Серозды желінсау




Презентация қосу
Тақырыбы:Желінсау аурулары.

Алматы 2021ж.
ЖОСПАРЫ:
І.КІРІСПЕ.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Желінсау ауруы туралы түсінік.
2.2.Ауруды анықтау және ажыратып балау.
2.3.Желінсауды емдеу шаралары.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.
ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Сабақтың мақсаты:

Желінсау аурулары туралы
түсіну,анықтау және ажыратып
балау. Желінсаудың жіктелуін
білу.Желінсау аураларын емдеу.
І.КІРІСПЕ.
Ауыл шаруашылық саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан
бар байлығымыздың бастауы. Мал басының тиімді өсуі ветеринарлық саулыққа
тәуелді. Қазіргі техникалық прогресс дамыған заманда мал шаруашылығының
тиімділігін арттырудың бір басты көзі – сүт не болмаса ет өндірудегі өндірістік
прогрестердің жекелеген кезеңдерін түбегейлі маманданған дербес шаруашылықтарда
атқару болып табылады. Ауыл шаруашылық жалпы өнімі алдыңғы жылмен
салыстырғанда бінеше есе көп. Қазіргі кезде жануарларға асылдандыру жүргізілуде,
ауырған болса емдеу, алдын алу шаралары жақсы дамыған.
Сүт фермаларында жүргізілетін сақтандыру шаралары.
Белгілі бір уақытта малға азық беру кезінде күнделікті клиникалық тексеру жүргізу,
малды егу оларды өлшеу кезеңімен сәйкес болуы шарт.
Мал қораларын тазалау, залалсыздандыру оларды бір қорадан екінші қораға ауыстыру
мезгілдерімен дәл келуі керек.
Қорадағы микроклимат үнемі тексеріліп отыру шарт.
Азықтардың құрамын оның сапалылығына және тазалығына тексеріп отыру шарт.
Ең бастысы осы айтылған шараларды орындайтын мамандардың болуы. Мал
дәрігерлері мен әр саладағы шаруашылық қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі
мақсат – малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер
кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Желінсау ауруы туралы түсінік.
Желінсау - сүт безінің қабынуы, әр түрлі механикалық,физикалық, химиялық,
биологиялық, ішкі және сыртқы факторлардың, организмнің қорғаныш қасиетінің
төмендеу салдарынан пайда болады.
Сүт безінде әр түрлі қабыну процесстері жүреді, олар организмнің жауап беру
қабілетіне байланысты өтеді.
Малға рацион дұрыс құрмау, азықтың жеткіліксіздігінен малдың иммунитеті төмендеп
әр түрлі аурулардың пайда болуына, соның ішінде желінсаудың пайда болуына әкеп
соғады.
Ауру қоздырғышы — стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк
бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар.
Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау,дұрыс
саумау, т.б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да
желінсауға шалдықтырады.
Клиникалық белгілері:Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті
болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді
сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады.
Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің
физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап
немесе сүтті лабараториялық тексеру арқылы анықтайды.
Патогенезі:Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді,
фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп
бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер
байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде — ботриомикоз,
қойда — іріңді желінсау.
Желінсаудың жіктелуі (А. П. Студенцов):
1. Серозды
2. Катаральды
3. Фибринозды
4. Іріңді
5. Геморрагиялық
6. Спецификалық
Желінсаудың жіктелуі клиникалық
белгілерге, ұлпалардың өзгеруіне,
жануардың жалпы организмінің жауап
беруіне, сүттің көлемінің және сапасының
өзгеруіне байланысты жүргізіледі. Жіктелуі
малдың желінсауының қай түрі екенін
анықтап, дұрыс нақты диагноз қоюға
мүмкіндік береді.
2.2.Ауруды анықтау және ажыратып балау.

Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лабараториялық
тексеру арқылы анықтайды.
Жануарларды желінсауға ай сайын мастидин және димастинмен
тексереді.Дистелденген судың 5% ерітіндісі қолданылады.Мастидин-ақ-сұр
иүсті ұнтақ,дистелденген судағы 2% ерітіндісі қолданылады.
Субклиникалық желінсу димастин,мастидин,бромтимолблау сияқты заттардың
көмегімен сүтті зерттеу арқылы анықталады.Біраз уақыт тұрған сүтте тұнба
пайда болса,не одан уытты микробтар табылса,бұл да субклиникалық
желінсаудың аймағы.
Димастинмен және мастидинмен анықтау.Алдымен қайнаған суда езіп
димастиннің 5% не мастиннің 2% ерітіндісін даярлайды.Зерттеу төрт шұңқыры
және шеткей орналасқан тесігі бар арнаулы пластинкада жүргізіледі.
Суалу кезінде сиырды желінсауға 2 рет тексереді.Бірінші суалудың
басында,екінші тууға 10-15 күн қалғанда.Сау сиырларда суалудың алғашқы 20-
30 күнінде бөлінді көп,ол сұйық,ақ-сұр түсті,мақташықтарсыз.Суалудың екінші
жартысында бөлінді аз,ол тұтқыр,созылмалы,жабысқақ,сары күлгін түсті.
Малға рацион дұрыс құрмау, азықтың жеткіліксіздігінен малдың иммунитеті төмендеп
әр түрлі аурулардың пайда болуына, соның ішінде желінсаудың пайда болуына әкеп
соғады. Желінсау сүт өндіру автоматтандырылған және механикаландырылған
өндірістері бар аймақтарда кездеседі. В.Г.Васильевтің мәліметтері бойынша – сиырды
машинамен сауғанда түсетін жарақаттардың көбі сүттің ағуы тоқтап, біткенде сауу
машинасының бос соруынан пайда болады. Үрпі мен желіннің аурулары пайда
болуының себебінің көбі сиырларды машинамен сауу ережесін бұзғандықтан пайда
болады. Бұл шаруашылыққа үлкен шығын келтіреді. Сондықтан желін мен үрпі
ауруларына машинамен сауғанда аса көп көңіл бөлу керек.
Д. Д. Мартюгиннің зерттеулері бойынша екі тактылы жұмыс істейтін сауу
аппараттары сауу кезінде желіннің аздап қан айналымын бұзып, қысу тактысында
желін терісін жарақаттауы жиі кездеседі.
Желін мен үрпінің жарақаттары сиыр аяғымен үрпіні еденге қысып алғанда жиі пайда
болады. Бұған сонымен қоса малдың астына сабанды салмау, тұяғының тым ұзын
болып өсіп кетуі және малды тар жерде ұстау, бұнда жатқан малдың желінін басқа
малдардың таптауы кездеседі. Сонымен бірге сымдарға ілініп тілінгенде, малдың
қоршаулардан секіріп өтпек болғандағы жарақаттар және тағы да басқа жағдайлар.
Бұл жағдайларда малдың желінін тексергенде ісіну, ауырсыну, терісінің жарақаттануы,
қансырау болады. Бұндай жарақаттарда үрпі ұшының ісінуі бірге жүреді. Бұндай
сиырларды сауғанда сүт әрең шығады, ал ісіну одан да үлкен болса сүт мүлдем
шықпайды. Желінсаудың пайда болуының негізгі себебі организациялық-
экономикалық, технологиялық, селекция-генетикалық және ветеринариялық-
санитариялық іс-шаралардың дұрыс жүргізілмеуінен болады.
2.3.Желінсауды емдеу шаралары.
Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру
малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады. Құрғақ, құнарлы шөп беріп,
желініне майлы дәрі жағып, таңып тастайды. Венасына новокаин қосылған
окситоцин енгізеді, бұлшық етіне антибиотиктер мен сульфаниламидтер,
желінсауға қарсы препараттар (мастицид, мастикур, т.б.) егеді. Желінсау ауруынан
мал шаруашылығына көп зиян келеді, сондықтан ауру тудыратын себептерді
алдын ала жойып отыру тиімді.
Серозды желінсау.
Серозды желінсаудың клиникалық
көріністері: Ауру басталғанда желінде
гинеремия болады және серозды экссудат
жиналады, сүттің құрамы өзгере қоймайды.
Малдың дене температурасы көтеріледі,
тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді.
Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған,
тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті
бездерінің көлемі ұлғайған, Серозды
желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп
ұзамай жазылып кетеді.
Емі. Желінді астынан жоғары қарай сылап
сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық
етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді
қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12г
стрептоцид ұнтағын З рет бөліп ішкізеді.
Д.Д.Логвиновтың әдісі бойынша қысқа
блокада жасайды. Желінді камфора майымен
майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады.
Малдың рационындағы шырынды жем шөпті,
суды азайтқан жөн.
Катарльді желінсау.
Катаралді желінсау кезінде сүтте ірімшіктер пайда болады. Қабыну процесі
екі түрлі өтеді:
а) цистерна және сүт жолдарының қатары;
б) альвеола қатары;
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағын ұстап
көргенде тығындалған жерлері байқалады олар іріп-ұйып қалған сүттің
жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілсрі. Оны сауын тастағаннан кейін
сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды.
Емі. Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ОБ антибиотиктер қоспасын
бұлшықетке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және
жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын эксудаттан оңай тазарту
үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір
қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап
массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар 1-2 рет Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек.
Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды.
Фибринозды желінсау.
Фибринозды желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі.
Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі.
Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы
көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді.
Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуте
болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Емі. Ауырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір 6 сағат сайын
антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін және 10 %-дық
хлорлы кальцийдін ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң
желін үрпісіне 100-150 мл фурацилиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың
1:3000 ерітіндісін, немесе 2-3% стрептоцидтің ерітіндісін жібіреді: Желіннің ауырған
бөліміне камфора, немесе ихтиол майын жағып жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсау.
Іріңді-катаралді желінсау – қабыну процесінің өту уақытына байланысты: жіті және
созылмалы болады. Жіті іріңді-катаралді желінсау кезінде малдың дене температурасы
көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті
температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің
және сары-қызғылт қойыртпақ кездеседі.
Іріңді-катаралді желінсаудың созылмалы түрде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп
кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді-шырыш болады.
Емі. Желінді патологиялық эксудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында
қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы
ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар тері астына немесе
бұлшықетке окситоцин, питуитрин салады. Желінді эксудаттан тазартқаннан соң
емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерді
жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150
мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абцесс немесе флегмонаға айналып кетсе
оларды жуан инемен тесіп іріңін сорып шығарады да, орнына антимикробтық
препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық
глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100
мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар малдың
бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады.
Геморрагиялық желінсау.
Геморрагиялық желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы
көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап
көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су
тәрізді, түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Емі. Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-
250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді.
Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып жылы орап, байлап тастайды, Д.Д.
Логвиновтың қысқа блокадасын жасаған пайдалы.
Желінсауға қолданылатын жалпы
терапиялық әдістер:
Барлық жіті желінсау кезінде (серозды, катаральды,
фибринозды, геморрагиялық, іріңді – катаральды)
тамыр ішіне 40 %-дық глюкозаны 150 – 200 мл, 10
%-дық хлорлы кальций 150 – 200 мл, 2 – 3 г
кофеинді, бұлшықетке окситоцинді 40 – 50 бірлікте
енгізу ұсынылады. Ерітінділер стерильді түрде
болуы тиіс.
Микробқа қарсы (антимикробты) әдістерді қолдану
Ішке ақ түсті стрептоцидті 4 күн күніне 3 рет: 1-ші
күні 15 г, 2-ші күні – 12 г, 3-ші күні – 9 г, 4-ші күні –
6 г беру керек. Бұлшық етке экмоновоциллин – 3-4
бірлікте 1 рет күніне егу керек. Және де тамыр ішіне
150-200 мл 10 %-дық норсульфазол натрийді егу
керек. Сонымен қатар, желінсау кезінде арнайы
препараттар: мастикур, мастисан А, В, Е және де
келесі медикаменттерді қолдануға болады:
фурациллин – 1:5000, риванол – 1:2000, 2-3 %
ихтиол. Микробқа қарсы препараттарды желіннің
үрпісі арқылы енгіземіз.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.
Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге
жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орны зор. Өнеркәсіптік сүт
кешендерінде сиырларды ұстау және азықтандыру шарттарының, машинамен сауудың
ережесі мен технологиясының сақталмауы малдың инфекцияға жалпы және жергілікті
төзімділігін төмендетіп, сыртқы ортада, желінде бактериялар жиналып, көбеюіне ауру
малдан сау малға жұғуына жағдай жасайды. Дер кезінде зерттелмеуіне орай ауру
сиырлардан алынатын сүт, басқа өнімдер сау сиырлар сүтімен қосылып,адамға зиянын
тигізеді. Бұл жағдайда адамдарда дисбактериоз, интоксикация пайда болады.
Желінсаумен күрес сүт өндіру саласындағы ең басты проблемалардың бірі болып
табылады, осыған байланысты сүт өндіретін әр шаруашылықта желінсаумен күресу
бағдарламасы болу керек. Алайда іс жүзінде бұл бағдараламалар жүзеге аспай отыр,
себебі бұл бағдарламаларды орындау өте қымбат, әрі желінсауды толық қанды жою
қабілеті төмендігінде.Желінсау ауруымен ауырған ірі қараның сүт өнімділігі 15 %
дейін төмендейді, сонымен бірге ауырған сиырлардың 20-25% дейінгісі саууға
жарамай, олардың пайдалану мерзімі 2-3 жылға қысқарады. Мұнымен қоса, сүттің
сапасы төмендеп, қатардан шыққан мал төлдемейді, ал енесінің желіні қабынған
бұзаулар аурушаң болып, тез шығынға ұшырайды
ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Ш.Қ. Қалтаев, Б.Д. Жукин. Ветеринариялық акушерлік, гинекология
және көбею биотехнологиясы. – Алматы, 2011.
2. М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров. Мал акушерлігі және гинекологиясы. –
Алматы, 2007.
3. Жаңабеков К., Мақашев Е. Жануарлар анатомиясы. – Алматы, 1996.
4.Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. – Алматы, 2012.
5. Бұлашев А.Қ. Ветеринария негіздері. – Астана, 2009.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ЖЕЛІНСАУ АУРУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Сиырдың желінсау ауруы
КАТАРАЛЬДЫ ЖЕЛІНСАУ
Сиырдағы катаральды маститтің клиникалық белгілері
Сиырдың тізе алды бурситі
Сүттің бактериялармен ластануын
Серозды периостит
Емшек үрпесінің тарылуы
ООФОРИТТІ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Тіс алмасуы
Пәндер