Зәр жолдары аурулары




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы:Урологиялық бұзылыстары бар науқастарға
паллиативті мейіргерлік күтімді ұйымдастыру.
ЖОСПАРЫ
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1. Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгерістері;
2. Науқастың шағымдары;
3. Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар).
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда,
болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық
күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып,
ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын)
қадағалайтын жүйе.
Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгерістері
Қошқыл-қызыл, “ет жуындысы” түстес – қан араласу
(гематурия)
Лайлану, жалқық, шырыш, ірің араласу – қабыну процесс
көріністері
Тұздар, ұсақ тастар, тұнба түсу – несеп тас ауруы көріністері
Жағымсыз аммиак иісі – зәр жолдарындағы қабыну процестің
белгісі
Бүйрек ауруларының себептерін,дамуын,клиникалық ағымын
зерттейтін,оларды емдеу алдын алу жолдарын қарастыратын
ішкі аурулар бөлімі нефрология деп аталады.Урология зәр
шығару жүйесінің хирургиялық ауруларын зерттейді.
Бүйректің негізгі қызметі-бөліп шығару.Бүйрек ағзадан суда
еріген тұздарды,зат алмасу өнімдерін бөліп шығарады.Қалыпты
жағдайда бүйрек несеп түзу мен бөлуден басқа қызметтер де
атқарады.Ол айналымдағы қан көлемін,кальций фосфоро
алмасуын,зат алмасуыныңбарлық түрлерін,артериялық
қысымды реттейді.
Тәулік бойы бөлінетін зәр мөлшері диурез деп аталады,қалыпты
жағдайда ересек адамдарда диурез 1000-2000мл болып,ішке
қабылданған сұйықтықтың 50-80% құрайды.Сұйықтықтың алған
мөлшері өкпе арқылы,тері арқылы және 100мл-ге дейін нәжіспен
бөлінеді.
Диурездің кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз болуы) нақты
анурияның белгісі болуы мүмкін. Зәрдің кенет бөлінуінің азаюы
немесе зәрдің кенет тоқтауы зәрдің өткір шықпай қалуының белгісі,
бұл кезде қуықта зәр болады, бірақ әртүрлі себептермен зәр сыртқа
шықпайды. Мұндай жағдай несеп арнасының таспен немесе ісікпен
бітелуіне байланысты. Диурездің біршама көбеюі бүйректің
қызметінің қалпына келе бастағанының белгісі. Дизуриялық
көріністер – ауырсыну және жиі зәр шығуы–көбінесе зәр шығару
жолдарының қабынуымен байланысты (цистит, уретит, простатит),
сонымен қатар несеп ағарда тас болғанда кездеседі.
Дені сау адамда зәр қасиеттері:сабан сары,иіссіз,мөлдір
тығыздығы тәулік бойы 1006 дан 1026-ға дейін,реакциясы-әлсіз
қышқылды;тұздар-аз мөлшерде,цилиндер,бактериялар болмайды
Зәр жолдары аурулары

• Цистит (жіті және созылмалы)
• Уретрит
• Несептас ауруы
• Қатерлі ісіктер (қуық қатерлі ісігі)
• Аталық без аденомасы
• Зәр жолдары туберкулезі
Зәрдің түсі науқас қабылдап жүрген әртүрлі дәрілік заттардың
зәрде болуы әсерінен өзгеруі мүмкін. Қоңыр түсті, кейде қызыл
түс деп қалуы мүмкін, ол зәрдің құрамындағы зәр
қышқылдарының тұздары (ураттар) кездесуінен болады. Тұнбаға
түсетін ураттар зәрдің мөлдірлігін өзгертеді: ол мөлдір немесе
лайланған. Лайланған зәр көп мөлшердегі лейкоцитер (пиурия)
мен бактериялардың қосылуынан болады.
Несеп бөлу-ағзадан өмір сүру өнімдерін сыртқа шығарумен
сипатталатын адамның физиологиялық қажеттілігі.Қуықта,250-450
мл зәр жиналған кезде зәр бөлуге қажеттік сезімі пайда болады.
Зәр шығару жүйесі ауруларында науқастарда әртүрлі шағымдар
байқалады.Оларға:ісіктер,зәр бөлінуінің бұзылулары,бел аймағында
ауырсыну,қан қысымының көтерілуі т.б. Жатады
Ісіктер-ағза ұлпаларында және қуыстарында сұйықтықтың
жиналуы.Ісік түрлері:
o Пайда болуына қарай:жарақаттан кейінгі,аллергиялық;қан немесе
лимфа ағымының бұзылуымен байланысты;горманальды өзгерістер
салдарынан дамитын ісіктер;
o Орналасуына тарауына қарай:жергілікті-дененің белгілі бір
бөлігінде,анасарка-ағзаның жалпы існуі.
o Анықталуы бойынша:айқын-көзбен немесе пальпаторлы
анықталады;жасырын-көзбен көрінбейді;аспаптық әдістер,дене
салмағы,тәуліктік диурезге қарай анықталады;асцит-сұйықтықтың
құрсақта жиналуы.
Науқастың шағымдары
2 топқа бөлінеді:
• Ренальдық (бүйректік)
• Экстраренальдық (бүйректен тыс)
Ренальдық шағымдар
1. Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгеруі: түсі, мөлдірлігі, иісі
өзгеруі, қоспалардың болуы
2. Зәр бөлінудің бұзылыстары: дизуриялық көріністер
3. Ауыру сезімі: бел тұсында, несепағар бойымен, қуық тұсында
Экстраренальдық шағымдар
• Бүйректік ісінулер;
• Бастың ауруы, көз көруінің нашарлауы;
• Қызба, дене t-ның көтерілуі;
• Дене қышуы, терінің құрғауы;
• Жүрек айну, құсу, іш өту, жүдеп арықтау;
• Мұрыннан қан кету, ұйқышылдық;
• Әлсіздік, жұмысқа қабылетсіздік;
• Жүрек қағу, ентігу, жүректің ауруы.
Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар)
Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар)
Поллакиурия – жиі-жиі зәр сындыру (кіші дәретке жиі отыру) –
тәулігіне 7 реттен көп.
• Қуық, үрпінің қабынуына тән белгі
• Қуықтың сырт жағынан басылуынан (асцит, жүктілік), қуықтың
сиымдылығы азайғандықтан да болады.
Странгурия – зәрдің тамшылап, ауыру сезімімен қосарлана бөлінуі.
• Қуық қабынуы, үрпі қабынуына тән симптом.
Ишурия-зәрдің қуықта бөгелуі
• Қуықтан төмен зәрдің жүруіне механика-лық кедергі болуы
(несептас ауруы, аталық бездің аденомасы, үрпінің ісіктері)
• Жұлынның зақымдануы, миға қан құйылу
Полиурия – тәуліктік зәр мөлшерінің 2000 мл-ден артуы
• Бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияның азаюы (салурез, диурез
көбеюі)
• Бүйректік полиурия – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне
байланысты
• Бүйректен тыс - қантты диабет, қантсыз диабет, ісінулер қайтуы
Олигурия – тәуліктік зәр мөлшерінің 500 мл ден төмен болуы
Жіті гломерулонефрит, бүйрек травмалары, нефротроптық улармен
улану, шок, құсу, диарея, ісінулер.
Анурия – тәулік бойы зәрдің мүлдем бөлінбеуі.
Бүйрек үсті ануриясы: бүйрекке келетін қан мөлшерінің күрт
төмендеуі (шок, коллапс, қан кету, бүйрек артерияларының тромбозы,
басылып қалуы), организмнің сусыздануы (қатты терлеу, тоқтаусыз
құсу, қайталап іш өту).
Никтурия – күндізгі және түнгі диурез ара қатынастарының бұзылуы
(түнгі диурез мөлшерінің көбеюі).
Ісіктер әдетте зәрдің бөлінуінің азаюымен байланысты. Диурездің
кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз болуы) нақты анурияның
белгісі болуы мүмкін. Зәрдің кенет бөлінуінің азаюы немесе зәрдің
кенет тоқтауы зәрдің өткір шықпай қалуының белгісі, бұл кезде
қуықта зәр болады, бірақ әртүрлі себептермен зәр сыртқа шықпайды.
Мұндай жағдай несеп арнасының таспен немесе ісікпен бітелуіне
байланысты. Ісіктер әдетте зәрдің бөлінуінің азаюымен
байланысты. Диурездің кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз
болуы) нақты анурияның белгісі болуы мүмкін.
Зәр шығару жүйесі патологиясында ауырсыну бүйрек аймағында
несепағар бойымен,қасаға аймағында,зәр шығару каналында
байқалады.Бүйрек шаншуы-жіті,ұстама тәрізді қатты ауырсыну,бел
аймағында байқалады және шат аралыққа,санның ішкі аймағына
беріледі,зәр бөлінудің бұзылуларымен сипатталады.Жедел несепағар
өткізгіштігі бұзылуында байқалады.Науқаста ұстама кезінде жүрек
айну,құсу байқалады.Қатты ауырсынудан жағдайын жеңілдететін
қалыпты іздейді,бүгілгін аяқтарын ішіне қарай жинап ауырған жағына
қарай қисаяды.
Зәр шығару жүйесі қызметі бұзылысында мейіргерлік үрдіс
Науқастан қажетті мәләметтерді алу үшін шағымдардың қашан
басталғанын,қалай басталғанын,қатты толқу,күйзеліс,жүйкелі-
психикалық күшпен байланысын анықтау қажет.
Сонымен қатар,науқастан зиянды әдеттері туралы (ішімдік ішу),ас
мәзірінің құрамында көптеген ащы,тұзды,кептірілген тағамдардың
бар-жоқтығын,тәулігіне қанша сұйықтықтар қабылдайтынын,ұзақ
уақыт дәрі-дәрмектер қолданғанын нақтау маңызды.
Науқастан сұрастыру кезінде тұрмыстық жағдайы туралы,ал
әйелдерде жүктіліктің ағымы туралы сұрастыру қажет.
Зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін
қауіпті факторлар:
• Тоңазу;
• Ішімдік;
• Шылым шегу,
• Физикалық және психикалық күш түсу;
• Тамақтағы жиі ауырсыну,тістердің кариеске ұшырауы;
• Тұзды,ащы тағамдарды шетен тыс қолдану;
• дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану;
• Мезгілге лайықсыз киіну;
• Кезейсоқ,тәртіпсіз,жыныстық байланыстар;
• Еңбектегі зиянды жағдайлар;
• Жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтамау.
Потенциялды
Жіті зәр ұстамау;
Тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылу қауіпі;
Бел аймағындағы ауырсыну
Дизурия.
Әлеументтік,психологиялық проблемалар
Өзін-өзі күтудің жетіспеушілігі;
Әлеуметтік оқшаулану;
Өзін күтудің жетіспеушілігне байланысты бейімделу
мәселелері;
Өзінің жағдайы туралы білімінің жеткіліксіздігімен
байланысты болған өзінің өмірі үшін қоқыныш.
Науқасты жалпы жоспар бойынша қарап,бөліну қажеттілігін
қанағаттандыру бұзылысына тән объективті мәліметтерді
жинау қажет:
Науқастың қалпы(бүйрек шаншуы,үлкен ісіктер кезіндегі
мәжбүрлік қалпы);
Теріні қарау(бзғылт,қабақтардың,беттің ісінуі,несеп ұстамау
кезіндегі мацерация,ойықтпр);
Ауыздан зәр иісі шығу;
Зәрді көзбен қарау(түсі,көлемі,мөлдірлігі,қоспалар)
3 тәулік сайын су баланысын салыстырмалы түрде өлшеу
(науқасты өлшеу);
3 тәлік сайын салыстырмалы түрде салмағын өлшеу;
Дене қызуының көрсеткішін анықтау;
Қан қысымының көрсеткішін анықтау.
Бөлу қажеттілігін қанағаттандыру бұзылыстарында
науқастарда жиі кездесетін мейіргерлік диагноздар:
Ісіктер;
Зәр ұстамау
Қорытынды:
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат
алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық
заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын
(қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Тәулік бойы бөлінетін зәр
мөлшері диурез деп аталады,қалыпты жағдайда ересек адамдарда диурез
1000-2000мл болып,ішке қабылданған сұйықтықтың 50-80%
құрайды.Сұйықтықтың алған мөлшері өкпе арқылы,тері арқылы және
100мл-ге дейін нәжіспен бөлінеді.
Зәр шығару жүйесі қызметі бұзылысында мейіргерлік үрдіс
Науқастан қажетті мәләметтерді алу үшін шағымдардың қашан
басталғанын,қалай басталғанын,қатты толқу,күйзеліс,жүйкелі-психикалық
күшпен байланысын анықтау қажет.
Сонымен қатар,науқастан зиянды әдеттері туралы (ішімдік ішу),ас
мәзірінің құрамында көптеген ащы,тұзды,кептірілген тағамдардың бар-
жоқтығын,тәулігіне қанша сұйықтықтар қабылдайтынын,ұзақ уақыт дәрі-
дәрмектер қолданғанын анықтау маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.“Ішкі аурулар пропедевтикасы” С.Қ. Асауова,Г.Т
Нуратдинова
2.“Ішкі аурулар” А.А.Оспанова
3.“Внутренние болезни” Н.И.Федюкович
4.“Сестринское дело в терапии” А.Д.Филиппова
5.“Ішкі аурулар” Б.С.Қалимурзина

Ұқсас жұмыстар
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
БҮЙРЕК ТАСТАРЫ
Созылмалы бүйрек қабынуы
Зәр тастар
Несеп жыныс сипаттама
АЙМАҚТЫҚ ЖАРНАМА
Жедел панкреатитті жіктеу
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Жедел панкреатит
Туа пайда болған гидронефрозы бар циркумцизия жасау, циркумцизия жасалмағандармен салыстырғанда зәр шығару жолдары инфекциясын төмендетуін дәлелдеу
Пәндер