Эволюциялық идеялардың даму тарихы



Эволюциялық идеялардың даму тарихы

Жоспары:
Эволюция жайлы жалпы түсінік;
Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар;
Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы;
Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар;
Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. ;
Преформизм және эпигенез;
Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм) ;
Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы;
Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы;

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" - "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т. б. кеңінен қолданады.
Эволюция ұғымы - уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М. Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш. Бонне (1720-1793жж. ) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге:
1. Дарвинге дейiнгi;
2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi.

Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Гераклит - Эфис ойшылы (б. э. д. 530-470 ж. ) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.

Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады.

Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б. э. д. 460- 370 ж. ) . Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады.

Аристотель

Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде. Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс» және «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.

Аристотель өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген. «Жануарлардың бөлiктерi» атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. «Жануарлардың шығу тегi» деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.

Сонымен, ежелгi заман философтарының көз-қарастарында эволюцианизмнiң маңызды элемент-терi болды:
Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi.
Тiрi табиғаттың сатылап, бiрте- бiрте күрделенуi туралы идеялары.
Ағзалардың бiртұтастығы (корреляция принци-пi) және эмбриогенез, жаңа құрылымдық әрекет-тер туралы түсiнiктер пайда болды.

Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой - пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ - ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі «табиғат жайлы» кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.

Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары - астрономия, геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ - ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында «сипаттау кезеңі» болып есептеледі. Ағылшын философы Ф. Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М. Мальпиги 1661 жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады. 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Р. Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А. Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан - жақты зерттеді.

Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы.
Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды. Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер бiрлiгi керек болды. Мұндай бiрлiк «түр» деп аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол «Өсімдіктер тарихы» атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.

Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней (1707-1778) болды.

Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды.
Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды.
К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды.
Екіншіден, бұрынырақ К. Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды.
Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді.
Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша «басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды.
Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен ситематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға ие болды.

Преформизм және эпигенез
А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал У. Гарвей жұмыртқа жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында миниатюра түрiнде дайын ағза қалыптасқан деп санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша тауық жұмыртқасында дайын шөже бар. Преформистердiң көзқарастарының негiзi онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда болмайды дедi.
.

Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы У. Гарвей эпигенездi енгiздi. Гарвей бойынша эпигенез дегенiмiз - материяның даму тәсiлi және ол бiрден пайда болады әрі дамиды. Сонымен, эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы К. Вольфтың классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай дайын тірі ағза жоқ екенiн, iштегі эмбриональды даму барысында бiртiндеп жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды.
«Ұрықтың iштей салыну» гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш Боннэ партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ «даму процесi алдын ала анықталған» деген ұғымды ұстанды

Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм)
Биология саласында XVII - XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi түрлердiң өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген француз ғалымы Ж. Бюффон болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi ( күйiс қайтаратын жануарлардың күрделi асқазаны ), адам әрекетімен жабайы түрдi, үй жануарларына айналдыру т. б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi бағытта жүредi (прогрессивтi өзгерiстер және дегенерация) . Бюффон эволюциялық түсiнiкке жаңа бағыт бердi. Философтардан Голбах, Дидро, Мапертюларды атауға болады.

Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.

Ахмед ибн Насыр Жайхони
Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына байланысты, жаратылыстану ғылымында тоқырау басталды. Ал, Орта Азия мемлекеттерінде жаратылыстану ғылымының жандана түскен кезеңі болатын. Орта азия оқымыстылары жаратылыстану ғылымына, әсіресе биология саласына көп үлестерін қосты. Ахмед ибн Насыр Жайхони ( б. з. д. 870-912) Үндістаннан, Қытайдан және Орта Азия жерлерінен өсімдіктер мен жануарлар туралы өте құнды мәліметтер жинады. Оның еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары, табиғаттағы маңызы және жергілікті тұрғындардың пайдаланып жүрген түрлері туралы жазылған.

Әбу Насыр әл-Фараби ( б. з. д. 873-950)
Ботаникаға, зоологияға және адам анатомиясына қатысты өз пікірлерін жазып қалдырған. Ол жаны бар тірі ағзаларды ойлай алатындар және ойлай алмайтындар деп бөлді. Ойлай алатын жоғарғы сатыға адамды қойды. Адамның шығу тегін жануарлармен байланыстырады. Адам ағзасының ауру себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп көрсетеді. Табиғатта өздігінен табиғи сұрыпталудың бар екендігін айта келіп, халық өзіне қолайлы түрлерді алу үшін қолдан сұрыптау әдісдерін жүргізіп отыратынын айтады.

Абу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz