Кеден органдарының міндеттері


Slide 1

Кеден органдарының мәртебесі мен олардың міндеттері.

Дайындаған: Қырықбай Темірлан

Тобы: ҚТ-19-ҚБ-03

Тексерген: Дюсебаев Т. Т.

Slide 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ

1) кеден ісі саласындағы уəкілетті органнан;

2) кеден ісі саласындағы уəкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерінен;

5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.

Slide 3

Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын жəне заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдігі;

4) жариялылық принциптерінде құрылады.

Slide 4

Кеден органдарының негізгі міндеттері

Кеден органдары Кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешуді:

1) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жəрдемдесуді;

2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының жəне өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді;

3) кедендік операциялар жасауды жəне кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара əкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді;

4) кедендік төлемдерді жəне салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы жəне өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын жəне уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды;

5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді;

6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді жəне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасауды

Slide 5

7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін,

адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер əлемін, қоршаған

ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше

мемлекеттердің халықаралық шарттарына сəйкес Кеден одағына мүше

мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды жəне (немесе) валюталық

құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы

өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді

заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл

жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қылмыстық жəне

əкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды жəне жолын

кесуді;

9) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік

меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуді;

10) кедендік статистиканы жүргізуді;

11) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді əзірлеуге қатысуды жəне

іске асыруды;

12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен

экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды жəне

жетілдіруді, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін

тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді

оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасауды;

Slide 6

14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды,

сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды

өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды;

15) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық

міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді жəне Қазақстан

Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын əзірлеуге

қатысуды;

16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының

материалдық-техникалық жəне əлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;

17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жəне

тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық

бақылау жүргізуді;

Slide 7

Кеден органдарының құқықтары

Кеден органдары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан жəне шет

мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті

жүзеге асыратын тұлғалардан жəне тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты,

сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мəліметтерді сұратуға жəне

алуға;

2) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің əр түрлі салаларының

мамандарын тартуға;

3) Кеден одағының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз

шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су жəне əуе кемелерін

мəжбүрлеп қайтаруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес соттарға талап қоюға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кеден ісі саласында құқық

бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға жəне Қазақстан Республикасының

кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес фактілер мен

оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне жəне дыбыс жазба жасауға, киноға жəне

фотосуретке түсіруге;

7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының

халықаралық шарттарына сəйкес шет мемлекеттерге жіберуге;

Slide 8

8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін жəне деректерді беру жүйелерін,

кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау

құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірлеуге, жасауға,

иеленуге жəне пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кеден органдарына

жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық жəне өзге де

құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді қоса алғанда, тауарларды иеленуге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене күшін, арнаулы

құралдарды жəне атыс қаруын қолдануға;

11) "Жедел-iздестiру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына

сəйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыруға;

12) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

хаттамалар жасауға;

13) кеден ісі саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға

жəне Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексінде көзделген тəртіппен əкімшілік жазалар қолдануға;

14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан

Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің

актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Slide 9

Кеден органдарының міндеттері

1. Кеден органдары:

1) декларанттардың жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың

заңды құқықтарын сақтауға жəне мемлекет мүдделерін қорғауға;

2) кеден органының жəне (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, ісəрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

тəртіппен жəне мерзімдерде қарауға;

3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін

жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жəрдемдесуге;

4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына

қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға;

5) кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа

дейінгі тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында

көзделген тəртіппен жүзеге асыруға;

6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге

асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жəрдемдесуге;

7) кедендік төлемдер мен салықтардың толық өндіріп алынуын жəне бюджетке уақтылы

аударылуын қамтамасыз етуге;

8) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға жəне


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
Кедендік және валюталық бақылау
ҚР кеден құқығы
Кеден органдары лауазымды тұлғаларының кәсіби - психологиялық дайындығы
Заңгер мамандығы
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономикалық саясаты
Кедендегі ветеринариялық менеджмент
КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ
Кедендік бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz