Қан тізімін өңдеу журналы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласындағы Шакарім атындағы мемлекеттік университеті
ӨНДІРІСТІК ІС ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ
Білім алушы:Қаскенова А
Тобы: ВС - 505

ЖОСПАР
Кіріспе
Практика базасының қысқаша мінездемесі.
Ветеринариялық санитариялық істі ұйымдастыру.
Ветеринариялық микробиология және вирусология
Ветеринариялық санитариялық сараптау.
Ветеринариялық санитариялық гигиена.
Алғашқы ветеринариялық көмек
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.

Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерліктің қазіргі жағдайы нарықтық экономикаға ауысумен көптеген ерекшеліктермен сипатталады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік мал дәрігерлік қызметіне халықты жануарлардан адамға және мал өнімдерден шыққан жұғатын аурулардан қорғау бойынша міндеттер қойылған. Бұл ретте, республикадағы және одан тыс жерлерде инфекциялық аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайы осы күнге дейін шиеленіскен күйде. Бұдан басқа, республиканың мал дәрігерлігі қызметімен қолданған барлық шаралар мен күштерге қарамастан, дүкендерге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарға және азаматтарға әлі күнге дейін мал дәрігерлік-санитарлық сараптамадан өтпеген және үй жағдайларда сойылған ет және ет өнімдері сатылатыны кездеседі. Сол себепті, малдан, құстан, балықтан және аралардан алған өнімді дайындайтын, қайта өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын барлық жерлерде мал дәрігерлік бақылау (қадағалау) қажет.
Бүгінгі таңда Ветеринария саласына жас мамандардың бастамашылдық қасиеттері, жұмыс істеу қабілеттері өте қажет. Сол орай да барлық ветеринариялық кәсіпорындарда жас студентттердің іс-тәжірибеден өтуге барлық жағдайлар қарастырылған және жақсы жолға қойылған.
Кіріспе

Зертхана меңгерушісі: Төлеуқанова Шұғыла Косманатовна.
Зертхана 1 қабатты ғимарат.
Зертхна екі бөлімненң тұрады:
Бактериология бөлмесі
Серология бөлмесі
Зертхананың қосымша бөлмелері:
1. Қан қабылдау бөлмесі
2. Санитарлық бөлме
3. pH-анықтау бөлмесі және т. б бөлмелер бар. Зертхана сырты қоршалған. .
Тәжірибе базасынаң қысқаша мінездемесі
Мен Қаскенова Ақерке өндірістік тәжірибемді Абай Аудандық ветеренариялық зертханасы мекемесінен өттім.

Жұмыс уақыты 9:00 де басталып 18:00 ға дейін екен. Демалыс күндері:Сенбі, Жексенбі.
Зертханада жаңа заман талабына сай приборлар, аппаратуралар, зертханалық ыдыстар, реактивтер, техникалық құрылғылар және нормативті өндірістік бөлімшелермен жабдықталған.
Зертханаға қарайтын ауылдық округтер:
1. Құндызды
2. Көкбай
3. Архат
4. Қызылту
5. Қасқабұлақ
6. Би ата
7. Саржал
8. Медеу

Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Ветеринарлық істі ұйымдастырудың негізгі мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал өнімдер текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Мен тәжірибе барысында зертхананың барлық бөлімдерінің іс-қағаздарымен таныстым және оларды келесілерге біріктірдім;
Техникалық қауіпсіздік ережелері;
Берілген пробиркаларды тіркеу журналы.

Журнал 10-вет.
Жұмыс журналы.
Титрация журналы.
Калибровка журналы.
8-вет журналы
Сынақ нәтижесі
Диагностикумдврды есептен шығару журналы.
Қан тізімін өңдеу журналы.
Бактериология келіп түскен материалдарды тіркеу журналы.
Жануарлардың инфекциялық, инвазиялық, саңырауқұлақтардың аурулардың қоздырғыштарынан залалданған жануарларды есепке алу журналы.
Бактериологиялық зерттеу журналы.
Бактериологиялық зерттеулердің жұмыс журналы.
Бактериолгия бөлімінде:
Серология бөлімінде:

Грам әдісі бойынша бояу: Ең алдымен жұғындыны алмас бұрын патологиялық материалды залалсыздандырып аламыз. Одан кейін заттық шыныға бауыр, жүрек, бұлшық еттен жұғынды аламыз. Оны бекітеміз. Бекіту жасалған жұғындыға генцебелет қағазын қойып 2-3 тамшы су құямыз. 2 мин өткен соң қағазды алып, бояуды төгіп оған люголь сұйығын құямыз. 1 мин өткен соң оны төгіп этиль спиртін құйып 0, 5 мин қоямыз. Одан кейін жұғындыны сумен жуып фуксин құйып 2 мин қоямыз. Одан кейін сумен жуып фильтрлық қағазбен құрғатамыз. Жұғынды дайын болғаннан кейін микроскоппен қараймыз.
Нәтижесі: Микроскоппен қарағанда тек ішек таяқшалары мен стафилакокктарды көрдік.
Грам, Романовский әдісі бойынша бояу.

Романовский әдісі бойынша бояу:
Ең алдымен жұғындыны алып бекіту жасадық. Одан кейін биологиялық табақшаға салып Никифоров эфирін жұғынды батқанша құйып 10 мин қоямыз. 10 мин өткен соң жұғындыны алып таза табақшаға салып 2 жағынан таяқша қойып Гимза бояуын құямыз. Оны 50 мин қоямыз. Жұғынды дайын болғаннан кейін микроскоппен қараймыз
Нәтижесі:Микроскоппен қарағанда тек ішек таяқшалары мен стафилакокктарды көрдік.

Бактериолог дәрігер Сайрангүл Болысбайқызының басшылығымен зертханалық жануарларды залалдау әдістерін үйрендік.
Зертханалық жануар теңіз шошқасы мен ақ тышқанға тері асты және теріге жұқтыру әдістемесін қолдандық.
Пастереллез ақ тышқан 2 бас 0, 2 мл тері астына және теріге жұқтырдық.
Қарасан теңіз шошқасы 2 бас тері астына 1 мл суспензия жасап жұқтырдық.
Зертханалық жануарларды залалдау

Серологиялық зерттеулер
Роз Бенгал сынамасы
Роз Бенгал сынамасын ірі қара малдың, қойдың, ешкінің, шошқаның, түйенің, жылқының, бұғылардың және т. б. қан сарысуының бруцеллезіне зерттеу кезінде қолданады.
Әрбір реакцияны қояр алдында бақылау сынамасын жасау міндетті болып саналады!
Зертханаға Көкжыра ауылынан 25 бас ірі қара малындын қан сарысуы келді. Ен алдымен құжаттар бойынша қабылдап алып, кейін электронный базаға, малдың анауын, сырға нөмері бойынша тіркелді. Тіркеліп болғаннан кейін, қан сынамалырын серологиялық зерттеу бөлмесіне әкеліп, бруцеллегзе тексердік. Яғни Роз бенгал сынамасын қойылды.

Бақылау сынамасы.
Пластинканың 1-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге позитивті қансарысуын 30 мкл (0, 03 см3) мөлшерде алып тамызады.
Бруцеллезге позитивті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0, 03 см3) боялған антигенді (одан әрі РБС қолданылатын) тамыздырады.
Пластинканың 2-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге негативті қан сарысуын 30 мкл (0, 03 см3) мөлшерде алып тамызады.
Бруцеллезге негативті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0, 03 см3) боялған антигенді тамыздырады.
Антиген мен қансарысуды белсенді қимылмен арнайы араластырғышпен сағат бағытында біркелкі қоспаны алғанша жақсылап араластырады.
Қансарысуы және антигені араласқан пластинканы 4 минут режимі таңдалған авттоматты қозғалтқыш 3D Shaker аппаратына орналастырады.
Реакцияны 4 минуттан соң тоқтаған 3D Shaker аппаратынан алып, пластинканы сәл еңкейту күйінде жай көзбен.

Бруцеллезге позитивті қансарысуы қосылған лункада майда қызғылт түсті үлпектер - агглютинат болуы тиіс
Бруцеллезге негативті қансарысуы қосылған қоспа гомогенді, біркелкі боялған - агглютинат жоқ.
Реакцияны бруцелла антигенінің агглютинациясына берік болған жағдайда оң деп санайды (майда немесе ірі қызғылт түсті үлпектер) .
Егер агглютинация болмаса (қоспа гомогенді, біркелкі боялған), реакцияны теріс деп санайды.

"Күмәнді" диагностикалық бағалау кезінде, осы малдардың қананың қан сарысуын 15-30 тәуліктен кейін қайталап зерттейді. Қанның қан сарысуын қайталап зерттеу кезінде оң немесе күмәнді нәтиже болған жағдайда, диагностикалық баға оң деп саналады.
Көкжыра ауылынан келген 25 бас ірі қара мал қан сынамаларын Роз Бенгал сынамасымен тексердім.
Нәтижесі: 25 бас ірі қара малынан 5 сынама- «күмәнді» нәтиже берді.

Роз Бенгал сынамасынан 5-сынама «күмәнді» нәтиже берген сынамаға КБР қойдық.
Роз Бенгал сынамасынан 5-сынама «күмәнді» нәтиже берген сынамаға КБР қойдық.
Комплементті байланыстыру реакциясы Серологияның классикалық әдістерінің бірі.
Реакцияны қою реттілігі:
КБР қоймастан бұрын ең алдымен комплементтің титрін анықтайды.
Реакцияға қолданылатын компаненттердің мөлшерін есептейді, дайындайды.
Компаненттердің антикомплементарлық және гемотоксикалық қасиеттерін анықтайды.
Реакцияны қояды.
Пробиркаларға зерттелініп отырған қан сарысуларынан 0, 04 мкл құямыз.
Зерттелініп отырған қан сарысуларының үстінен 0, 85% натрий хлориді ерітіндісінен Флоренский аппаратымен 0, 2 мкл құйып шығамыз.
580 - 600С-қа 30 минут инактивтеуге қоямыз өткіземіз.
Дайын бактериолитикалық жүйеден (комплемент + антиген) 0, 4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
Дайын гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0, 4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
Қорытындысын оқимыз.

Бақылау сынамасы.
3 пробиркамен қойылады.
Бірінші қатардағы пробиркаға 0, 85% натрий хлориді ерітіндісінен 0, 4 мкл, екінші қатардағы пробирка бос болады, ал үшінші қатардағы пробиркаға физ. ерітіндіден 0, 1 мкл құямыз.
Бірінші қатардағы 1-ші пробиркаға негативті және 2-ші пробиркаға позитивті қан сарысуынан 0, 1 мкл құямыз.
Бірінші қатардағы пробирканы араластырып екінші қатардағы тиісті пробиркаға 0, 2 мкл және үшінші қатардағы пробиркаға 0, 1 мкл құйып сұйылтамыз
Екінші және үшінші қатардағы пробиркаларға үстінен 0, 2 мкл комплемент және антиген құйып шығамыз. .
580-600С 30 минут инактивтелуден өткіземіз.
Барлық пробиркаға гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0, 4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
- 370 - 380 С 20мин су моншасына қоямыз.
Нәтижесі: 2 сынама - «күмәнді» нәтиже берді.

Агглютинация реакциясы
Көлемі 1 мл пробиркаларда қойылатын серологияның классикалық әдісі. АР жаппай қойылмайды. Тек РБС, КБР «күмәнді» реакция берген сынамалар ғана тексеріледі. Компаненттері:
Антиген - стандартты АР, КБР арналған бруцеллез антигені, диагностикум.
Антидене - зерттелетін мансарды
5% фенол физиологиялық ертіндісі.

Бақылау сынамасы
5 пробиркамен қойылады.
1 қатардағы пробиркаға 2, 4 мл 0, 85 натрий хлориді ерітіндісі құйылады, 2қатар бос, 3-4-5 қатардағы пробиркаларға 0, 5 мл 0, 85 натрий хлориді ерітіндісін құямыз.
2 қатардағы пробиркаға үстінен 0, 1 мл зерттеліп отырған қан сарысуын құямыз.
1 қатардағы пробиркаға араластырып, 2-3 қатардағы пробиркаларға 0, 5 мл құйып шығамыз.
3 қатардағы пробиркаларды араластырып, 4 қатардағы пробиркаларға 0, 5 құямыз.
4 қатардағы пробиркаларды араластырып, 5 қатардағы пробиркаға 0, 5 мл құямыз.
5 қатардағы пробиркаларды араластырып 0, 5 мл сорып алып, ағызып тастаймыз.
Келесі кезекте антигенді есептейміз (антиген 1; 10)
Антиген 1-ші қатардағы пробиркаларға құйылмайды, 2-3-4-5-ші қатарларға 0, 5 мл антиген құйып шығамыз.
-37-38 t-да 18 сағатқа термостатқа қоямыз. 18 сағаттан кейін нәтижесін оқимыз.
Нәтижесі - 2 сынама - «күмәнді» нәтиже берді.

Ет және ет өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау
Практика барысында әр түрлі мал ұшаларын тексеруді үйрендім. «Жаңа базар» базарының ветеринариялық зертханасынан күніне 6-7 қой, 4-5 бас ірі қара, 3-5 жылқы малдарының ұшалары сараптаудан өтеді. Мен өндірістік тәжірибені өту кезінде әрбір әкелінген ұшаның ең алдымен ветеринариялық куәлігін Ф-1, Ф-2, Ф-3 немесе анықтама қағазын, сонымен қоса, мал иесі туралы жергілікті басқару орындарынан алынған анықтамасын тексердім. Одан кейін ғана ұшаларды тексеру жұмыстарына кірістім.
а) Ірі қара ұшасы мен ішкі органдарын ветеринариялық-санитарлық сараптау
Басты зерттеу. Сиыр басын сырт көзбен жалпы қарайды. Қалыптан тыс патологиялық өзгерістердің бар жоғына назар салады; жарақаттар, көздің бадыраюы (лейкоз) . Басты теріден алып тастайды, тілді ұшынан және екі жанынан кеседі жақтан еркін түсіп тұруы керек. Тілді, ерінді, ауыз қуысының сілекей қабықтарын қарап қолмен ұстап тексереді. Тілді сілекейден және жем-шөп қалдықтарынан тазалайды. Егерде тілде патологиялық өзгерістер жоқ болса оны кесіп қарамайды.
Жақтың бұлшық еттерін сыртқысын қарама-қарсы 2 кесіндімен, ішкі бұлшықеттерін 1 тілікпен кесіп әрбір жағын цистицеркозға (финноз) тексереді.
Жақ асты лимфа түйіні - In. mandibularis, құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus, Жұтқыншақ лимфа түйіні (ортаңғы) - In. retropharingeus medialis, бүйір жұтқыншақ лимфа түйіні - In. retropharingeus lateralis, мойынның беткі лимфа түйіні - In. cervicalis superficialis лимфа түйіндерін ашып тексереді.

Ішкі мүшелерін зерттеу - Ішкі мүшелер кұрамына өкпе кеңірдегімен жүрек, бауыр өт қабымен, көкет және қарын жатады.
Өкпені сырт жағынан және ұстап қарайды. Бронхиальді оң жақ лимфа түйіні - In. bronchialis dexter, Бронхиальді сол жақ лимфа түйіні - Inn. bronchialis sinister, Кеңірдек - бронх түйіні - In. Tracheobronchialis, Дорсальді аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales dorsales, Алдыңғы аралық перде лимфа түйіні- Inn. mediastinales craniales, Ортаңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales mediales, Артқы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales caudales лимфа түйіндерін жарып тексереді. Кеңірдек пен бронхты және өкпе паренхимасын өкпені ұзына бойына ірі бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексереді.
Жүректі зерттеу. Жүрек қабын ашады. Жүректің сыртқы сірі қабығы және жүрек қабының жағдайын тексереді. Содан кейін жүректің оң және сол бөлігін үлкен кривизина арқылы тіледі, бір мезетте жүрек капшығы /предсердий/ мен кабығын /желудочков/ ашады.
Жүректің бұлшық ет қабатын (миакард), жүректің ішкі қабығы /эндокард/ жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерін тесіп алмай ұзына бойына және көлденеңінен бірнеше тіліктер жүргізеді /цистицеркоз/.

Бауырды зерттеу. Бауырды сырттай қарап, ұстап тексереді көк ет және виссералды жағынан қарайды. Көк ет бауырға жабысқан жағдайда ажыратады, бауырдың патологиялық өзгеруіне /абсцессы/ қарап паренхимасын тексереді. Порталды лимфа түйіндерін тіліп қарайды
және өт жолына қарай тесіп алмай 2-3 рет тіледі.
Көк бауырды зерттеу. Көк бауырды сыртынан қарап тексереді, содан кейін бойлай тіледі және оның сыртқы-ішкі түрлерін анықтайды.
Бүйректі зерттеу. Бүйректі капсуладан шығарады. Ұстап көреді. Патологиялық өзгеріс барын байқаған жағдайда тіледі. Бір мезетте бүйректің лимфа түйіндерін тексереді.

Алғашқы ветеринариялық көмек
Алғашқы ветеринариялық көмек мал дәрігерін маман ретінде қалыптастыратын ең негізгі клиникалық пәндердің бірі болып табылады. Оны игеру, студенттерге хирургиялық патологияға дербес диагноз қоюға қабелеттік береді, жедел ем жүргізуге, диспансеризацияны және қажетті алдын-алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алғашқы ветеринариялық көмек студенттерге өз бетінше жауапты шешім қабылдауға уақытылы оларды орындауға және сол үшін оталық араласудың нәтижесі
мен өлімі сияқты емделушінің денсаулығына және өміріне жеке . жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Малдан қан алу үшін қан алынтын жердің жүнің қырқып немесе, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасы арқылы алады.

Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде құлақтың ұшын тіліп немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұратын арнаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты алдын ала жылысуға салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.
Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық аланды (шынтақ төмпешігінен үшінші қабырғаға дейін ) дайындап болған соң венаны саусакпен басып тұрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.
Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қояннан 15- 20 мл-ге дейін қан алуға болады.
Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлщерде құлағынан, ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөлшерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшаулағаннан кейін) неемесе тікелей жүректен арнаулы инемен алады. Инені төс сүйегінің сол жағын ала, жүрек қағысы анық сезіліп тұрған жерден қадайды. Инені 1, 5-2см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5-10 мл қан алуға болады.
Егеуқұйрық пен тышқаннан қан алу . Егеуқұйрық пен тышқаннан қанды құлағының ұшын тіліп, немесе құйрығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды құйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін құйрықты алдыг ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содаң соң құйрық түбін саусақпен қысы ұстап, венаға жіңішке ине кіргіздеі де қанды шприцпен сорады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz