ОКСИГЕНАТТАР ТАҚЫРЫП


Slide 1

Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау 12 апта Тақырып: Балама отындар. Оксигенаттар

Дайындаған: ХТОВ-31 тобы студенті Капизов М. с

Тексерген: Сатаева с. с

Slide 2

Баламалы отындар (латын тілінен аударғанда екеуінің біреуі) негізінен мұнайға қатысты емес шикізаттан шығарылады, олар мұнай отынында жұмыс істейтін энергияны тұтынатын қондырғыларды пайдаланудан (қайта қалпына келтіргеннен кейін) мұнай тұтынуды азайту үшін қолданылады.

Қазіргі кезде балама отындарға мыналарды жатқызады:

табиғи газ - метан (СН4) ;

сұйытылған көмірсутекті газдар - пропан (С3Н8), бутан (С4Н10) және олардың қоспалары;

спирттер - метанол (СН3ОН), этанол (С2Н5ОН) және солардың негізіндегі өнімдер;

биоотындар;

сутегі (Н2)

Slide 3

Балама отындарды үш топқа бөле отырып олардың жалпы сыныптамасын келтірейік:

Бірінші топқа мұнайдан алынбаған үстемелер (спирттер, эфирлер және т. б. ) ендірілген мұнай отындары жатады, олар пайдалану қасиеттері бойынша дәстүрлі мұнай отындарына жақын

Slide 4

Екінші топқа қасиеттері бойынша дәстүрлі мүнай отындарына жақын, алайда газ тәріздес, қатты немесе сұйық шикізатты (табиғи газ, көмір, жанғыш сланецтер және т. б. ) өңдеу кезінде алынатын жасанды сұйык отындар жатады. Мысалы, оған табиғи газды синтез-газға және одан ары метанол немесе көмірсутектерге өңдеу, технологияны жатқызуға болады

Slide 5

Үшінші топқа мұнайдан алынбайтын, физика-химнялық және пайдалану қасиеттері бойынша дәстүрлі мұнай отындарынан едәуір ерекшеленетін отындар (спирттер, табиғи және ілеспе газ, сутегі және т. б. ) кіреді

Slide 6

Оксигенаттар

Балама отындардың ішінде спирттер (төмен молекулалық спирттер - метанол, этанол, изопропанол, изобутанол) немесе құрамында көмірсутекті отынмен (бензин, дизель отыны) қатар оттекқұрамды қоспалары бар оксигенатты деп аталатын отындар маңызды орын алады. Оксигенаттар ретінде спирттер (метанол, этанол және т. б. ), сондай-ақ метил-үшбутил эфирі (МҮБЭ), метил-үшамил эфирі (МҮАЭ), этш-үшбутил (ЭҮБЭ) және т. б. қолданылады.

Slide 7

Оксигенаттар

Артылықшылықтары

Кемшіліктері

Спиртті отындар

жоғары антидетонациялық қасиеттері, бұл жану камерасындағы сығымдау дәрежесін 12-14-ке дейін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

спирттердің жану температурасы бензиндердің жану температурасынан төмен, бұл пайдаланылған газдардағы азот тотықтарының мөлшерінің азаюына алып келеді, өйткені олар 1090°С-тан жоғарыда түзіледі;

спирттердің молекуласынды оттегі атомыныың болуы отын: ауа стехиометриялық ара қатынасының азаюына, соның салдарынан жану жылдамдығының артуы мен пайдаланылған газдардағы СО мөлшерінің төмендеуіне алып келеді.

отынның бұл түрлерінің гигроскопиялылығы және бензинмен қоспасында су болған жағдайда этил спиртінің бөлінуге бейім болуы;

кемірсутекті отындарға қарағанда жану жылуының төмен болуы, бұл қозғалтқыштың қуат сипаттамаларына кері әсер етеді;

көмірсутекті отындармен салыстырғанда спирттердің көлемдік энергия тыгыздығының төмен болуы, бұл спиртті отынның шығыңын 2 есе дерлік арттырып, жүрістің бірдей қорын қамтамасыз ету үшін отын багының көлемін 2 есе дерлік арттыру қажет.

Метанол және бензин-метанолды отындар.

Метанолдың бензиндегі оңтайлы мөлшері -5-тен 20 %-ға дейін; мұндай концентрацияларда бензин-спирт қоспасы қанағаттанарлык пайдалану қасиеттерімен сипатталып, айтарлықтай экономикалық тиімділік береді.

Сусыз метанол кәдімгі температураларда бензинмен кез келген қатынаста араласады, алайда болмашы судың түсуінің өзі қоспаның қабаттанып бөлінуін туғызады. Сондықтан метанол қосындыларын қолдануды қиындататын неғұрлым маңызды мәселелердің бірі бензин- метанол қоспалары тұрақтылығының төмен болуы және олардың суға сезімтал болуы, осының салдарынан қоспаның қабаттанып бөліну мүмкіндігі және су-метанол фазасының тұнуы

Slide 8

Оксигенаттар

Артылықшылықтары

Кемшіліктері

Этанол және бензин-этанолды қоспалар

жылу тудыру қабілетінің жоғары болуы - метанолдікіне қарағанда 35%-ға жоғары;

бензиндегі ерігіштігі жақсырақ;

резеңке-техникалық және металл бұйымдарға қатысты коррозиялық агрессивтілігінің төменділігі;

уыттылығының әлдеқайда төмен болуы;

құрамында этанол бар бензиндердің детонацияға қарсы тұрақтылығы жақсырақ.

Алайда этанол мен метанол бірқатар кемшіліктеріне байланысты дизель отынына қоспа ретінде кеңінен таралған жоқ. Олардың ішіндегі бастылары құнының жоғары болуы және қорларының шектеулі болуы.

Эфирлер негізіндегі отындар

Октан сандары едәуір жоғары және каныққан булар қысымы төмен болуы себепті эфирлер бензиндер құрамындағы ароматты көмірсутектер мен бутан фракцияларын алмастыра алады.

Автокөлікдерге арналған жанар майды қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қарағанда қауіпсіз етуге мүмкіндік береді (жану өнімдерінде ауыр металдардың тотықтары болмайды, көміртегі тотығы мен күкірт тотықтарыньщ мөлшері азырақ) . МҮБЭ-де оттегінің болуы отынның жану үдерісін жеңілдетіп, қозғалтқыштың үнемділігін арттырып, шығарылымдардағы жану өнімдерінің мөлшерін азайтады.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып - бүкіл мәтіннің жаны
Тақырып таңдауға қойылатын талаптармен таныстыру
Фармацевтикалық өндірістегі әрбір процесті автоматтандыру бойынша сапаны бағалау әдістері мен бағ дарламалары
Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері
Рефераттық жұмыстың басқа жазба жұмыстарынан ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері
Түйсік пен қабылдау
Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек
Таза тақта. Қар кесегі. Бір сөйлеммен түйіндеу
Тақырып және мәңгілік тақырыптар
Сабақ құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz