Несептегі индиканды анықтау



Тақырыбы:Несептегі индиканды, ацетон сірке қышқылын (ацетон денешіктерін) және көмірсутегін анықтау.
Алматы 2021ж.

ЖОСПАРЫ:
І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1. Несептегі индиканды анықтау.
2. 2. Несептегі ацетонды анықтау.
2. 3. Несептегі қышқылды ацетонды анықтау.
2. 4. Несептегі сірке қышқылын анықтау.
2. 5. Несептегі көмірсутектерді анықтау.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Несептегі индиканды, ацетон сірке қышқылын және көмірсутегін анықтау әдістерін меңгеру.
Обермайер, яффе сынамасымен танысу.
Ниляндер әдісін білу.
Сабақтың мақсаты:

І. КІРІСПЕ.
Несеп-бүйректен сүзіліп өткен қаннан түзілетін зат алмасу процесінің өнімі. Несеп жүйесі ағзалары несеп арқылы организмде жиналған заттардың қалдықтарын, шлактарды бөлуге көмектеседі, бұл қалдықтар зат алмасу реакциясы процесінде түзілген организмге енгізілген дәрілер және сумен, азықпен жануардың асқазан жолына тускен улы заттардан пайда болады.
Несепті химиялық зерттеу, біріншіден оның рН, ал одан кейін оның құрамындағы белокты, альбумозды, қантты, кетонды денелерді, қан пигменттерін, миоглобинді, индиканды және қышқылдарды анықтайды.

Зəрдің патологиялық құрамдас бөлігіне глюкоза, ақуыздар, кетондық денелер, өттің пигменттері жəне қалыпты нормадағы зəрде өте шағын мөлшерде кездесетін басқа да бірқатар заттар болады.
Глюкозурия.
Глукозурияда жаңа бөлінген зəрде 0, 355 ммоль/л шамасындай глюкоза болады. Ал глюкозурия (глюкозаның көбейген кезі) кезінде зəрдегі глюкоза мөлшері кенеттен көбейіп кетеді. Сөйтіп 33, 3-66, 6 ммоль/л шамасына дейін жетеді. Мұндай жағдай адамда жəне жануарларда анестезиядан кейін, немесе ішкі сезім билегенде жəне қант диабеті ауруы кезінде байқалады.
Протеинурия. (альбуминурия)
Бұл кезде қалыпты нормадағы зəрде ақуыздар өте мардымсыз мөлшерде (альбумин, муцин) ғана кездеседі. Кейбір сырқаттар кезінде зəрде сарысулық альбумин пайда болады. Протеинурия құбылысы бүйрек қабынып ауырған (нефрит) кезінде, жүрек жұмысы бұзылған кезде байқалады. Мұндай сырқаттар кезінде қан ішкі мүшелерде тоқтап тұрып қалады. Организм əр түрлі улануға ұшыраған кезде, сол сияқты ауыр жұқпалы ауруға шалдыққанда байқалатын, эритроциттердің көп мөлшерде жедел ыдырап бұзылуы (гемолиз) кезінде зəрде гемоглобин мен метгемоглобин пайда болады.
Кетонурия.
Кетонурия - зəрмен бірге айтарлықтай мөлшерде ацетон, ацетосірке қышқылы жəне ß-гидроксимай қышқылының бөлінуі. Қант диабеті кезінде тəулікте 50 г мөлшеріне дейін ацетон бөлінеді, ал жоғарыда аталған екі қышқыл 50 г, тіпті одан да көп мөлшерде бөлінеді.

Несеп құрамына индикан, ацетон және сірке қышқылы кіреді. Мысалы, жылқының 1л несебінде 220мг-ға дейін индикан болады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1. Несептегі индиканды анықтау.
Дені сау мал несебінде индикан өте аз мөлшерде кездеседі.
Индиканның несеп құрамында өте көп болуы -индиканурия-деп аталады.
Индиканурия-ішектегі белокты заттардың шіріген (ішек түйілуі, копростазда,
перитонитте ) және организмде белок ыдыраған кезеңде байқалады.
(абсцесте, ісіктерде) .
Индиканның несепте болуын арнайы байқау сынамалары арқылы анықталады.

Обермайер сынамасы.
Пробиркаға 6мл несеп құйып, оған 6мл темір ІІІ хлоридінің ерітіндісін (0, 2-0, 4г темір ІІІ хлоридін 100мл концентірленген тұз қышқылында ерітеді) . 5минуттан соң 1-2мл хлороформ қосып, пробирканы жақсылап араластырады. Индикан болған жағдайда пробирканың төмен бөлігіндегі хлороформ көк түске боялады. Бояудың қанықтылығы индикан санына
байланысты. Индикан несепте іріңді плевритте, өкпе шірігінде, сепсисте, ішекте таспа құрттардың белоктарының ашып ыдыраған кезінде байқалады.

Яффе сынамасы.
Пробиркаға 2-3мл сүзілген несеп құйып, оған осындай мөлшерде күшті тұз қышқылын, 2-3мл хлороформ және 1-2тамшы 2% калий перманганат ерітіндісін қосады. Пробирканың түбіне хлороформ түзілген соң реакцияға баға береді. Индикан болған жағдайда хлороформ көгілдір немесе ашық қызыл түске боялады.

2. 2. Несептегі ацетонды анықтау.
Несептегі ацетонды анықтауда Лестрада сынамасын қолданады, ол реактив мына құрамда жасалынады. (натрий нитропрусмді-1г, аммоний сульфаты-20г, натрий карбонаты сусыз-20гр) . Өлшеніп алған препараттарды форфорлы ыдыста жақсылап ұнтап, оларды араластырып, ауызы мықтап бекітілген шыны ыдысқа сақтайды. Сынама қойған кезде ақ кафельды плиткаға аздаған құрғақ ұнтақ салып, оған 2-3тамшы несеп тамызып ылғалдаймыз. Егер несеп құрамында ацетон болса реактив ақшыл-қызылдан қара-күлгін аралығында түске боялады. Реактивтің боялуы 2-3минут аралығында іске асуы мүмкін. Дені сау малдың несеп құрамында ацетон денелер өте аз мөлшерде кездеседі, олар Лестрада сынамасы кезінде анықталмайды.

2. 3. Несептегі қышқылды ацетонды анықтау.
Несепте кетонды денелердің пайда болуы-кетонурия деп аталады. Ол көбінесе сүтті сиырлардың кетоз ауруы, қысыр қойлардың кетонуриясы, листериозда, ішек-қарын жұмысының бұзылуы салдарынан болады.
Несепте кетонды денешіктердің көп мөлшерде болуы диабет, панкреатит және қарын атониясында, ашыққанда, ұзақ наркоз қабылдағанда, туғаннан кейн сал болуда кездесуі мүмкін.

Несептегі сірке қышқылын анықтау үшін күкіртті түспен анықтауымызға болады. Колбаға 40-60мл несеп құйып, оны 20-30мин қоямыз. Сонан соң несептің жоғары бетіне күкіртті түс ұнтағын себеміз. Егер ұнтақ шөкпесе онда байқау-теріс, ал шөксе-оң. Несепте сірке қышқылы және басқада қышқылдар болса, және олар 0, 01%жоғары болса, байқау-оң болады.
2. 4. Несептегі сірке қышқылын анықтау.

10%-ды сірке қышқылы ерітіндісінің 3-4тамшысымен 10%-ды хлорлы темір ерітіндісінің 10 тамшысын 10мл несепте қосады. Қоспаны шайқап сүзбеден өткізеді. Сонан соң сүзіндіге тағыда осы ерітіндіні қосады, яғни 1 тамшы реактивті 1мл несепке тамызады.
Егер несепте қышқылды ацетон болса, несеп 2-3минут қайнатқаннан кейін күлгін-қызыл түске айналады. Қалыпты жағдайда түссізденеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz