ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ЗЕРТТЕУЛЕР


Slide 1

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ЗЕРТТЕУЛЕР

Орындаған: Әлімжан А. Б.

Тексерген: Сембаева А. Ғ.

Slide 2

Жоспар:

Глоссарий

Кіріспе

Ғалымдардың зерттеулері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

ГЛОССАРИЙ

Таным - бұл адамның болмысты бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Адам айналадағы білімді санасына таным әрекеттері арқылы қабылдап, ұғып, еске сақтап, таниды.

Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат- мұраттары, таным мен қызмет ұстанымдары, құндылық бағыттары.

Slide 4

КІРІСПЕ

Қазақ тарихында өмір сүрген ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен шешендер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын қалыптастырды.

Slide 5

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Ш. Уәлиханов зерттеу қолжазбаларында қазақ халқының танымдық ерекшеліктерін сөз өнерімен байланыстырады. Зерттеуші сөз өнеріне аса мән беріп, көшпелі халықтардың өлең-жырға жүйрік келетінін, олардың аяқ астынан суырып салып айту қабілетінің күшті дамығанын ескеруді басты мәселе деп қарайды. Ертеде қазақтың сөз өнері ауызша өрбігеніне

Slide 6

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

ХХ ғасырдың басында қазақ халқына ағартушылық қызмет еткен Ы. Алтынсариннің еңбектеріндегі таным мәселелесі, әсіресе, бала оқытуға арналған еңбектерінен анық байқалады. Ғалым балаға хат танытып қана қоймай, оның танымының кең әрі терең болуына баса назар аударады.

Slide 7

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қазақ тіл білімінде тілтаным теориясына қатысты мәселелер ХХІ ғасырда ғылым деңгейінде зерттелді Дегенмен алғашқы тіл мен таным сабақтастығындағы ой-пікірлердің бастауы ХХ ғасырдың І жартысынан бастап ғылыми зерттеулерде қарастырылды.

Slide 8

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

А. Байтұрсынұлы еңбектерінің тілдің танымдық болмысын ашатын бір тұсы: ол - тілдегі таным мәселесін әлеуметтік лингвистикамен байланыстыратын пікірлері. Тілдің Қоғам алдында қызмет ететіндігін ғалым әр тұжырымында, әр енгізген терминінде, ғылыми пікірлерінде бекітіп отырады.

Slide 9

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

О. Жұбаева: «А. Байтұрсынұлы еңбектерін талдау арқылы ғалымның тіл Жүйесінің негізгі концептуалды құрауыштарын көрсетіп, олардан грамматикада көрініс тапқан ұғымдар (және концептілер) құралатынын түсінгенін, «когнитивті лингвистика», «морфологиялық концепт» т. с. с. атауларды қолданбаса да, бұл саланың өзіндік ерекшелігін терең зерделегенін байқаймыз. Ғалым зерттеулерінде адам сөйлермен, өзіндік әлемі, өзіндік дүниетанымы бар саналы жан ретінде сипатталады»

Slide 10

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қ. Жұбанов адам санасындағы әлем бейнесінің көрінісін тілдің құрылымынан табуғ болатындығын дәлелдейді. «Адам баласының табиғатында әуелі сөзді біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып-білгеннен кейін ғана өзінің басқа затқа ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата айтатыны - өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер реткен.

Slide 11

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қ. Жұбанов: «Таңырқады - таңқалды; таңыр=таң+ыр=тәңір»; Таң =аспан бөлегі; ір=аспан. Бұрын адам өзін кішкене деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан: бет-таң атып келе жатыр. «Таң қалу» деген тіркесті кейде қысқартып таңырқау дейміз. Ұятсыз деуді бетсіз деуіміз де осы конкреттік бар. Бұл қолданыстың да ым тіліннен шыққандығы байқалады

Slide 12

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ тіл білімінің негізін қалыптастырған ғалымдарымыз таным мәселесін әрдайым білім берудегі маңызды компоненттің бірі ретінде санап, білім беру мәселесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданған. Адамның білімі мен ойының ұшқырлығы оның таныммен байланысты. Сол танымдық білімді тіл арқылы кеңейту, ұлттық-мәдени құндылықтарды сіңіріп, бағалау, адамгершілік қасиеттерді ұғыну, Абай айтқандай адам баласының «толық адам» дәрежесіне жету Мақсатында А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектерінің орны ерекше. Ғалымдардың оқу құралдарындағы шәкіртке танымдық білімді тіл арқылы тиімді игертудің үлгілерін ұсынған әдістемелер бүгінгі күнге дейін маңызды.

Slide 13

ПАЙДАНААНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

https://stud. kz/referat/show/6749

https://docviewer. yandex. kz/view/0/?page=48&*=%3D%3D

https://docviewer. yandex. kz/view/0/?page=1&*=%%3D%3D


Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
ТІЛДІҢ УНИВЕРСАЛДЫ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Тіл және сөйлеу
Қазақ тіліндегі саяси метафоралар
Тіл мәдениеті - студенттерге тән рухани құндылықтар көзі
Психолингвистика тарихы
Когнитивтік тіл білімінің лингвистика табиғи бағыты
Тіл мен таным бірлестігі
Когнитивтік лингвистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz