Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы


Slide 1

Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы

Дайындаған: Елубай Шыңтас

Тексерген: Ғанибаева Жайдарман

Slide 2

Қазақстанның геосаяси жағдайы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат - елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. «Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Slide 3

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім - ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің - Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі бастыбасты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

Slide 4

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т. б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: АӨСШК - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н. Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі. Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді. 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Slide 5

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫЛЫҒЫ ҮШ

БІРДЕЙ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК

ҚАТЫНАСТАРДЫҢ САЯСИ ОРТАЛЫҒЫНА НЕГІЗДЕЛЕДІ. ОЛАР :

Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа

және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын

тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік

экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық

өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару

жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты

халықаралық байланыстар орнатуға қосымша

негіз болды.

Slide 6

Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық

және саяси жаһандау үдерістері халықаралық

құқықтың басты-басты қағидаларын алға

қойып отыр. Қазақстан жекелеген

мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында

халықаралық құқықтың көпшілік таныған

нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ

(ОБСЕ) - (Еуропадағы кауіпсіздік және

ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық

Еуропалық даму және қайта құру банктері,

Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ,

ЮНЕСКО, т. б. сияқты ірі-ірі халықаралық

ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

Slide 7

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас

Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында

Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу

жәніндегі қаулыға қол қойылды. Халықаралық

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере

отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке

бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау

көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның,

бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса

алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған

51 - мемлекетке айналды.

Slide 8

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы

«Халықаралық ыңтымақтастық және

тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей

аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы

мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп

аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да

халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне

айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның

Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК)

жанындағы комиссия құрамына кірді.

Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен

(БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде.

Республикада «Бала мен ана денсаулығы»,

«Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету

және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар

бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы

Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының

Атқару Кеңесіне мүше болды.

Slide 9

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім,

ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын

ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде

үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын

(«Адам және биосфера», «Халықаралық

гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге

қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКОның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан

ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне

қабылданды. 1994-1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның

төмендегідей құрылымдарымен тұрақты

ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды

ұлттар жөніндегі институты, демократиялық

институттар мен адам құқығы бюросы. 1999

жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ

орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Slide 10

Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің

бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас

орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін

Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған

және халықаралық ынтымақтастықтың барлық

деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде

қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:

Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік

және қарусыздану саласындағы ықпалдастық

саясаты;

Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және

тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;

Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т. б.

ұйымдарға қатысып, қарусыздану және

бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.

Slide 11

Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін

Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін

қарастырды. 1992 жылы Ташкентте

Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан,

Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен

Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық

қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды.

Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен

Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999

жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК

мүшелері - 15 мемлекеттіц Сыртқы істер

министрлерінің кездесуі өтті.

Slide 12

1995 жылы үш республика - Қазақстан, Өзбекстан

және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша СӨЖ
Қазақстан және халықаралық ұйымдар.”
Оңтүстік - Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселес
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі басымдықтары
уропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы білім саласындағы өзара әрекеттестіктің нақты бағыттары «Орта Азиядағы ЕО­тың стратегиясы:
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сыртқы саясаты және әлемдік қауымдастықтағы бітімгершілік рөлі
Қатысушы аймақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz