КӨСЕМСӨЗ МҰРАСЫ



: Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім кеңістігінен сүбелі орын иелену үшін бүгінгі және болашақ жастарға әдебиетіміз бен мәдениетіміздің кезінде жабулы қалған ақтаңдақ беттерін ашып беру міндеті тұр. Қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан мәдени, рухани ұлттық қазынасын білім алушылардың бойында оқу үрдісі арқылы қалыптастыру әр пәнінің басты міндеті болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді» [7. 11. ], - деген сөзі болашақ ұрпақ тәрбиесінде білім алушыларды ұлттық мұрағаттарды қадірлей білуге және өз тарихын құрметтеуге үйретеді. Бұл сөз сонымен қатар ұстаздардың да алдына зор міндеттер қояды. Себебі, ұлттық сананың оқушы бойында қалыптасуы мәдени-рухани, тарихи материалдарды игерумен ұштасады.
Қазіргі кезде ұлттық өнердің және мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің тарихы мен оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына зор жауаптылықпен қарау, шынайы дұрыс бағасын беру - келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс.
Жүсіпбек Аймауытов - керемет дарын иесі. Ол ақын, драматург, проза мен әдеби қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосты. Ж. Аймауытов бай әдеби мұра қалдырды. Ол қазіргі қазақ әдебиетіндегі драма мен роман жанрының негізін салушылардың бірі. Жазушының көркем шығармаларының тақырыбы кең, көркемдік құндылығы бай, тілі жатық және өзіндік стильдік ерекшеліктері бар туындылар.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері.
Ұлы тұлғалар - өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Солардың бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Алаш қай-раткері, шабытты жазушы, шалқар прозашы, әдебиеттанушы, дарынды драматург, педагог, мұғалімдер семинариясының түлегі Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығар-машылыған шолу жасай отырып, әдеби-сыни мақалаларын зерделеу. Қазақ әдебиеті тарихында дара орны бар Ж. Аймауытовтың көп қырлы тұлға екендігін дәлелдеу Тәуелсіздікке жету жолында халқының болашағы үшін құрбан болған алаш азаматтарының өнегелі өмірінен, қайраткерлігінен үлгі алу.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
«Сарыарқа» газеті мен Жүсіпбек. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Ж. Аймауытовтың әдеби-сыни еңбектері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Ж. Аймауытұлының қазақтың бас ақыны Абайға арналған сыни мақалалары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
Ж. Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты сыни мақаласы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Кіріспе
Ж. Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар», Мағжанның мұра-мирастары «Мағжанның ақындығы туралы», театр табиғаты мен тағылымдары «Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы», сөз өнерінің сырлары «Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары», әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстарын «С. Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С. Торайғырұлының жиналған сөздері», т. т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды Ж. Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында - Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді шешендігі» . . . Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас.

«Сарыарқа газеті және Жүсіпбек
Ұлттың мүддесін, елдің қамын жеген, Алаш Орда өкіметінің «Қазақстан» кейінгі екінші тынысы болған шығып тұрған уағында қырдағы қалың ел арасына кеңінен тараған басылымның бірі - «Сарыарқа» газеті. «Сарыарқада» Алаш партиясының саяси бағдарламасы, Алаш Орда өкіметінің қаулы-қарарлары, саяси мәні бар жеделхаттары, т. с. с. қазақ тарихы үшін құнды дүниелер саналатын құжаттар жарық көрген.
Жүсіпбек Аймауытұлының «Сарыарқа» газетінде жарыққа шыққан бірнеше мақаласы бар. Солардың алғашқысы «Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар!» деп аталады. Империяда монархия құлап, келмеске кеткен соң «бостандық» және «теңдік» ұраны көтеріліп, ел арасына демократия, теңдік идеясы тарай бастайды. Жүсіпбек бостандық ұғымының тарихи мәнін, саяси астарын, қоғамдық маңызын қыр қазағына ашып жеткізіп беруге ұмтылады. Ол «біздің қара халық бұ теңдік, бұ бостандық кімге келген теңдік, бостандық, неменеге болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты» деп жаза келіп, «әуелі сөзге бостандық беріледі» деген түйінін айтады. Бостандық ұғымының негізгі принциптеріне кеңінен тоқталған көсемсөзші оның қоғамдық-саяси маңызын ашып көрсетуге тырысады.
Жүсіпбек өз мақаласында төңкеріс бостандығы әуелі қалың бұқараға керек деп байлам жасайды. Сөз бостандығы келді, қара халық, сөзіңді тыңдайтын хакімдер бар деген насихат айтады. Елдің игі жақсыларына да арнап: « Кел, мырзалар! Заман ыңғайы шалғырт, шенқұмарлық көксеп, бұзықтық шығара бермей, өткенге қанағат қылып, кешу алып, келешекте түзеліп, жанды олжа көріп, тек жүрсек, тоқ жүреміз» деп жазады. Жоқ-жітікті қанағанды қойып, мемлекет болу ұранын қолдайық, іргелі ел болуға жұмылайық деген тілегін білдіреді.
«Сарыарқа» газетінде жарық көрген осындай мақалаларынан Жүсіпбек Аймауытұлының ел келешегіне қажет әлеумет істеріне араласқанын аңғарамыз, баспасөзде заман ағымына сай қоғамдық жөне әлеуметтік мәні зор мәселелерді қозғағанын көреміз.

Ж. Аймауытовтың әдеби-сыни еңбектері.
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан - Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.
Ж. Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С. Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С. Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т. т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290] .
Ж. Аймауытұлы адам, қоғам, кезең хақында //«Қазақтың өзгеше мінездері», «Партия», «Пара алу тоқтала ма?»//, ағартушылық-гуманистік һәм тәлім-тәрбие туралы //«Жаңа мектеп туралы», «Журнал туралы», «Емлені өзгертуге жоба», «Мектеп қандай болу керек», «Хат таныту әдістері» // қазіргі кезеңде де мән-маңызы айырықша болып табылатын мақалаларында ұлт мұратын, елдік һәм ұрпақ ұлағатын, мәдени-рухани мәселелерді кең көлемде қозғайды.
Ал «Әдебиет мәселесі», «Әдебиет мұралары», «Көркем әдебиетті саралау» сынды мақалаларда қазақ сөз өнерінің табиғаты, арғы-бергі тарихы мен тағылымдарына кең орын беріледі. Айталық, алғашқы мақалада «әлеуметтің зор құралы - әдебиеттің» мұрат-міндеттері сөз етіледі. Қазақ әдебиетінің төңкерістен бұрынғы бағыттары мен орын-үлестері, күнгейі мен көлеңкелі тұстары кеңінен сараланады. Ал, «Көркем әдебиетті саралауда» төңкерістен кейінгі қазақ сөз өнерінің белгі-ерекшеліктері, артық-кем тұстары жан-жақты қозғалады. Әдебиеттің халықтық мұраты, көркемдік-эстетикалық қуаты, рухани нәрі нақтылы көрсетіледі. Халықтық сипаты, көркемдік қайнарлары айқындалады. Басты мұраты, мәні ашылады.

Ж. Аймауытұлының қазақтың бас ақыны Абайға арналған сыни мақалалары.
Ж. Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында - Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді шешендігі» . . . Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті болуына лайық».
Маңыздысы, Абай мен оның айналасы, ақындық өнердің өзіндік ерекшеліктері, өлең сөздегі сыр мен сымбат үйлесімі, сезім мен сүйіспеншіліктің мөлдір шықтай тамшылары терең тебіреністермен табиғи жеткізіледі. Ақын мұраты, оның өрісті өнері мен өрнекті үлгі-өнегелері кең көлемде көрсетіледі. Абай мұрасындағы ел-жер, өмір-тұрмыс, еңбек-уақыт шындықтары - адам әлемі, келелі келешек хақындағы толғам-толғаныстармен байланыста беріледі.

Ж. Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты сыни мақаласы
«Мағжанның ақындығы туралы» (Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама) атты мақаланың орны бөлек. Мақала авторы бастапқы тұста М. Жұмабаев шығармашылығы, соның ішінде ақындық өнері хақындағы мақсат-мұраттарын қалың көпшілік алдына жайып салады: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек. . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz