Тағдыр концептісі: лингвомәдени, әдеби және діни репрезенттері


Slide 1

ТАҒДЫР КОНЦЕПТІСІ

Орындаған: Әлімжан А. Б.

Тексерген: Сембаева А. Ғ.

Slide 2

Жоспар:

Глоссарий

Кіріспе

Тағдыр концептісінің репрезенттері

Тағдыр концептісі шығармаларда

Тұрақты тіркестер

Тағдыр концептісі Ислам дінінде

Тағдыр концептісі славян халықтарында

Қорытынды

Slide 3

Глоссарий

Концепт

1. аспектіде, концепт-ақиқат дүниесінің санадағы мәдени, рухани, этикалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады.

2. Психолингвистикалық аспектіде концепт-ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер(қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезу) арқылы қабылданған алғашқы ментальді түсініктер ретінде танылады.

3. Лингвокогнитивтік аспектіде, концепт-ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы танылатын көрінісі(бейнесі) . Әрбір концепті тіл арқылы көрініс табады, концептіні тануда тілдік семалар қызмет атқарады.

Репрезент - Represent (ағылш. ) бейнелеу, өкіл болу, ұғым мағыналарын береді.

Slide 4

Кіріспе

Қазақ халқының болмысында адам баласының өміріндегі сәтсіздіктердің біразы «тағдырға» қатысты. О бастан дүниеге шырылдап келген сәбидің маңдайында болашақ өмірінің тағдыры жазылады, бірақ оны ешкім де білмейді. Адам баласының бақытсыздыққа шалдыққан жағдайда, этнос танымындағы «жазмыштан озмыш жоқ» деген түсінікке сүйенеміз

Slide 5

Кіріспе

«Рас, тағдыр - фаталистік мәндегі күш, бірақ бұл оның бір жағы ғана, одан өзге де тағдырды құрастыратын күштер бар»

Ғ. Есімов

Slide 6

«Тағдыр» концептісінің репрезенттері

«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігін де» тағдыр ұғымы

Діни. Құдіреттің жазуы, жазмыш. Сүйіп қосылған күйеуім өліп, бақытым күйді, тағдыр мені бір емес, аямай екі соқты.

Өмір, тұрмыс, тіршілік. Бәтес екеуіміздің ілгері күндері тағдырымыз қандай боларына көзім жетпейді.

Ауысп. Бір нәрсенің жай - күйі, келешегі, болашағы. Бір аудан тағдырын ойласақ,

Slide 7

«Тағдыр» концептісі шығармаларда

Бұл тағдырға не қылдым?! (Назира Бердалы)

Тағдырға мынау не шара . . . (Ұларбек Дәлейұлы

Кешегі күнге өкпелеп,

Іштегі жырды төкпелеп,

Тағдырға арыз айттық біз,

Күніміз өтті текке деп. (Алмат Исәділ)

Айнала көл, тұптұнық дөңгелек,

Тағдырға тап болдың сен бөлек,

Барымды бағалай алмаған,

Өзіме сол керек, сол керек . . . (Есей Жеңісұлы)

Slide 8

«Тағдыр» концептісі шығармаларда

Ақындар танымында тағдыр:

өзгермейтін өмір заңы;

алдын ала жазылып қойылған маңдайдағы жазу;

тылсым күші мол бір әлем;

жүйкені сыздататын сыз;

адамның өмірі мен тұрмыс, тіршілігі:

сынақтан тұратын өзгеше бір күш

құдіреттің жазмышы;

өмірдегі қателіктер;

махаббатта жолы болмау;

ажал т. б. ;

Slide 9

«Тағдыр» концептісі шығармаларда

Б. Нұржекеев

Д. Исабеков

А. Сейдімбек

Slide 10

«Тағдыр» концептісі шығармаларда

Аққыздың ауылынан шыққан Наймантай шұбар атын жетегіне алып, еш ойланбастан өз еліне тартты. Енді болар іс болды, тағдырдың жазғанын талайымнан көрейін деген тәуекелге келген («Аққыз», 108 б. ) .

«Тағдырдың жазуының қайсысына кез келсем де, Ақбілекке қосыла алмаудан ауыр болар деймісің?! Бәрібір тыныш өмір болмас . . . Әйтеуір ел іші кең ғой, көз көріп, құлақ естімес бір жағына кетсем қайтеді!» деп түйінген («Қыз ұзатқан», 58 б. )

Slide 11

«Тағдыр» концептісі шығармаларда

Қыжымкүлдің бәрі есінде. Тағдырдың көрсеткен азабы аз болғандай, әкесі бастап келген төрт-бес жігіт оны отырған жерінен жұлып алып, ауылға қарай көкпарша тарта жөнелген. Бұл байғұс кінәлі ме, кінәсіз бе, ол жағын еститін құлақ, тыңдайтын адам жоқ. Өлдім дегеніңе елең етпейтін шетінен тас керең, шетінен дойыр. Мырзаларының төгілген абыройын нақ бір осы әрекетімен қайтармақ, оған деген шын көңілдері мен адал қызметші екендіктерін осындай дүлей мінезбен танытып қалмақ («Тіршілік», 314 б. ) .

«Қызымыз қайда», - деп келген ағайын-туыстарына: «Қызыңыз о дүниелік боп кетті. Тағдырдың пешенеге жазғаны шығар», - деп басу айтып, ен далаға сыймай тағы боп жүрген есепсіз малдан қоралап айып төлеп, бәтуаға келеді («Тіршілік», 363 б. ) .

Slide 12

Тұрақты тіркестер

«Тағдырдың тезі»

«Тағдырдың тауқіметі»

«Тағдырдың жазуы»

«Тағдырдың уын ішті»

«Тағдыр жетті»

«Тағдырсыз тәбдік болмас»

«Тағдыры шешілді»

«Тағдырға тап болу»

Slide 13

Тұрақты тіркестер

«Тағдыр қоспау»

«Қатал тағдыр»

«Тағдырға арыз айту»

«Тағдырдың дегенін мақұл көру»

«Тағдырдан таяқ жеу»

«Тағдыр сызы сыздату»

«Төмпешік болған тағдырлар»

«Тағдырды тәрк ету»

Slide 14

Тағдыр концептісі Ислам дінінде

Тағдырыңды өзгертетін ол сенің дұғаң!

Slide 15

Тағдыр концептісі славян халықтарында

Славян, халықтары дүниетанымында «судьба» - құдіреттің өмірді басқарып, бағыттап отырар күші. Орыс тіліндегі бұл сөздің этимологиясы да осыны айғақтағандай: түбірі - «суд» - «Божий суд» (құдайдың әмірі) - «чему быть, тому не миновать»; «не судьба».

Slide 16

Қорытынды

«Тағдыр» концептісі қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың даму дәрежесіне қарамастан, өзінің түп негізінде философиялық танымдық концепт болып қала береді. Өйткені оның философиялық танымдық тамырын дұрыс түсінбеген күнде де ол басқа дүниетанымдық концептілердің, жалпы шындық болмыстың ұйтқысы болмас еді. Бұл концепт ешбір өзгеріске ұшырамай, өзінің абсолюттілігі мен тәуелсіздігін сақтай отырып, прагматикалық және басқа да құбылыстардан жоғары тұрады


Ұқсас жұмыстар
Жол концептісі: қазақ әдебиеті мен фольклорындағы репрезенттер және фразеологиялық өрнектер
Қазақ тіліндегі табыс концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері
Студенттердің сөйлеу тілінің мәдениеті мен лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру
Студенттердің тіл мәдениеті және лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыру
Қожа Ахмет Яссауи: өмірі, шығармашылығы және діни-әдеби мұрасы
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881): өмірі, діни қызметі және әдеби мұрасы
Фразеологизмдердегі мінез-құлық: қазақ және ағылшын тілдеріндегі лингвомәдени және лингвокогнитивтік салыстырмалы талдау
Өмірде өз орынды қалыптастыру: жауапкершілік пен тағдыр
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы Тағдыр және Жүрек концептілеріне концептуалды талдау
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz