Мәтіннен сан есім мен етістіктерді тауып жаз


Slide 1

БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

Slide 2

Өткен сабақты қайталау

Біріктіреді -

Босқа -

Қала -

Енді -

Несібе -

Шарт -

Бірігу -

Slide 3

2017 жылы астанада өткен «ЭКСПО» «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналады. Энергияны үнемдеп, баламалы энергия көздерін дамыту жалпы адамзатты алаңдатып отыр. Себебі Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінде халық саны өсуде. Сондықтан болашақта энергияға сұраныс артады. Болашақта энергияны бұзбай, халықты энергиямен қамтамасыз ету қажет. Таза жолмен өндірілген баламалы энергия экологияны бұзбайды. Баламалы энергия Күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су көздерінен алынады. Бұл мәселемен дүниежүзінің ғалымдары айналысып жатыр.

Ғалымдар: «Қазақстанда болашақ су электр стансысы, жел энергетикасы, Күн энергетикасы, атом электр стансасынан алған тиімді», - деп санайды. Болашақ энергиясы арзан, әрі экологияны бұзбайды. Бұл көліктерді энергиямен жабдықтау, үйлерді жылыту, қалаларға жарық беру мәселелерін шешуде тиімді. Осылайша, экологияға, адам денсаулығына қауіпсіз энергия алынады.

Қазақстанда баламалы энергия өндіретін кәсіпорындар бар. Алматы облысында 5 жоба іске асырылған. Өзен суларын босқа ағызбай, баламалы энергия өндіруге қолдануда. Солардың бірі - Текелі қаласындағы «Қора» су электр стансысы. Стансыдағы оператор бүкіл ГЭС-ті басқарады. Қалған жұмыстар да автоматты түрде жасалады. Өзеннен қандай су алынса, сондай таза суды өзенге қайта құяды. Мұнда 28 МВт электр қуаты өндіріледі. Облыста енді 220 шағын су электр стансысы, 3 Күн стансысы, 1 биоэлектр стансысы салынады.

Қазақстанның болашақ энергия жобаларынан несібе алғысы келетін шетелдік компаниялар шартқа отырып, қол қойды. Олар: Сауд Арабиясы, Канада, АҚШ, Қытай елдерінің ірі компаниялары. Шетелдік ірі компаниялар бірігіп, елімізде болашақ энергия көздерін өндіруге атсалысады.

Slide 4

57 бет, 7 тапсырма

Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі қандай тақырыпқа арналды?

Адамзатты қандай мәселе алаңдатып отыр? Неліктен?

Болашақта неге сұраныс артады?

Халықты энергиямен қалай қамту қажет?

Баламалы энергия қайдан алынады?

Ғалымдар қандай мәселемен айналысып жатыр?

Slide 5

Мәтіннен сан есім мен етістіктерді тауып жаз

Сан есім

Етістік

Slide 6

Сан есім - заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша? Неше? Нешеу? нешінші?

Имя числительное

Етістік - заттың іс-қимылын білдіреді. Етістік - "не істеді?", "не қылды?", "қайтті?" сұрақтарына жауап береді.

Глагол

Сан есім

Етісік

Slide 7

57 бет, 6 тапсырма

Оқу тапсырмасы


Ұқсас жұмыстар
Мәтіннен мағыналары жақын сөздерді тауып жаз
Тапсырма арқылы саралау деңгейлік тапсырма
Тұйық етістік тапсырмасы
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ЖАСАЛУЫ
Атаулы сөйлем
Етістіктің түрленуі. Шақ туралы түсінік
Көсемшені табу Көсемшені қолдана
Дара және күрделі етістік
Етістіктің сұрақтары
Наурыз- жыл басы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz