдайды (терінің, органдарының, сондай-ақ орталық нерв жүйесінің термосезгіш клеткалары) .

Фоторецепторлар (жарық энергиямен қабылдайды) .

Электрорецепторлар. (электромагнит тер белсенділерін сезеді) . (Амфибийлердің, сүйікті балықтардың, дөңгелек ауыздылардың бүйір сызық органдарында орналасқан) .

Ауыр (ноцицептивті) рецепторлары ауыратын тітіркендірулерді қабылдайды. Басқадан рецепторлар ауыратын әсерлерді қабылдай алады деп есептеледі.

Рецепторларды басқа да қасиетеріне қарап топтауға болады. Мәселен, тез және баяу адаптацияланатындар, төменгі және жоғарғы табалдырықтылар т. б.

Slide 9

Анализаторлардың ортақ қасиеттері

Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.

Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.

Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.

Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.

Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың оссрін сезу және контактты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар. Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.

Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.

Slide 10

,

Сезім мүшелері - сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:

көру мүшесі - көз,

есту мүшесі - құлақ,

дәм сезу мүшесі - тіл,

иіс сезу мүшесі - мұрын,

сипап сезу мүшесі - тері жатады.

Slide 11

Көру анализаторы

Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады. Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар. Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т. б. ) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық - көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- құрту, жою + инфекция - лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада) .

Slide 12

,

Көздің сыртын тығыз а қ қ а б ы қ қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қ а с а ң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын т а м ы р л ы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат - пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қ а р а ш ы ғ ы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т. б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді. Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады . Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 миллион, оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы - сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары дақ бар. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен оның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Есту анализаторы


Ұқсас жұмыстар
Көру анализаторы
ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫ
Дәм қабылдағыштары
Иіс талдағыштары
Есту мүшелері
Дәм сезу механизмі
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
СЕЗІМ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Иіс сезу мүшесі
Дәм сезу мүшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz