Қос электрлік қабат




Презентация қосу
ҚОС ЭЛЕКТРЛІК ҚАБАТ

ОРЫНДАҒАНДАР: МХТ-20-1НК ТӨКЕНОВА С.Е
ЖҰМАГЕЛДІ А.Ж
ҚАБЫЛДАҒАН: Т Ғ.К ДОЦЕНТ ҚАБЫЛБЕКОВА Б.Н
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
• Қос электрлік қабат
• Қос электрлік қабат түзілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚОС ЭЛЕКТРЛІК ҚАБАТ
• Қос электірлік қабат – кеңістікте қарама-қарсы
таңбалы электр зарядтарымен бөлініп тұрған екі
фазааралық бөлу шекарасында түзілетін өте
жұқа беттік қабат.

• Оның түзілуі электродтық процестердің
жылдамдығына, адсорбцияға, дисперстік
жүйелердің тұрақтылығына, әр түрлі денелердің
жұққыштығына, екі фазааралық бөлу
шекарасындағы үйкеліс коэффцентне, тағы
басқа әсер етеді.
ҚОС ЭЛЕКТРЛІК ҚАБАТ

Жалпы алғанда қос электрлік қабат мынадай екі түрлі себептен
болуы мүмкін:
а) катиондар немесе аниондар, электрондардың бір фазадан екінші
фазаға өтуі;
ә) бір фазаның дипольдік молекулаларының катиондары немесе
аниондарының басқа фаза бетінде адсорбциялануы
Гальваникалық элемент пен электролизерде металл-металл, металл-электролиттің ерітіндісі, бірінші электролит
ерітіндісі - екінші электролит ерітіндісі сияқты бөлу беттері болады.

1. Ж а н а с у п о т е н ц и а л ы н ы ң а й ы р ы м ы. М1 және М2 сияқты екі металды өзара жанастырсақ,
олардың электрон шығу жұмыстарының бірдей болмауының нәтижесінде бөлу беттерінде жанасудың потенциал
айырымы пайда болады. Электрон шығу жұмысы аз металдың өткізгіштік аймағының біраз электрондары
электрон шығу жұмысы көп металға өтеді. Осының нәтижесінде бірінші металл - оң ал екінші металл теріс
зарядталады. Мұндай жанасу потенциал айырымының (электр қозғаушы күшінің) пайдаболу теориясын алғаш
Вольта жасаған болатын. Алайда бұл теория гальваникалық элементте электр энергиясының пайда
болуынтүсіндіре алмады. 1857 ж. А. Де-Ля-Рив гальваникалық элементте электр қозғаушы күштің (потенциал
айырымы) пайда болуының химиялық теориясын жасады. Бұл теория бойынша бөлу бетінде металл мен
электролит ерітіндісі арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясының нәтижесінде гальваникалық элементте
энергия пайда болады. Химиялық теорияны одан әрі В. Нернст, В. Оствальд XIX ғасырдың аяғында одан әрі
дамытты. Олар гальваникалық элементтің э.қ.к. және электрод потенциалының термодинамикалық теңдеулерін
көрсетті.
2. М е т а л л – э л е к т р о л и т б ө л у б е т і н д е г і п о т е н ц и а л-д а р а й ы р ы м ы.
Бір металды сол металдың ионы болатын электролитке батырайық. Әрине, металл
ионыныңерітіндідегі және металдағы химиялық потенциалы әр түрлі болады. Ерітіндідегі
металл ионының химиялық потенциалы тұздың концентрациясына байланысты. Егер
берілген концентрациядағы CuSO4-тің химиялық потенциалын Си2,ер, металдағы мыс
ионының химиялық потенциалын Си2+, Mе деп белгілесек және Си2+,ер > Си2+, Mе
болса, онда мысты ерітіндіге батырғанда ерітіндідегі мыс иондарының біршама бөлігі мыс
бетіне ауысып, онда артық оң заряд тудырады. Бұл заряд мыс катионының одан әрі металл
бетіне жиылуына кедергі жасайды (аттас заряд бірін-бірі тебеді).
ҚОС ЭЛЕКТРЛІК ҚАБАТТЫҢ ТҮЗІЛУІ

Ал екінші жағынан беттегі иондарымен оған қарама-қарсы
ерітіндідегі иондар SO2-4 өзара электростатикалық тұрғыдан
әрекеттесіп (яғни бір-біріне тартылып), бетке жақын ерітінді
жағынан тағы бір қабат түзеді (1а-сурет). Бұл процесс қос электрлік
қабат түзгенше яғни қос электрлік қабаттың астарындағы
потенциалдар айырымы металл ионының ерітіндідегі химиялық
потенциалы мен металдағы химиялық потенциалының айырымына
тең болғанша жүреді. Егер ерітіндіде CuSO4-тің концентрациясы
өте аз болса, онда мыс ионының ерітіндідегі химиялық потенциалы
металдағы мыс ионының химиялық потенциалынан аз болады. Бұл
жағдайда кері процесс жүреді, яғни электрбейтарапты кристалдық
тордан Си2+ иондары ерітіндіге өтеді. Сондықтан металл беті теріс
зарядталады да, ол заряд Си2+ иондарының тағы да ерітіндіге
өтуіне кедергі жасайды. Осылай құрылысы басқа тағы да қос
электрлік қабат түзіледі (1ә -сурет)
Е р і т і н д і – е р і т і н д і н і ң ж а н а с у б е т і н д е г і д и ф ф у- з и я л ы қ п о т е н ц и а л д а р а й ы р ы м ы . Ерітінді-

ерітіндінің жанасу бетінде диффузиялық потенциалдардың айырымы катиондар мен аниондардың қозғалғыштықтарының әр
түрлі болуынан және олардың концентрацияларының градиенттерінен болады.Козғалғыштықтары жоғары иондар екінші
электролит жағына тезірек өтетіндіктен, ерітіндіде бірдей зарядталған иондардың қабаты, ал қозғалғыштықтары аз иондардан
екінші қабат түзіледі. Осының нәтижесінде потенциал айырымы φᶲ- қос электрлік қабатпайда болады.Диффузиялық
потенциалдың есептeу теңдеуін М. Планк (1890ж.) пен П. Гендерсон (1907 ж.) ұсынды. Бір электролиттің бірбірінен
айырмашылығы тек концентрациясында болатын екіерітінді үшін диффузиялық потенциал былай анықталады:

Мұндағы а1 жәнс а2 - бірінші және екінші ерітіндінің активтіліктері.Диффузиялық потенциал әдетте 40 мв-тен аспайды. Көбінесе ол Va – Vk мәніне
көбірек байланысты болады. Э.қ.к.-ті өте дәл өлшеу кезінде екі ерітінді арасында концентрациясы жоғары үшінші ерітіндіні қосу арқылы
диффузиялық потенциалдың әсерін кетіруге болады. Бұл үшінші ерітінді ретінде катиондар мен аниондарының қозғалғыштығы бірдей
электролиттер қолданылады. Мысалы, КСl немесе NH4NО3.
4. А д с о р б ц и я л ық п о т е н ц и а л. Адсорбциялық потенциал бетте
иондар мен беттік-активтік заттардың адсорбциялану нәтижесінде
болады. Егер бетте дипольдік молекулалар адсорбцияланса, онда қос
электрлік қабат және потенциалдар айырымы мономолекулалық
кабаттың ішінде болады (2а-сурет). Егер металл бетінде иондар
адсорбцияланса , онда бет сол ионның зарядымен зарядталады да, ал
екінші қабатты кері зарядталған иондар түзеді. (2б-сурет)
ҚОРЫТЫНДЫ

• Қос электірлік қабаттың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу көптеген электр-
химиялық және коллоидтық құбылыстарды толық түрде түсіндіру үшін ғылымының
маңызы зор. Қазақстанда мысты, алюминийді электролиз арқылы алу, көмірді және
табиғаты әр түрлі кендерді флотация көмегімен байыту, ауыз су және ақаба суларды
коллоидтық бөлшектерден тазарту қос электірлік қабат процестеріне негізделген
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

• https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D1%81_%D1%8D%D0%BB%D0
%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%
D0%B1%D0%B0%D1%82
• Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық және коллоидтық химия: оқулық. Алматы: ЖШС РПБК
• «Дәуір», 2011 ж.

Ұқсас жұмыстар
Биологиялық мембрана
Жүрек - электрлік диполь
Ионды каналдар
ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ.ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗДІ ЖОСПАРЛАУ,ҰЙЫМДАСТЫРУ. КРИСТАЛДЫҚ,АМОРФТЫ ТҰНБАЛАРДЫ ТҰНДЫРУ
Дисперсті жүйелер
Электрокардиография және фонокардиография туралы
Электрожарақаттың әсерінен ағзалардағы және олардың ұлпаларындағы морфологиялық өзгерістер
ҚОС СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ДИЭЛЕКТРИКТЕР БАРЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ЭЛЕКТР
Жүйке талшықтарының құрылымы
Пәндер