ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК


Slide 1

МӘҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Мәңгілік ел идеясы- Ұрпақ болашағы

Slide 2

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем қартасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атау. ОЛ АРМАН - ТҰРМЫСЫ БАҚУАТТЫ, ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚҚАН, ҰРПАҒЫ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙТЫН БАҚЫТТЫ ЕЛ БОЛУ. Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, мақсаттарға жетелейтін идея бар.

МӘҢГІЛІК ЕЛ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САН МЫҢ ЖЫЛДАН БЕРГІ АСЫЛ АРМАНЫ.

Slide 3

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі - мәңгілік елордамызды тұрғыздық. ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК БОЛАШАҒЫН БАЯНДЫ ЕТУГЕ АРНАЛАДЫ. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. ЕНДЕШЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ! Мәңгілік ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан-2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУ БІЗДІҢ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

ОЛ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ

Slide 4

Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес. Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңінен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету болып табылады. Түркі тарихын, түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожа ұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түркі жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұйықық) негізін қалаған идея екендігін жазған. Елтеріс Құтлық екінші түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Түрік елінің билігі осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгіілк идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда. Мәңгілік ел дегеніміз - мемлекеттің ғасырлар ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция (тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер ( шерік деп аталған) пайдаланылды.

Slide 5

Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұратты- Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған.

Тоныкөк

Әрі батыр, әрі шешен, әрі жырау, кемеңгер ақыл иесі.

Күлтегін

Түркі заманының даңқты батыры, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері

Түркі қағандықтардың билеушісі

Білге қаған

Slide 6

Мәңгілік ел идеясы

қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыс- тардың ұлттық идеясына негіз- делген идеология болатынына сенуге болады

Slide 7

Біріншісі - Түр­кі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіште­рін­де) саяси акт - «ма­ни­фест» ре­тінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; Екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында идея­ның теория­лық-философиялық тұр­ғы­дан не­гіз­делуі; Үшінші - Жү­сіп Бала­сағұнның «Құтты білік» дидак­тикалық дастаны.

Көне түркілердің мәңгілік ел идеясыың 3 негізі:

Slide 8

Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі

Зайырлы қоғам және жоғары рухани

байлық

Индустрализация мен тановация негізіндегі экономикалық өсу.

Жалпы еңбек қоғам

Тарих, Мәдениет және тілдің

ортақтылығы

Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу.

Қоғағымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім

Slide 9

Мәңгілік елдің 1 басты құндылығы

Мәңгілік ел -ортақ тағдыр Мәңгілік ел - жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы Мәңгілік ел - қазақстанадықтарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары. Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Slide 10

Мәңгілік елдің 2 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Slide 11

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 3 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Мәңгілік Ел, бұл - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Slide 12

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 4 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Мәңгілік Ел, бұл - Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Slide 13

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 5 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Slide 14

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 6 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ


Ұқсас жұмыстар
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті
Жыраулар поэзиясының тақырыптары
Ассамблеяның ХХІ сессиясында
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
Елбасы және бір сөзінде
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық
Жәнібек пен Керей бастаған қауым әлемге
ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Тұтас түрік елі идеясынан біртұтас Түркістан идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz