Ассамблеяның ХХІ сессиясында


Slide 1

МӘҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Орындаған: МХӨТ

Тексерген: Исмагулова Динара

Slide 2

Мәңгілік ел Идеясы- ұрпақ болашағы

2014ж 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Ассамблея төрағасы Н. Ә. Назарбаев, алдағы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы деп жариялады. Ассамблея жылы - бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Ассамблея жылының басты идеясы «МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ»

Slide 3

Мәңгілік ел

МӘҢГІЛІК ЕЛ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САН МЫҢ ЖЫЛДАН БЕРГІ АСЫЛ АРМАНЫ. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем қартасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атау. ОЛ АРМАН - ТҰРМЫСЫ БАҚУАТТЫ, ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚҚАН, ҰРПАҒЫ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙТЫН БАҚЫТТЫ ЕЛ БОЛУ. Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, мақсаттарға жетелейтін идея бар. ОЛ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі - мәңгілік елордамызды тұрғыздық. ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК БОЛАШАҒЫН БАЯНДЫ ЕТУГЕ АРНАЛАДЫ. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. ЕНДЕШЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ! Мәңгілік ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан-2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУ БІЗДІҢ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

Slide 4

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫМЕН ТӘРБИЕЛЕНГЕН ТҰЛҒА МОДЕЛі

Мәңгілік ел - ортақ тағдыр Мәңгілік ел - жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы Мәңгілік ел - қазақстанадық ұлттарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ

ПАТРИОТ

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ

Slide 5

Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз

2) ҚОҒАМЫМЫЗДАҒЫ ҰЛТ БІРЛІГІ, БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ

Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

3) ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИ БАЙЛЫҚ

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз

Slide 6

Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

4) ИНДУСТРАЛИЗАЦИЯ МЕН ИННОВАЦИЯ НЕГІЗІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз

5) ЖАЛПЫ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі

6) ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

7) ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК, АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ БҮКІЛ ЕЛГЕ АРАЛАСУ, ҚАТЫСУ.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады

Slide 7

Сонымен, бағзы заманалардан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің рухани тұр­ғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасы кеше ғана жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, болашақтың бағдары»

Slide 8

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы ассамблеясы
БҰҰ - ның негізгі органдары
Қазақстан халықтар ассамблеясына – 20 жыл!
Ассамблеяның мақсаты - Республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларды болжау
Қазақстан халқы ассамблеясы этникааралық келісімнің бірегей институты ретінде
ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Ассамблеяның негізгі міндеттері
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі
Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz