1-сыныпта 10 санын және цифрын оқыту: мақсаттар, әдістемелік жоспар және бағалау


Slide 1

Сынып: 1

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары( оқу бағдарламасына сілтеме)

1. 1. 1. 1. Санау барысында сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну: 10 көлемінде сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

Сабақ

мақсаттары

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

Жоламан орта орта мектебі МДШО КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Кушбаева Фарида Идрисовна

Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтауды, 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуды үйрету.

Барлық оқушылар:10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтайды

Көптеген оқушылар:10 көлеміндегі сандарды қосып, азайта алады. Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ажыратады

Кейбір оқушылар: Өрнекті оқиды, жазады, салыстырады

Slide 2

Белсенді әдісі

Дескриптор: Жемістердің артында қандай белгілер жасырынғанын « +, -» табады.

Жемістерді санайды.

ҚБ: Мадақтау сөздер

«Тамаша» - толық жауапқа

«Жақсы» - толық емес жауапқа

«Шіркін-ай» -қалыпты жауапқа

.

Кім тез табады? Жұмбақ шештіру

Гүлге келіп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бүл ара.

Сонда бүгін гүлге енді

Келіп қонды қанша ара?

(10 ара)

1+9= 10

Жауабы : 10 ара

«Сұрақ -жауап» тәсілі

Мақсат: Сұрақ қою, жұмбақ шешкізу, ой қозғау арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашуға жетелеу.

Адамның дене құрылысында 10 санын құрайтын қандай мүше бар?

Қимылмен саусақтарды қосу.

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 саусақ.

Оң аяқта бес башпай

Сал аяқта бес башпай

Қосып едім екеуін болып шықты он башпай.

-Балалар, сонымен біз қай санды айттық.

Оқушылардың жауабы:10 саны.

№1-тапсырма (ЖЖ)

Белсенді оқыту «Кім тез табады?» ойыны

Жемістердің артында қандай белгілер жасырынғанын тауып көр.

Белсенді оқыту- оқушының мұғалімді енжар ғана тыңдап қоймай, жұмысқа тартылуын оқыту және оқу әдістерінің бірі

Slide 3

Белсенді оқыту «Көркем жазу» тәсілі

10 санын үлгі бойынша жазу.

2-Тапсырма «Болжау» әдісі :10 санын әр түрлі тәсілмен ал:

Бағалау критерийлері:

-Бір таңбалы сандарды қосады, жазады

және оқиды.

10 санын алу үшін қандай санға қандай санды қосуды біледі, қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні деп сөйлеуге дағдыланады

3-тапсырма: Жемістерді сана және 10 шығу үшін неше жеміс қосамыз оқулықтағы тапсырманы орындайды.

.

Дескрипторлар:

Бір таңбалы сандарды анықтады, жазды

Қосудың компаненттерін айтуға жаттығады.

«Басбармақ» тәсілі арқылы бағалау

Сергіту сәті: Санау әні

( видео)

?+? =10 ?+? =10 ?+? =10

?+? =10 ?+? =10 ?+? =10

?+? =10 ?+? =10 ?+? =10

?+?= 10 ?+? =10 ?+? =10

Slide 4

Саралау әдісі

№4 тапсырма

Саралау әдісі «Тапсырма» тәсілі

Мақсаты: білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

«Сәйкестендіру» әдісі балықтарды орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстыр. 10 санының натурал сандар қатарындағы орнын анықта.

Амалдарды қолданып, өрнек құр.

4 1 7 3 6 9 8 2 10 5

Барлық оқушы: балықтарды орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырады.

Көптеген оқушы: 10 санының натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Кейбір оқушы: Амалдарды қолданып өрнек құрастырады.

ҚБ: Бағалау: «Бағдаршам арқылы бағалау»

Саралау дегеніміз- тапсырманы оқушылардың тәжірибесінен білімі мен қабілеттеріне қарай білу

Slide 5

№5-тапсырма (ЖЖ)

Саралау әдісі «Қарқын» тәсілі

Мақматы: Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Негізгі тапсырманы түсіндіруге көмек қажет оқушыларға біршама уақыт беріледі.

«Мен не үйрендім?»

1. Әр қапта10 көгөніс болатындай етіп суретті толықтыр:

Барлық оқушы: қапта10 көгөніс болатындай етіп суретті толықтырады.

Көптеген оқушы: Берілген өрнектер тура болатындай дөңгелектерді жасыл және қызыл қарындашпен бояйды.

Кейбір оқушылар: Өрнекті оқиды, жазады, салыстырады.

ҚБ: тапсырманы орындау күрделігінеи қарай «Күлегештер» әдісімен бағалау(үлкен, орташа, кішкене) мұғалімнің бағалауы

2. Қосу амалына мысалдар құрастыр

Slide 6

5- тапсырма: «Бірге ойлаймыз» ?

Бір таңбалы сандар нешеу ?

Екі таңбалы сандар нешеу ?

Дескрипторлар:

Бір таңбалы сандарды толық таниды.

Екі таңбалы санмен танысты, меңгерді

Сандарды оқып, жазып, салыстыра алады.

Бағалау: «Үш шапалақ » арқылы бағалау

Кері санамақ:

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарын кему ретімен санай отырып сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып санамақ айту.

10 ойланып, 9 толғанып,

8 рет сызып, 7 рет қиып,

6 рет қарап, 5 түйме қадап,

4 қайта қарап, 3үкі тағып,

2 көзім талып, 1 бөрік тіктім

№6 тапсырма Белсенді оқыту «Сұрақ қою және талқылау» тәсілі мақсатқа бағдарланған сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан әртүрлі оқушыларды пікірталасқа қатысып отыруына көз жеткізу

-Бір таңбалы санды атаңдар. Олар неге бір таңбалы сандар деп аталады?


Ұқсас жұмыстар
Оқу-әдістемелік жоспар: 1-сынып математикасы - 5-10 сандарының құрамы, ойын сабақ Тапқыр болсаң тауып көр
Орта мерзімді жоспарлау кестесі: SMART мақсаттар, оқыту әдістері және бағалау
Бастауыш сыныпта Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту: теориялық негіздер мен әдістемелік сабақ жүйесі
8-сыныпта жай сөйлем синтаксисін оқыту: ізгілендіру технологиясының әдістемелік негіздері
PAINT графикалық редакторы бойынша оқу-әдістемелік жоспар (1-5 сабақ)
Бастауыш сыныпта теңдеулерді оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта әріпті өрнектер мен теңдеулерді оқыту әдістемелері
20 саны мен цифрын оқыту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
10 саны мен цифрын таныстыруға арналған сабақ жоспары: біртаңбалы және екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
2-сыныпта саралау, диалогтік оқыту және қалыптастырушы бағалауды енгізу: Отбасым мақтанышым жобасы мен әдістемелік рефлексия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz