Қазақ Ағартушылығы феномені



Дайындаған:Шахабова Аяулым Мархабайқызы Топ:ТП-19-10к1 Тексеруші:Койшибаева Назира Исакуловна
XVIII-XIX ғ соңы аралығындағы қазақ мәдинеті

Жоспар: 1. Қазақ Ағартушылығы феномені 2. Қазақ мәдинетіндегі «Зар заман»феномені 3. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары:Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов

Қазақ Ағартушылығы феномені
19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың басында қазақ саны азая бастады. Оның себебі қазақтың тұрақты жерлерінен қуылуы болды. Столыпин аграрлық реформалары қазақтың толық егістік пен жайылым жерлерінен айыра бастады. 1916-1921 жылдары қазақты ашық қыру басталды. 1921 жылы продразверстка тағы да ашаршылықпен аяқталды. Мәскеу мен Петроградты құтқару ұрандары Қазақстандағы азық түлікті сыпырып жинауға әкелді. Бұл қандықол істі генерал Куропаткин бастады-Колчак, Анненков, Дутовтар жалғастырды. Қазақты жазалауды Қызыл армия жалғастырды. Демографиялық деректер мен есептеулер мынаны көрсетеді:ашаршылық 1928 жылы мал конфискациясынан басталды да 1934 жылы аяқталды. Сол жылы қазақтар Қытай мен Өзбекстаннан, Түркменстан мен Ресейден орала бастады. Аз дегенде тікелей ашаршылықтан 1млн. 610 мың қазақ өлді. 150 мың көрші елдерге босыды. Аталған санға "фоновая смертность" кірген жоқ. 1926 жылғы санақта қазақтың саны 50 мыңға өзбектен артық еді. Сонда бүгінгі қазақтың саны 30 миллион болуы керек еді(өзбектің Өзбекстандағы саны 32 миллионнан асты), ал бүгінгі қазақтың Қазақстандағы саны тек 12 миллион.

қазақ елінде қалыптасқан ағартушылық феноменнің себептері мен қызметтері зерттеліп, олардың Еуропа жəне Ресеймен салыстырғанда басқаша болғаны айқындалып, еліміздегі ағартушылық ойлардың ерекшеліктері, саяси мазмұны бағаланып, талдаған. Көтеріліп отырған мəселелер өз жерімізде қалыптасқан ағартушылық ағымның құндылықтарының əлеуметтік-саяси ортадағы рөлінің маңызын жəне оның терең саяси мазмұнын жан-жақты ашуға бағытталған.

Зар Заман - Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды
Қазақ мәдинетіндегі «Зар заман»феномені

Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары:Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т. б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін . . . созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін . . . Бізде . . . қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады . . . шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж . . . » Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы . . . қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz