Өсімдік шаруашылығы: дәнді, бақша және техникалық дақылдардың негізгі салалары


Slide 1

Презентация

Тақырыбы Өсімдік шаруашылығы

Slide 2 Slide 3

Өсімдік шарушылығы

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Оның басты еңбек нысаны жасыл өсімдік. Егіншілік тәжірибесі шеңберінде экономикалық және басқа қатынастарда тұрып, өсімдік еңбек нысаны ғана емес, еңбек құралы да болады. Өсімдіктер - еңбек нысаны болып сорттарды жақсарту мен жаңа сорттар шығару, ауыспалы егіске алғы дақылдар таңдау, тұқым себу нормаларын белгілеу және т. с. с. басқа да процестерде адамның өзіне әсерін сезінсе, еңбек құралы ретінде - күн жарығының кинетикалық қуатын органикалық қосылыстардың потенциалдық қуатына айналдырады.

Slide 4

Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі - бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды.

Slide 5

Дәнді дақылдар

Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15-20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35-40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында - Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т. б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл - бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.

Slide 6

Күріш

Күріш - тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері - Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т. б. ) күріштен жылына екі рет өнім жиналады.

Slide 7

Жүгері

Жүгері (маис) -Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер - АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер.

Slide 8

Техникалық дақылдар

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі - техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.

Slide 9

Талшықты дақылдар

Талшықты дақылдардың ең маңыздысы - мақта. Ол жылу мен ылғалды аса көп қажет етеді. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды. Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта өсірушілер - Азия елдері, 2-орынды - Америка, 3-орынды Африка елдері иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Көпшілік елдер қысқа талшықты мақта егеді, өте бағалы ұзын талшықты мақта өсіруден Египет ежелден-ақ танымал. Басқа талшықты дақылдар - зығыр мен джуттың таралу аймағы анағұрлым шектеулі. Дүниежүзілік зығыр өндірудің 3 4 бөлігі Ресей мен Беларусь Республикасына, ал джут өндіру Үндіста мен Бангладештің үлесіне тиеді. Табиғи каучук беретін гевея ағашының плантациялары алғаш XIX ғасырда Оңтүстік Америкада қолға алынған болатын. Кейіннен ол Азияға ауысып, қазір Азия елдері табиғи каучук өндірісінің басты ауданына айналып отыр. Әсіресе Таиланд, Индонезия мен Малайзия ерекше көзге түседі.


Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік өсімдік шаруашылығы: астық, техникалық және бақша-жеміс дақылдары
Дәнді дақылдардың қара күйе аурулары және олармен күресу әдістері
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру жағдайлары және дәнді дақылдардың сапасы
Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы: салалары мен таралу ерекшеліктері
Дәнді дақылдардың құрылысы, ұн дайындау технологиясы және тағамдық-гигиеналық көрсеткіштері
Дәнді дақылдардың сары таты: қоздырғышы, даму ерекшелігі және күресу шаралары
Дәнді дақылдардың сабақ таты ауруы: қоздырғышы, таралуы, зияндылығы және күресу шаралары
Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы: салалар, таралуы және негізгі ерекшеліктері
Ғылыми-техникалық прогрестегі биотехнология: анықтамасы және негізгі салалары
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен қаракүйе аурулары: тұқым сапасына әсері және сақтаудағы қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz