Қазақстанның топырақ типтері




Презентация қосу
Қазақстанның топырақ
типтері
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі.
Жердің геологиялық тарихында алдымен
пайда болған топырақ. Палеогеографиялық
зерттеулердің деректері бойынша алғашқы
жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын
кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде
әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану
ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX
ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В.
Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи
дене екенін анықтады.
Топырақ құрамы
Топырақ жамылғысының түрлері
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі
және әр түрлі. Топырақ жамылғысының
зоналар бойынша таралғаны айқын
байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі
аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен
үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара
топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде);
қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е.
аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты
зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона

Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған.
Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен,
Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды.
Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып
жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді:
сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат
зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі
қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы
- дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі
өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%)
қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара
шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен
қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың
негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы

Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде
орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы
ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының
жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала
(тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар
немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара
қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң
даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай
қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр
топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған
сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі
қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал
шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл
топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал
шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ
топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр
қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл
типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып
жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл
топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен
мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы
егіс қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан
оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600
км, БатыстағыАтырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi
3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы
басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп,
орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты.
Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық
алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен
оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес
өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік,
оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк
(биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Биік таулы аймақтың топырағы
Биік таулы аймақтың топырағы республиканың
оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га,
республика жерінің 14%-ын құрайды.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан
ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар:
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз
деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 –
1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау
етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау
етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай
таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ
таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі
егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.
Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 –
2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-
Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы
таралған. Ал БатысТянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр
қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері
10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал
шаруашылығы жақсы дамыған.
Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-
орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500
м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған,
сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары
және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда
таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген.
Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.
Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-
мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтайаралығындағы
биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік
деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік,
шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар
мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді.
Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.
Назарларыңызға рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырағы
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері
Кәдімгі қара топырақ
Қара топырақ
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Шөлейт зонасы
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Топыраққа сипаттама Индикатор - өсімдіктер
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Топырақ ортасының реакциясы
Пәндер