Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Презентация қосу
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Шаруашылық жүргізу субъектілерін шағын,
орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу
критерийлері
Астана
наурыз 2015 жыл
Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесі санаттарға жатқызылады:
шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микро кәсіпкерлік
субъектілері;
орта кәсіпкерлік субъектілері;
ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері болып мыналар
айқындалған:
o қызметкерлердің жылдық орташа саны
o жылдық орташа табыс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу мемлекеттік статистика,
мемлекеттік қолдау көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да
нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін тек қызметкерлердің жылдық орташа
саны бойынша критерий пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа
да нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі критерий пайдаланылады: жылдық
орташа сан және жылдық орташа табыс бойынша. Бұл ретте жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламаларымен оны көрсету үшін
басқа да критерийлер қарастырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде қызметкерлерінің жылдық орташа
саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы үш жүз мың еселік
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (594 млн. 600 мың теңге) заңды тұлғаны
құрамайтын жеке кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды
тұлғалар болып табылады.
Микро кәсіпкерлік субъектілері болып қызметкерлерінің жылдық орташа
саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы отыз мың
еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (59 млн. 460 мың теңге) жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының
басқа да нормаларын қолдану мақсаттары үшін келесі көрсетілгендерді жүзеге
асырушы жәке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік
субъектілері, сонымен қатар микро кәсіпкерлік субъектілері болып
таныла алмайды:
1) есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың айналымымен
байланысты қызметті;
2) акциздік өнімді өндіруджі және (немесе) көтерме сатуды;
3) астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау бойынша қызметті;
4) лотореялар өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) мұнай, мұнайөнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және
сату бойынша қызметті;
7) радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
8) банк қызметін (немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру
нарығындағы қызметті (сақтандыру агенттінің қызметінен басқа);
9) аудиторлық қызметті;
10) құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
11) несие беру бюроларының қызметін;
12) күзет қызметін;
13) азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың оқтарының айналымымен
байланысты қызметті.
Қызметтердің жоғарыда аталған түрлерін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер және заңды
тұлғалар тіпті қызметкерлер саны (100 адамға дейін) және табысы (300 000 АЕК) бойынша
критерийлерге сәйкес келген кезде де орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.
Бұдан басқа, критерилердің біреуін асырған жағдайда (саны немесе табысы
бойынша) шағын кәсіпкерлік субъектісі орта кәсіпкерлік санатына көшеді.
Сондай-ақ, осы критерийлер салық салу мақсаттарында
(шағын бизнес субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары
мен ауылшаруашылық тауарларын өндіруші заңды тұлғалар
үшін арнайы салық режимдерін қолдану)
қолданылмайтындығын атап өту қажет, себебі Қазақстан
Республикасының Салық кодексімен саны, табыстары,
қызмет түрлері және т.б. бойынша дербес талаптар
орнатылған.
Орта кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер және
шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылмайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге
асырушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл қызметкерлерінің саны 100-ден 250-ге
дейінгі және табыстары 300 000 АЕК-ден 3 000 000 АЕК-ге дейінгі субъектілер (594 млн. 600
мың теңгеден 5 млрд. 946 млн. теңгеге дейінгі).
Бұдан басқа, орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметкерлерінің саны 100 адамға
дейінгі және табысы 300 000 АЕК-ден аспайтын, бірақ қызметтің бұған дейін аталған 13 түрін
жүзеге асыратын кәсіпкерлер де жатқызылады.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер мен жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асырушы және келесі екі критеридің біріне жауап беретін заңды тұлғалар
болып табылады: қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын және
(немесе) жылдық орташа табысы үш миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын. (5
млрд. 946 млн. теңге).
Ескертпе:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің салығын, бекітілген салықты және бірыңғай
жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қызметкерлер саны бойынша
критерий пайдаланылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының,
өкілдіктерінің және басқа айрықша бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ жеке кәсіпкердің өзін қоса есептегендегі
барлық қызметкерлердің есебімен айқындалады.
3. Жылдық орташа табыс – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патен немесе
жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа
жиынтық табыстарының немесе үшке бөлінген соңғы үш жылдағы табыстарының сомасы.
Басқа елдерді салыстыру үшін:
Германияда шағын бизнес субъектілеріне жылдық
3,7 млрд.
айналымының көлемі 7 млн. евродан аспайтын 4000 теңге
ұйымдар жатқызылады; 3500
Португалияда – шағын бизнес субъекті үшін 2,5 млрд.
3000 теңге
жылдық айналым 12,3 млн. евроға дейінгі соманы
құрайды; 2500
ЕО елдері бойынша орташа есеппен шағын 2000 1,4теңге
млрд. 1,3 млрд.
теңге
кәсіпорындарға тауар айналымы 40 млн. евроға 1500
дейінгі немесе баланстық құны 27 млн. евроға 1000 595 млн. теңге
дейінгі ұйымдар жатқызылады; 500
АҚШ-та шағын бизнес субъектілері үшін жылдық 0
айналым критерилері 20 млн. АҚШ долларына дейін ГерманияПортугалия АҚШ РФ Қазақстан
айқындалған;
Ресей Федерациясында:
Шағын, орта және ірі бизнеске жатқызу үшін қызметкерлер саны мен жылдық айналым
көлемінің критерилері орнатылған.
Микро кәсіпорындарға қызметкерлерінің саны 15 адамнан аспайтын және жылдық айналымы
60 млн. рубльге (шамамен 197 млн. теңге) дейінгі ұйымдар жатқызылады.
Шағын кәсіпорындарға – қызметкерлерінің саны 100 адамнан аспайтын және жылдық
айналымы 400 млн. рубльге (шамамен 1,3 млрд. теңге) дейінгі ұйымдар;
Орта кәсіпорындарға – қызметкерлерінің саны 250 адамнан аспайтын және жылдық айналымы
1 млрд. рубльге (шамамен 3,3 млрд. теңге) дейінгі ұйымдар;
Сәйкесінше, ірі бизнеске қызметкерлерінің саны 250 адамнан асатын және жылдық айналымы
1 млрд. рубльден жоғары ұйымдар жатқызылады. (3,3 млрд. теңгеден аса)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz