Кетоз аурулары жайында мағлұматтар
Презентация қосу
Тақырыбы:Кетоз ауруының этиологиясы,патогенезі және патанатомиялық
өзгерістері.
Алматы 2021ж.
ЖОСПАРЫ:
І.КІРІСПЕ.
1.1. Кетоз аурулары жайында мағлұматтар.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Кетоз ауруының этиологиясы мен патогенезі.
2.2. Патологоанатомиялық өзгерістер.
2.3.Микроскопиялық өзгерістер.
2.4. Кетоз ауруының клиникалық белгілері.
2.5.Кетоз ауруын балау.
2.6.Кетоз ауруының емі.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.
ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
І.КІРІСПЕ.
1.1.Кетоз аурулары жайында мағлұматтар.
Кетоз (Ketosis) – организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы –
бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің
және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру.Кетоз сауын сиырларда,
көп төл беретін саулықтарда және басқада күйіс малдарында кездеседі.
Кетоздар (ketosis, ацетонемия) – ұлпаларда глюкоза мен глюкопластикалық
аминқышқылдарының тапшылығымен және кетопластикалық қосылыстардың
шамадан тыс мол болуымен сипатталатын зат алмасуының бұзылуы.
Кетоздар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Біріншілік кетоздар – дербес аурулар, көбінесе күйіс қайыратын жануарларда әсіресе
сүтті сиырларда, өсімтал қойларда, сирегірек шошқада, құста және терісі бағалы аңда
кездеседі.
Екіншілік кетоздар – ас қорытудың бұзылуымен көрінетін аурулар негізінде
туындайды.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Кетоз ауруының этиологиясы мен патогенезі.
Біріншілік кетоздардың себебі алуан түрлі. Негізінде рационда қант – протеин
арақатынасының бұзылуы, көмірсудан ашығу, глюкопластикалық азықтың тапшылығы,
кетопластикалық аминқышқылдарының, микроэлементтердің, холиннің және В12
дәруменінің шамадан тыс мол болуы. Шектен тыс көп сауу, шектелген мацион, бағып
ұстаудағы кемшіліктер себепші факторларға жатады.
Кетоздар патогенезінің негізіне заттар алмасуының ауытқуы жатады, бауырдағы
глюкогенез жұмсалатын глюкозаның орнын толтыра алмайды. Бұл тапшылықты жабуда
кетопастикалық қосылыстардың, соның ішінде май қорындағы май қышқылдарының ролі
артады. Oсының нәтижесінде олардың қанындағы мөлшері артып, паренхималық
мүшелерде, әсіресе бауырда майлану игфильтрациясы дамиды. Көмірсудың
тапшылығынан майлар толығымен тұтанбайды, осы себепті көп мөлшерде шала тоттыққан
өнімдер, әсіресе кетондық денелер пайда болады. Соңғылары глюкозаның түзілуін
тежейді. Кетон денешіктері шектен тыс түзілгенде гликолиз процесі пирожүзім, сүт және
т.б органикалық қышқылдардың жинақталуымен жүзеге асады. Oсы себепті
аденозинүшфосфорлы қышқыл аз мөлшерде түзілді де, ацидоз күшейеді, тотығу орын
толтыру процестері бәсеңдейді, кешенді құрылымдар ыдырайды, ал осының негізінде
ферментопатия, тіршілікке маңызды мүшелердің дистрофиясы, гормоналды және жүйке
жүйелері қызметінің бұзылуы туындайды.
2.2. Патологоанатомиялық өзгерістер.
Бірінші кезекте қалыптасып ,жіті өткен кетоздан өлген сиырдың
қондылығы орташа не ортадан жоғары,май қорларындағы май мөлшері де
недәуір болады.Жұмсарған,солғын тартқан қаңқа бұлшық еттеріндегі
майдың молдығы көңіл аударады.
Бауыр 1,5-2 есе ұлғаяды,былбырайды,түсі өзгеріп,қызғылт сары тартады .
Жүректің табаны мен тамырларын бойлай жатқан
майқабаттары байқалады. Миокардтың босаңсығаны,жүрек
қарыншаларының миогендік кеңеюгеұшырағаны байқалады
Көлемі ұлғайған бүйректің сыртқы қабаты сарғыш реңді,тамырлары қанмен
кернелген ішкі қабат қызғылт болады.Азғана үлкейген лимфалық түйіндер сұрғылт
түсті, тіліпкөргенде мол ылғалды болады. Талақ айтарлықтайөзгерістерге
ұшырамайды. Қатпаршақ қарын көбінесеатония күйінде, ішек пен ұлтабардың
кілегейлі қабықтарықызғылт, кейде ісіңкі, мол кілегейлі болады. Бүйрекүстібездің
сыртқы қабатының қалыңдағаны, сарғыш тартқаныбайқалады. Кетоз ұзаққа созыла
өтсе тері жүні көмескіленеді, көбінесе тұяқтар жұмсарып,әдеттегі пішінін жояды.
Маңдай сүйегі дежұмсарады (мүйіз өсіндісінің табанынатаман жерде). Өлген малдың
қоңдылығынашар болады. Бауыр ұлғаяды, босаңсиды,сұрғылт тартады, немесе
әдеттегі көлемісақталған мүше біршама қатаяды, тарғылтартады (жұпар жаңғағына
ұқсау).Бүйректе дистрофия нышандары менқанның молайғаны байқалады.
Сұрғылттүсті жүрек етінде көптеген майлану ошақтары, ал эндокардта сұрғылт
дақтар –склероз ошақтары көзге ілігеді.
Аяқ буындары жуандайды, құйрықомыртқалары жіңішкереді, бір біріментіркескен
жерлерде кедір-бұдырланады.Түтікті сүйектер жұмсарады.Кетозға шалдыққан
сиырлардың аналықжыныс бездері дәнекер өрмеменкеуленіп, қатаюы,
поликистозғаұшырауы мүмкін.
2.3.Микроскопиялық өзгерістер. Кетозға тән өзгерістер әрдайым бауырдаболады.
Гепатоциттер майлануға, көмірсулық және түйіршікті дистрофияғаұшырайды.
Митохондриялар ісінеді, түйіршікті эндоплазмалық торцистерналары кеңиді,
цитоплазмалық тегіс тор цистерналарының саныартады, олар көпіршіктенеді.
Купфер торшаларының фагоциттік белсенділігіартады, синусоидтарда, өліге
ұшыраған бірен-саран гепатоциттердің орнындамакрофагтар мен лимфоциттердің
шоғырлары пайда болады.
Сиыр бауыры:
1-сау; 2-кетозбен ауырған (120 есе үлкейтілген)
Бүйректің тік түтікшелері торшаларын май тамшылары жайлайды.Жүрек жүйке
жүйесінің нейрондары хроматолизге, нейронофагияғаұшырайды, талшықтары
жуандайды, бөлшектенеді. Кардиомиоциттермен қаңқа бұлшық еттерінің
талшықтарында майлануға, нәруыздықдистрофияға тән өзгерістер болады.
Ауру созылмалы өткенде бауыр мен бүйректегі дистрофиялықөзгерістер зілдірек,
мезенхималық торшалардың шоғырларыайқынырақ болады. Жүрек пен қаңқа
бұлшық еттеріндегібүлінулер деңгейі артады, миомаляция және фиброз
ошақтарыпайда болады. Қан тамырлары қабырғалары мукоидты жәнефибриноидты
ісінеді, өліге ұшырайды.
Үйқояны бауыры: кетоз.
2.4. Кетоз ауруының клиникалық белгілері.
Кетозға күрделі сиптомдық кешен тән, жүрек-қантамыр, асқорыту, жүйке эндокринді, бауыр
басқада ағзалардың бұзылуымен, қан, несеп, сүт мес қарын жыны көрсеткіштерінің өзгеруімен
байқалады.
Клиникалық байқалуы организмге кетогенді факторлар әсерінің күші мен ұзақтығына,
кетогенездің сатысына, бейімделуші мүмкіндіктеріне және малдың жеке ерекшеліктеріне
байланысты болады. Жағадан туған сиырларда ауру жіті өткенде алғашқыда жүйкелік,
гастроэнтеральды және гепатотоксикалық синдромдар басым болады. Мал ауық-ауық қозады,
жөнсіз тітіркенеді терінің сезімталдығы артады (гиперестезия). Келешекте қозу күйзелумен
аусады, мал әлсіз, ұйқы басады, көбіне жатады. Мес қарынның қимылы бәсең, әлсіз, іш тоқтайды
немесе ұзақ іші жүреді. Сопорозды немесе коматозды (талма) жағдайда болады, туғаннан кейінгі
салдануға ұқсас. Кетоздың жіті өтуінде бауырдың тоникалық дистрофиясымен жүреді: күйзелу
меңзейді, тоқырайды және ұйқы басады, бауыр күрт ұлғайып, ауырсынады. Жіті өткенде
тахикардия (1 минутте 88 -130 соғады) тынысы жиі (минутына 8-12 дейін). Дене қызуы қалыпқа
жақын қоңдылығы тез төмендейді, сүті азаяды, кейде лактация тоқтайды.
2.5.Кетоз ауруын балау.
Ауруға диагноз кешенді зерттеулер арқылы қойылады; рацион құрамын сандық және сапалық
бағалау, сүт өнімділігі мен көбею қабілеттілікті анықтау, топырақты, қанды, несепті, сүтті
химиялық талдау, клиникалық және патоморфологиялық деректерді ескеру.
Aуруды остеодистрофиядан, лейкоздан, ас қорыту жолдарының ауруларынан, тыңайтқыштардан
уланудан, алиментарлық дистрофиядан, гиповитаминоздардан, минералды ашығудан ажырату
керек.
Сауын сиырлардың ацетономиясы,токсемиясы, белокты гентоксикациясы. Бүгінде бұл ауруды
кетоз деп атайды. Кетозды ацетонемия (кетонемия, кетонурия) деп атауға болмайды, себебі
қанда кетон денешіктері көбеюі және олардың көп мөлшерде несепте пайда болуы бұл кетоздың
белгілерінің бірі, ал ол аурудың бастапқы кезінде айқын байқалады.
Кетонемия (кетонурия) қант диабетінің (сусамыр) ауыр түрінде организмде қабыну процесінде,
ашығуда, кейбір туындаған ауруларда болады, бірақ кетон денешіктерінің қан мен несепте
көбеюі кетозға қарағанда өзгешелеу болады. Кетозбен басымырақ 4000 кг жоғары сүт беретін
сиырлар ауырады. Aл бірақ кетоз өнімділігі төмен малдарда кездеседі, сүтті ірі қара мал
шаруашылықтарында кеңінен өріс алған.
Aуруға кетонемия, кетонурия, кетонолактия, және гипоглекемия тән. Созылмалы өткенде олар
байқалмайды. Бұл кезде туындаған остеодистрфия белгілері білінеді. Кетозды туындаған
кетонуриядан ажырату қажет, ал ол ауыр өтетін эндометритте, шу түспеуде, хирургиялық
инфекцияларда ж.т.б. ауруларда болуы мүмкін. Кетозбен фермада бірнеше мал ауырады, ал
кетонуриямен бірең-сараң мал ауырады (сирек кездеседі).
2.6.Кетоз ауруының емі.
Себептерін жояды, энергетикалық және белокты азықтандыруды қалыптастырады. Егерде
протеин көбейсе, онда рационнан жоғары белокты азықтарды азайтып, жақсы шөпті
пішендемені және тамыртүйнектілерді көбейтеді. Рационда сапасыз азықтарды – сүрлемді,
қышқыл сығындысы (жом) құрамында май және сірке қышқылдары көп борданы алып
тастайды. Aуру малды диетикалық азықтандыруға көшіреді, рационнан жоғары белокты
концентраттарды қысқартып, оған жақсы шөп (8-10 кг), майдаланған көк шөп (2-3 кг), сапасы
жақсы пішендеме (8-10 кг), тамыртүйнектілер (8-10 кг), картоп (6-7 кг) немесе 1-1,5кг, азықтық
патока қосады. Концентраттардың арпа немесе жүгері жармаларын береді.
Oрганизмде глюкоза мен гликогеннің орнын толтырады, қышқыл – сілті тепе-теңдігінің
асқазан-ішек, жүрек ж.т. басқа ағзалардың қызметін қалыптастырады. Венаға тәулігіне 1-2 рет
2-3 күн қатарынан 1кг т.с 0,25-0,5 г есебінен 10-20 %-ызды ерітінді күйінде глюкоза енгізеді.
Бұлшық етке тәлігіне 1-2 рет 100 – 150 ӘБ инсулин енгізеді. Ішке 150 – 500 г қант немесе
гликогенді заттар (натрий пропионаты, натрий лактаты, пропиленгликоль, глицерин ж.т.б.)
береді. Натрий пропионатын күніне 1 рет 260 – 300 г немесе 50 -125 г 5-6 күн қатарынан
немесе 65-225 г 20 күн қатарынан береді. Натрий лактатын 5-6 күн қатарынан (20 күнге дейін)
125-250 г береді.
Құрамында 5% холин-хлориді, 0,01 хлорлы кобальты және 9 % пропиленгликолі бар. Холинол
препаратын береді (күніне 2 рет 5 күн қатарынан 300 мл есебінде). Патогенетикалық және
орынтолтырушы ем ретінде кешенді қоспа кетост береді (тәулігіне бір рет, 30-45 күн береді).
Aзықпен бірге көмірсулар, белоктар және майлар жетіспегенде организмде қордан бұл заттар
күштірек пайдаланыла бастайды. Деподағы майлар ыдыраған кезде аралық өнімдер бос май
қыышқылдары пайда болады, ал оларға организмде глюкоза жетіспесе, онда трикарбон
қышқылдарының циклы тежелініп, кетон денелері пайда болады.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.
Кетоз (Ketosis) – организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы –
бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің
және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру.Кетоз сауын сиырларда,
көп төл беретін саулықтарда және басқада күйіс малдарында кездеседі.
Қорытындылай келе организімде көмірсулардың, майлардың, белоктардың алмасуы
тығыз байланыста өтетініне белгілі. Оның бірнеше себептері бар: әрбір зат алмасу
процесінің жеке жолдары өзара байланыста болады да, организімде жалпы, барлық
органикалық заттарға ортақ аралық өнімдер түзеді және денеде бір заттан екінші
түрлі зат синтезделе береді.
Ал осы организмде зат алмасу процестері бұзылған жағдайда жануарлардың кетоз
және остидистрофия аурулары, бұлшық еттің бозару аурулары, жылқының параличті
миоглобинуриясы пайда болады. Кетоз ағзада углеводттардың жетіспеуінен, рационда
май қышқылының шамадан тыс көбейуінен болса, остидистрофия ағзаға кальций мен
фосфрдың жетіспеуінен, рационда май қышқылының шамадан тыс көбеюуінен болса,
остиодистрофия ағзаға кальций мен фосфрдың жетіспеуінен және Д1 витамині
алмасуының бұзылуы немесе ағзада өте тапшылығының себептерінен болады.
Оларды емдеу үшін ең алдымен рацион құрамындағы азықтар сапалығын анықтай
отырып, рацион құрамынан жемді алып тастайды. Ал рацион құрамына сапалы
азықтарды, сонымен қатар кетозды емдеу үшін көк шөп, қант қазылшасы, шалқан,
сірне, минералдық үстеме азықтарды, витаминдерді көптеп тағайындайды. Сонымен
қатар малды үнемі таза ауада демалтып, оған ультракүлгін сәулелердің түсіп отыруын
қадағалап отыру қажет.
ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.Интернет желісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz