ҚҰЙРЫҚ ҚАУЫРСЫНДАРЫ


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы

Түйеқұс

Тексерген:

Орындаған: ВС-217

Ардақ Айгерім,

Амангелді Аружан,

Сейдаханов Сабит

Slide 2

Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2, 5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі.

Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен аяқ саусақтарының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алдыға қарай 400 кг-ға дейін жететін аса ауыр күшпен тебе алады.

Slide 3

Бойы: аталығы : 1, 75 -2 м; аналығы: 2, 10 -3 м. Салмағы: 63 -150 кг Тіршілік ұзақтығы: 30 -70 жыл

Slide 4

Саны: Табиғатта белгісіз; 90 000 үй түйеқұсы ( 1980 ж есеп бойынша) Түйеқұстардың бір көзі 60 грамм салмақ тартады. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе көп салмаққа ие.

Slide 5

Түсі: аталығының түсі: қара аналығының түсі: қоңыр - сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.

Slide 6

Қорегі: шөпқоректілер және жайылымдардағы, бұталардағы шөп-шалаңмен, ағаш өскіндерімен қоректенеді. жәндіктер мен ұсақ омыртқалыларды да жиі пайдаланады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді

Slide 7

Түйеқұстардың кездесетін аумағы Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда

Slide 8

Қазіргі кезде түйеқұстарды көптеген елдерде арнайы фермаларда өсіреді. Қазақстанда алғаш рет Қостанай облысындағы Қарабатыр шаруа қожалығында қолдан өсіріле бастады. Қазір мұндай арнайы фермалар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданның Есік елді мекенінде, Шымкент қаласының маңында бар. Түйеқұстәрізділердің еті, жұмыртқасы және қауырсындары өте қымбат бағаланады.

Тірі салмағының 60 пайызы еттен тұрады, еті мейрамханаларда диеталық тағам ретінде ұсынылады.

Slide 9

Тұйеқұс жұмыртқасы, тауык және бөдене жұмыртқасының көрінісін салыстыру.

салмағы 1, 5-2 кг-дай жұмыртқасын қуырып, 12-14 адамды тамақтандыруға болады.

Slide 10

Ерекшеліктері

Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2, 5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектесед

Slide 11

Түйеқұстар көбінесе ашық алаңқайларда жайылғанды жақсы көреді. Өздеріне нәсіп етілген керемет жүндері арқылы күндіз ыстықтан, түнде суықтан қорғанып денелерінің жылу температурасын сақтайды. Ешқандай термодинамикалық сабақ алмаса да қатты ыстықта жүндерін желпу арқылы салқындайды. Қанаттары жылу температурасын реттеумен қатар дұшпандарын қорқыту және өз серігін таңдау ісінде көп көмегін тигізеді. Еркегі ашу шақырған уақытта мойны мен басын тік көтеріп көкірегін керіп құйрық жүндерін тікірейтеді. Көбею кезінде топ-топтарға бөлінеді.

Slide 12

Бастарын құмға көметіні рас па?

Көпшілік сенетін түйеқұстың қатты қорыққанда басын құмға жасыруына келсек, түйеқұстар қорек іздеп жүріп те кейде жердегі тесіктерге бастарын сұға береді. Өте бір сыршыл түйсікке ие түйеқұс қатер төнген кездерде алыста тұрған тас кейпін елестетіп басын екі аяғының арасына жасырып қимылсыз, тұрған орнында қатып қалатын кездері болады. Қандай да бір аңның қолына түсе қалған жағдайда өліп қалған кейіп танытып, сұлай кететін түйеқұстар түнгі кездерде де осылай ұйықтайды. Міне, осылайша бастарын құмға көму жағдайы түйеқұстардың әлгіндей қорғануынан туындаса керек.

Slide 13

Түйеқұстардың жұмыртқасы

Түйеқұстар орташа алғанда 18-24 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жақсы бапталған түйеқұстар жылына 40-80 пар жұмыртқа бере алады. Түйеқұс жұмыртқасы 1-1, 5 кг салмағымен ең үлкен жұмыртқа түріне жатады. Түйеқұстың бір жұмыртқасы тауықтың 25-30 жұмыртқасына тең. Протеин мен витаминге бай келетіндіктен түйеқұстың бір жұмыртқасымен 20 адамды еркін тойдыруға болады.

Slide 14

Қаңқасы

Түйеқұстардың төсi қырлы сүйексiз жалпақ болады. Құстардың бас сүйектерi де өте жеңiл болады. Ми сауытын құрайтын сүйектерден басқа астыңғы және үстiңгi жақ сүйектерi бар. Бiрақ жақ ұзарып тұмсыққа айналып кеткен. Жақ сүйектерден терi тектес тiс пластинкасы болады. Құстардың алдыңғы аяғының құрылысына көп өзгерiс кiрген. Бiрiншi саусақ нашар жетiлген басқа саусақтардың тек қана болмашы қалдығы сақталған. Саусақтардың қалдықтары құстың алдыңғы аяқтарының ұшуға бейiмделiп қанатқа айналғандығын көрсетед

Slide 15

Түйеқұстәрізділердің аяқтары ұзын әрі өте мықты. Сирақтары мен жіліншіктерінде қауырсын болмайды. Сүйек ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген, құйрық (шонданай) безі болмайды, ішегі ұзын, етті қарыны қалың. Жер бетіндегі екі саусағы бар бірден бір құс.

Slide 16

Қауырсындары

Қауырсындары денесін біркелкі жауып жатады, оның желпуіштерінде ілмекшелері болмайтындықтан, жеке-жеке шашақталып тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Түйеқұстардың кездесетін аумағы
Түйеқұстың жұмыртқалары
Құстар жайлы жалпы сипаттама
Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы
Вольфартиоз. Маллофагоздар
Асыл тұқымды құстар
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Аңдардың терісі және оның туындылары
ТҮЙЕТАУЫҚ ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz