Тілдік бейнедегі жүрек концепті: лексика-семантикалық және концептуалдық зерттеу (Абай поэзиясы мен фразеология, мақал-мәтелдер мысалында)


Slide 1

ТІЛДІК БЕЙНЕДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ

Орындаған: Әлімжан А. Б.

Тексерген: Сембаева А. Ғ.

Slide 2

Глоссарий

Кіріспе

Жүрек діни тұрғыда

Фразеологизмдер

Концептілік өрістер

Жүрек концепсінің лексика-семантикалық топтары

Абай поэзиясындағы жүрек концептісі

Өлеңдердегі жүрек концептісі

Мақал-мәтелдер

ЖОСПАР:

Slide 3

ГЛОССАРИЙ

Демесіндер - ақылды, арлы, артық туғандардың мінезі, яғни, олар әртүрлі жамандықтардан бойын аулақ ұстайтындардың тобы. Бұлардың ісі - естілік.

Десіндер - бүгінгі тілмен айтқанда “мені зиялы десін”, “дана екен немесе жақсы десін”, “патриот немесе ұлтшыл десін”, деп азаптанып, арды ұмытқан риякерлердің тобы. Бұлардың ісі - мақтаншақтық.

Slide 4

Жүрек сөзінің сөздік дефинициясын біріктірсек, төмендегідей қорытындыға келуге болады:

КІРІСПЕ

1. Жүрек - қан айналымның оратылық мүшесі

2. Эмоция, көңіл, күйзеліс, сезімнің түйінінің символы

3. Сүйікті адамға қатысты қаратпа сөз

Slide 5

Жүрек діни тұрғыда

Жүрек - иманның тұрағы, Алла тағалаға сенім мекені. Хадисте «Алла тағала адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның жүрегіне қарайды» деп айтылған.

Ислам философиясының көрнекті өкілі Әл Ғазалидің тұжырымдауынша, жүрек барлық мүшелерімен байланысты және «мемлекет әміршісі» секілді оларға билік жүргізеді.

ИБслам философы Әбу Бәкір Мұхаммед ибн әл-Фараби де жүректі «болмыстың бірлігі» турал іліммен байланыстырады. Оның көзқарасы бойынша, адам жүрегіне біртұтас Құдайлық сипат тән.

Slide 6

Жүрегі тас төбесіне шықты

Жүрегі жарылу

Жүрегін жаралады

Жүрегі дір ете қалды

Жүрегі алып ұшу

Жүрегі шайылу

Жүрегі күпті болу

Жүрегі қарс айырылу

Жүрегі елжіреу

Жүрегі тебірену

Жүрегі сыздау

Жүрек жарды сөз

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Slide 7

КОНЦЕПТІЛІК ӨРІСТЕР

Жүрек концепісі

сезім

ақыл

көңіл

ерлік

мейірім

иман

өмір

тірлік

махаббат

сенім

тілек

Тылсым-жұмбақ

тәрбие

адамгершілік

Slide 8

Үміт

Күштілік, батылдық

Есте сақтау

Жеке адамның рухани сипаты

Сезімталдық

Ерін-ауыз

ЖҮРЕК КОНЦЕПСІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

Slide 9

Абай поэзияларында жүрек сөзін 128 рет қолданған. Ақын жүрегі әр түрлі жағдайларға байланысты бірде қамығады, қуанады, өртенеді, көңілі қайтады, үміттенеді. Сезім иесі, ақыл көзі, үміт шырағы, иманның тірегі ретінде қолданады.

АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КОНЦЕПТІСІ

Slide 10

АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КОНЦЕПТІСІ

Десіндер категориясы

Демесіндер категориясы

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ,

Кірмен өлшеп базарға ұстап сатпақ.

Оны сатып, ол кімді уатады?

Оның өзін тағы да кім уатпақ?

Жүректің сөзін сөйле тіл,

Жалғаны жоқ бояма

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңірі үшін

Жүректе қайрат болмаса

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Slide 11

АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КОНЦЕПТІСІ

«Жүрек» компоненті жайында Абай дүниетанымының бейнелі түсініктері, тілдік модельдері (лексикалық бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, образды сөздер т. б. ) концептілердің ішкі мазмұндық құрылымын түзейтін компоненттері болып табылады;

«Жүрек» тіл бірліктерінің концептуалдану процесі Абай поэзиясынан белгілі бір ұлттық-әлеуметтік ортамен тығыз біте қайнасқан құндылықтар бейнесі негізінде жүзеге асады;

Жүрек - адам баласының өмірінде кездескен күйініш-сүйініш, мұң-мұқтаж, қайғы-қасірет дегендердің бәрін қолма-қол өзіне қабылдап тұратын ішкі сезім мүшесі.

«Қайрат», «ақыл», «жүрек» үшеуі (триада) - «жүрек» компонентінің когнитивтік құрылымдары.

Slide 12

Өлеңдердегі жүрек концептісі

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Абай

Қара шашың - Қара теңіз толқыны,

Қарашығың - мен адасар жол түбі…

Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,

Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

Ақберен Елгезек

Slide 13

Өлеңдердегі жүрек концептісі

Махаббат па?

Махаббат болған менде.

Жиі барғам аққулар қонған көлге,

Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

Мұқағали Мақатаев

Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,

Маңдайда емес, жүректе -Ғашықтардың жанары.

Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,

Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Қадыр Мырза Әлі

Slide 14

Мақал-мәтелдер

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке, Адамдық - ақылда, сұлулық - жүректе.

Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы - жүрегінде.

Жүректің сырын Көздің нұрынан байқа!

Тілі басқа - тілегі бір, Түрі басқа -жүрегі бір.

Жүрегіңнің жұмбағын Жүзің шешіп береді, Жүзің шешіп бермесе, Сөзің шешіп береді.

Жүректің жолы - ыстық, Білектің жолы -суық.


Ұқсас жұмыстар
Бүркітшілік және аңшылық фольклоры: мақал-мәтелдер, терминдер мен Абай мұрасы
Лексика мен фразеология: семантика, тұрақты тіркестер және бағалау тапсырмалары
Ақ концепті: семантикалық жіктелуі және ономастикалық көріністері
Тіл құралдарының стилистикасы: лексика-фразеология, грамматика және фонетикадағы стильдік қызмет
Тілдік бірліктер мен контекст: модалділік санатының семантикалық-құрылымдық талдауы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер: синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық
Психолингвистиканың тарихы мен лексика-семантикалық өріс теориясының дамуы
Фразеология және фразеологизмдердің құрылымы, түрлері мен сөйлеммен арақатынасы
Әлем бейнесі: тілдік және ұлттық концептуалдық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz