Құс лейкозы




Презентация қосу
Тақырыбы: «Ретровирустардың әсерінен туындайтын
аурулардың диагностикасы».

Алматы 2021ж
ЖОСПАРЫ:
І.КІРІСПЕ.
1.1. Анықтама.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Тарихи анықтама.
2.2. Қоздырушысы.
2.3. Вирустың морфологиясы мен химиялық құрамы.
2.4.Құс лейкозы.
2.5. Мысық лейкозы туралы.
2.6. Індеттік деректер.
2.7.Аурудың дамуы.
2.8.Ауру ағымы мен белгілері.
2.9.Емделуі.
2.10.Алдын алу.
Бақылау сұрақтары.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.
ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Ретровирустар — құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар
тұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ
молекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус
бөлшектерінің диаметрі 70 — 120 нм липопротеид қабығы бар.

Ретровирустар тұқымдастықтарының сипаттамасы.
Туысы Ретровирустар туғызатың аурулар
1.Alpharetrovirus Лейкоз, құстың саркомасы, құстың Раус саркомасы
2.Betaretrovirus Тышқанның сүт бездерінің қатерлі ісігі, адамның эндогенді
ретровирусы
3.Gammaretrovirus Тышқанның, мысықтың, маймылдың саркомасы және
лейкемиясы
4.Deltaretrovirus Ірі қараның лейкемиясы, адамның Т-клеткасының
лимфотропты вирусы
5.Epsilonretrovirus Тері саркомасы
6.Lentivirus Адамның СПИД ауруы, қойдың Маэди және Висна ауруы.
7.Spumavirus Адамның көпіргіш вирусы.
Ең алғаш 1964 жылы доктор Джарнетт
Шотландияда (Университет Глазго ) вирус
FeLV-мысық лейкемиясын лимфомамен
ауыратын үй мысығынан бөліп алды. Агент
ретровирус болып шықты. Зерттеулердің
арқасында ғалымдар ретровирустардың
қандай түрде иммунодепрессивті эффект
көрсететінін және сүтқоректілердің қатерлі
ісіктерін білуде ең жақсы түсінік берді. Бұл
ең соңғы ретровирусты адам
иммуннодефицитті СПИД-ін оқып-білуде ең
үлкен орын алды.

Ретровирустар геномдары бір-біріне ұқсас
екі сыңар тізбекті РНҚ және РНҚ-тәуелді
ДНҚ-полимеразадан және осылармен кері
транскриптаза, ревертазадан тұрады.
Ретровирустар жануарлардың көп түрінен
бөлініп алынған және әртүрлі спектрдің
патогенді күші пайда болады. Вирустар
тұқымдастықтары адам және жануарлардың
көп түрлеріне патогенді. Клеткаға көбінесе
ретровирустар лимфоретикулярлы және
гемопоэтикалық жүйе тропизіміне ие.
Ретровирустар вирионы домалақ жарғақшалы түзіліс, диаметрі
80-100 нм, бірегей үш қабатты құрылысқа ие. Вирионның орталық
бөлігі 30 ревертаза молекуласымен спиральды симметриядан
тұратын нуклеопротеинді кешеннен құралған. Бұл құрылым
гликопротеинді пепломерлер тарайтын, клетка мембранасынан
туындайтын қабықшамен қапталған, диаметрі 60 нм болатын
икосаэдрлік капсидпен қоршалған.РНҚ- құрылымды ретровирустар
өздерінің кері транскриптазасының көмегімен инфекцияланған
клеткаларда ДНҚ-ның көшірмесін жасайды. Вирустық генетикалық
материал иммундық жүйемен жойылып немесе өлгенге дейін
клетканың ішінде қалады. Ретровирус тұқымдастықтарының бір
бөлігі инфекцияланған клеткалардан ағзаның басқа бір
қоздырушыға сезімтал клеткаларға тарайды. FeLV репродукциясын
сілекей бездерінің эпителиалды торшалары мен қарынның кілегейлі
қабығы қолдауға бейім.
Құс лейкозы вирустық ауруларға жатады. Құс лейкозы созылмалы түрде өтеді, қатерлі ісікпен және
қан жүйелерінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл аурумен көбінесе құстар 4 айдан бастап аурады. Бұл
ауру аэрогенді және зақымдалған жұмыртқа арқылы тарайды.
Лейкоздың үш түрі кездеседі: лимфоматозды, эритробластозды және миелобластозды. Ең жиі
құстарда лимфоматозды түрі кездеседі.
Клиникалық белгілеріне тоқтасақ, ең бірінші құстардың тәбеттері төмендейді, жүдейді, сырғалары
мыжырайады, ас қорту жолдары зақымдалады. Ең жиі бауыр, ішектері зақымдалады.
Антигендік қасиеті. Құс лейкозында жалпылама – және топтық антигендері бар. Вирустың
шоғырланатың жері, ол қатерлі ісікте, қанда, паринхиматозды мүшелерде, оның ішінде бауырда, көк
бауырда, жүректе.
Құс лейкозына диагноз қою:
1.Құс лейкозына диагноз қою үшін, зертханаға ауырған құстан патматериал жіберіледі.
2.Зертханалық тәсілдерінен ең бірінші серологиялық зерттеу өткізеді, БР, ДПР, КБР;
3. Гемоталогиялық зерттеулер: қанда лейкоциттер саны көбейеді, олардың ішінде клеткалардың
лимфоидты қатарының көбейгені байқалады. Санауды бірінші Гаряев камерасында жүргізеді, содан соң
ұйымаған қаннаң заттық әйнекке жағынды жасап оны Рамановский - Гимза бояуымен бояап
лимфоциттердің санын біледі.
4. Гистологиялық зерттеулер бауыр, төс сүйегінен алынған гистокесінділерді зерттейді.
Арнамалы дауалау әлі жоқ, Лейкоз шыққан құс шаруашылығында құстарды түгел өлтіреді.
Мысық лейкозы- бұл үш түрлі созылмалы аурулардың бірі,
ісікке ұласуымен (лимфосаркоманың дамуымен),
прогрессвиті анемиямен және иммуносупрессиямен
(иммунитеттің төмендеуі) сипатталады. Ауру қоздырушысы
РНҚ- құрылымды вирус, ретровирустар тұқымдасына,
онкорнавирустар тұқымдас тармағына, онковирус туысына
жатады. Ең алғаш рет вирусты 1964 жылы Глазго
университетінде британдық ғалым В.Джаретто бөліп алды,
ол мысық тұқымдастығы өкілдеріндегі қатерлі лимфома мен
ол ағзада онкогенді вирустың табылуының тікелей
байланысы бар екендігін дәлелдеді. Мысықтар лейкозының
үш түрі белгілі: А, В және С. А-лейкозының вирусы баяу
дамитын лимфоманы тудырады, қызыл сүйек кемігіндегі
жаңадан түзілген клеткаларды зақымдай отырып үдей
түсетін анемияны тудырады. Сыртқы ортада вирус 2 тәулік
бойы сақаталады, 700С-қа дейін қыздыру вирусты 30 минут
ішінде жояды, ал УК сәулеге вирус төзімді.
Індеттік деректер.
Мысықтар лейкозының вирусы кең таралған,әсіресе қаңғыбас мысықтар көп
жиналған аймақтарда, санитарлық нормалар сақтала бермейтін мысықтарға
арналған тұрақтарда,қонақжайларда жиі кездеседі. Латенттік (жасырын)
вирустасымалдаушылық кең таралған. Барлық жастағы және тұқымдағы
мысықтар ауыра береді, алайда адамдар мен иттерге жұқпайды. Вирус
сүтпен, сілекеймен, зәрмен және қимен бөлініп шығады. Анасынан
құрсақтағы баласына берілу және күйлеу кезінде жыныстық жолмен берілу
неғұрлым кең тараған.
Аурудың дамуы.
Вирус зақымдалған клеткалардан митоз (екіге бөліну)
кезінде бөлініп шығады. Бұл вирустың тропизмі де
(талғампаздығы) да осымен түсіндіріледі,ол жас,
жылдам бөлінетін клеткаларда(қызыл сүйек кемігі,
тыныс және ас қорыту жолдары эпителилері)көбейеді.
Огарнизмге ауыз не мұрын қуысы арқылы енген соң
вирус жұтқыншақ астындағы безде көбейіп, одан өзге
лимфа түйіндеріне таралып, ары қарай сүйек кемігіне
тап болады. Егер мысықтың иммунитеті мықты болса
огарнизмге енген вирусты жойып жібере алады.Вирус
сүйек кемігінде жасырынған күйі ұзақ сақтала алады.
Вирус сүйек кемігінде миелоидтық,эритроидтық
клеткаларды зақымдайды. Бұл кезең 2-4 аптаға
созылады.
Ауру ағымы мен белгілері.
Мысықтардың лейкозын балау қиын, себебі бастапқы кезде клиникалық көрініс асқазан-ішек жолдарының
өзге инфекцияларына ұқсас болып келеді: дене салмағының азаюы, тәбеттің жоғалуы, анемия.
Лимфомалардың дамуы үдеген сайын симптомдар түрлене түседі: ішек зақымдалған жағдайда – құсу,
диарея, УЗЗ кезінде көрінетін түйіншектердің түзілуі,көз зақымдалғанда – увеит және глаукома, өкпе
лимфомасы кезінде – хилоторакс (кеуде қуысындағы лимфаның жинақталуы), жұлын зақымдалса жүйкелік
симптоматикалар – тәлтіректеу, тіпті артқы аяқтардың салдануы. Иммуносупрессия (иммунитеттің
төмендеуі) қосымша патологиялардың дамуына септігін тигізеді: егер мысық коронавирустың
тасымалдаушысы болған жағдайда мысықтардың инфекциялық перитониті, иммунодефицит,токсоплазмоз.
Трансплацентарлы зақымдалу кезінде эмбрион жатырда немесе туғаннан кейін алғашқы күндерде ақ
виремияның қарқынды дамуы нәтижесінде өледі.
Емделуі.
Мысықтар лейкозының емделуі симптоматикалық ем-доммен
байланысты. Бұл ем вирустың цитопатикалық әсерінің (жас
клеткалардың зақымдалуы) салдарын жоюға бағытталады. Мысық
лейкозы вирусын толық жойып жіберетін дәрмек жоқ.
Антибактериалдық дәрмектердің (пенициллиндер, цефалоспориндер,
хионолондар) іріктелуі зардапты процестің орналасуына
байланысты.
Классикалық иммуностимуляторлар (Ронко-және Беталейкин, Гала
вет т.б), сондай ақ гемопоэз стимуляторлары (эпокрин, эритростим)
вирустың талғамына байланысты (бөліну үстіндегі жас клеткаларды
зақымдауы) мысық лейкозы вирусын емдеу кезінде қолданылмайды.
Иммундысуперссорлар (преднизолон) кешенді емдеудің белгілі бір
кезеңдерңінде ғана қолданылуы мүмкін. Бұл ауруды емдеу кезінде
қолданылатын иммунды модуляторлардан жануардың клеткалық
иммунитетін көтеретін Вирбаген Омега дәрмегін, мысықтың омега
интерферонын қолдануға болады.
Алдын алу.
Мысық лейкозын алдын алудың оңтайлы жолы – вакциндеу. Ресейде құрамында өлтірілген
лейкоз А,В және С типті вирусы бар Лейкоцел (Пфайзер), қолданылған соң 3 аптадан соң
иммунитет қалыптастырып, 1 жыл бойы денені зақымдалудан сенімді түрде қорғауға
мүмкіндік береді. Осындай әсерге француздардың Пуревакс Фел вакцинасы да ие. Одан басқа
жануарлардың төсенішін жоғары температура көмегімен жуып-шайып отыру керек, бөтен
мысықтармен жанасқан соң қолды, аяқ киімді мұқият жуу керек.
Бақылау сұрақтары.
1.Ретровирустардың тарихи анықтамасы?
2.Құс лейкозына диагноз қалай қойылады?
3.Ретровирустар қоздырушысы?
4.Мысық лейкозының алдын алу?
5.Құс лейкозы ауруына сипаттама беріңіз?
6. Ретровирустың морфологиясы мен химиялық құрамы?
7.Мысық лейкозы ауруына сипаттама?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Лейкоз
Сиыр лейкозы
Ірі қара мал лейкозы
Біріктірілген иммун тапшылығы
Қазақстан Республикасына құс етін импорттауға қойылатын ветеринариялы - санитариялық талаптар
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құстардың дорсальды аурулары
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Пәндер