Аналь ішек




Презентация қосу
Zhansugurov College

Пән атауы: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Оқытушы: Карасаева А.И.
Бағалау критерийі

• 1.САБАҚҚА ҚАТЫСУЫ – 10 БАЛЛ
2.ӨЗ ПІКІРІН БІЛДІРУ- 20 БАЛЛ
3.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН УАҚЫТЫЛЫ ӨТКІЗУ –
20 БАЛЛ
4.САБАҚТАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ – 20 БАЛЛ
5. ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРУІ-10 БАЛЛ
6. МАТЕРИАЛДЫ ТОЛЫҚ МЕҢГЕРУІ – 20
БАЛЛ
АДАМНЫҢ АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне
грекше: systema — бүтін, байланысқан,
жүйе;лат. digestoria — асқорыту)
- адам организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу,
қорыту, сіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару
қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту
жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту
бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік
тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас
бөлімді — ауыз жұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді -
өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы
ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі
асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді -
жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Бауыр Өңеш
hepar Асқазан
esophagus
ventriculus

Өт қабының өзегі

Өт қабы
Ұйқы безі
Ұлтабар Ұйқы безі өзегі
pancreas
Ауыз қуысы.
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma —
ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі.
Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек,
тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз
қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс
тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай
аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз
қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін,
ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы
қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол
жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ
тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының
түбін тіл құрайды.
Қатты таңдай
Тілшік Palatum durum
uvula Жұмсақ таңдай
Palatum molle

Таңдай бездері
Тіл tonsila palatini
lingua
Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу
рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда,
жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм
сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті,
ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм
сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-
50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу
жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан
тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы
мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал
рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі
ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты
бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы
жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см.
Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады.
Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа
жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да
өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен
байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-
қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар
ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен
түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу
бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның
жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті
астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған.
Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің
ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын
жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы
тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.
Асқазан — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің
астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын - іші қуыс
қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш
ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап
жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі
бағытта орналасқан. Ішкі қабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина тәрізді, ал
сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі
(шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі
бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан
жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .
Аш ішек
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның
ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей
бөлімі - улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және
үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген
сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін
түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру
бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина
тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-
оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.
Он екі елі ішек
Алдыңғы ішектің соңғы бөлімінен, және ортаңғы ұрықшаның алдыңғы
бөлімінен өседі. Қыртыстар бұлшықет қабықшасы бүртікшелер әлсіз
байқалады. Бокал тәрізді клеткалар көп. Шырышты және шырыш асты
қабықтың дәнекертіні ретикуллярлы элементтерге бай. Бұл жерде дифузды
орналасқан лифоциттер жинақтары көп.
Он екі елі ішек құрылысының ерекшелігі – шырышасты негізде
дуоденальді бездердің орналасуы. Сонымен қатар ең ірі ас қорыту бездері –
ұйқы безі және бауырдың өзектері ашылады.
Тоқ ішек
• Тоқ ішек (ободочая кишка) (intestinum
crassum, лат. intestinum — ішек, crassum — тоқ)
— асқорыту жүйесінің соңғы бөлімінің ортаңғы
бөлігі. Тоқ ішектің қабырғасы ішкі —
кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы —сірлі
қабықтардан тұрады. Оның кілегейлі
қабығында ішек бүрлері болмайды. Ол
бірқабатты призма тәрізді эпителиймен
астарланған. Тоқ ішекте қорытылған қоректік
заттар толығымен сіңіріліп, қорытылмаған азық
қалдықтары нәжіс түрінде сыртқа шығарылады
Тоқ ішек
Colon ascendens
Кесілген аш ішек

Тоқ ішектің
басталған бөлімі

Соқыр ішек
ceacum
Тік ішек
rectum
Аналь ішек
Ас қорыту жүйесі
Ауыз Жұтқ Өңеш асқаз Аш Тоқ Ұйқы бауыр
ыншақ ан ішек ішек без

Асты Жұту , жылж Ас ас Аш Сөл Өт
ұсақтау жылжы ыту қоры сіңірі ішектің бөлед бөледі,
жалғас
Қызметі Ас
қорыту
ту тыла леді
ы,ашы
і, ішкі улы
ды татын Секре заттар
жүйесіне ды
микро ция
өткізу зиянсыз
организ қызм
мдер ет дандыр
болады атқар ады
ады

Байланыс Қорек заттарын ағзаға сіңірлетін заттарға ыдырату және
организмге сіңіру
Нәтижесі Организм өседі, жасуша жаңартылады, ұлпаларды қалпына
келтіреді және энергия пайда болады.
Проблема Ас қорыту жүйесі өз қызметін атқару үшін қандай
жағдайлар қажет?
Жұптық жұмыс
•1 - Ауыз қуысының қурылысы мен
қызметі
•2 –Жұтқыншақпен өнештің қурылысы мен
қызметі
•3 -Асқазанның қурылысы мен қызметі
•4 -Аш ішектің қурылысы мен қызметі
•5 -Тоқ ішектің қурылысы мен қызметі
Үй жұмысы

№1.кестені толтыру
№2. «Тістердің түрлері», «Ауыз қуысының күтімі»туралы мәлімет жазу.

Ас қорыту жүйесінің Жас ерекшеліктері. Атқаратын қызметі
мүшелері

Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балықтар қаңқасы
Құрттар бөлімі
Сүйекті балықтар
Шеміршекті және сүйекті балықтар класы
Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары
Буылтық құрттар типі нареиданың ішкі құрылысы
Бас көкіректің аяқ - қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары
ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КЛИЗМА ҚОЮ
Ас қорыту жүйесі
Жануарлардың ішек құрылысы
Пәндер