ГЕОСФЕРАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Презентация қосу
ГЕОСФЕРАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН
ЭНЕРГИЯНЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Надырбеков Серік 18-10 Экология
Жаһандық биотикалық айналым планетаны жайлаған барлық
ағзалардың қатысуымен жүреді. Ол айналым заттар, топырақ,
атмосфера, гидросфера және тірі организмдер арасында жүрді.
Биотикалық айналым нәтижесінде қажетті химиялық элементтер қоры
шектеулі болса да, өмір сүру және даму мүмкіндігін ұзартуға болады.
Атмосферада, литосферада,
гидросферада жүретін үдерістер
сияқты заттар бірнеше рет
айналымға түседі, әрі биотикалық
алмасуды кіші
(биогеоценотикалық) және үлкен
айналымы (биосфералық) деп
бөлуге болады.
Үлкен биосфералық алмасу шеңбері — бұл дүркін-дүркін үздіксіз
жаңаланған биосфераның экологиялық жүйесіне кіретін заттардың,
энергия мен ақпараттың уақыт бойынша және кеңістікте біркелкі
таралмай, тоқтамайтын ырғақты планетарлық үдерісі. Үлкен
биосфералық алмасу шеңбері су мен атмосфера айналымында
байқалады.
Кіші биотикалық айналым үлкен айналым негізінде туындайды және
ол топырақ, өсімдік, жануар мен микроағзалар арасында жүреді. Екі
айналым бір-бірімен байланысты және олар тұтасқан бір үдеріс
тәрізді. Өз шеңберіне тірі ағзалар қатыспаған көптегең заттарды
тарта отырып биотикалық айналым ұдайы тірі заттардың өнуін
қамтамасыз етіп, әрі биосфера келбетіне белсенді әсер етеді. Заттар
айналымы негізіне биосферада болатын қоректенудің екі түрі жатады:
аутотрофты және гетеротрофты.
Аутотрофтар өз тіршілігі үшін
қажет химиялық заттарды
қоршаған ортадан алады және
Күн энергиясының көмегімен
оларды органикалық заттарға
айналдырады.
Гетеротрофтар органикалық заттарды көмір қышқылы, су және
минералды тұздарға дейін ыдыратады, яғни оларды қоршаған ортаға
қайтарады. Сөйтіп эволюциялық үдерісте тіршілік үшін қажет заттар
айналымын қамтамасыз етеді. Бұнда Күн сәулесінің энергиясын тірі
ағза басқа энергия формалары -химиялық, механикалық, жылу
энергиясына айналдырады. Күн энергиясының белгілі бір бөлігі жылу
түрінде тарайды. Барлық тіршілік иелерінің қызметі мен өзара
қатынастары энергия ағысы мен заттар айналымымен бір бағытта
жүреді.
Бейорганикалық заттарды пайдаланған жасыл өсімдіктер Күн
энергиясының көмегімен органикалық заттар түзеді, олар басқа
тіршілік иелерімен (гетеротрофтар мен деструкторлар) бұзылып басқа
өсімдіктердің лсаңа органикалық заттар синтезінде пайдаланылады.
Биосферадағы биотикалық айналымның мысалы ретінде көміртек пен
азот айналымын қарастыруға болады. Көміртек айналымы фотосинтез
барысында атмосфералық көміртектің қос тотығы пайда болуынан
басталады. Фотосинтез барысында түзілген көмірсулардың бір бөлігі
сол өсімдіктердің өздері энергия алу үшін жұмсалады, ал басқа бөлігін
жануарлар пайдаланады. Көмір қышқыл газы өсімдіктер мен
жануарлар тыныс алғанда да бөлінеді. Өсімдіктер мен жануарлар
өліп, денелері ыдырағанда олардағы көміртек тотығып атмосфераға
түседі. Осындай үдерістер мұхиттарда да жүреді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz