Интернеттің тарихы, протоколдары, қызметтері және компьютерлік желілердің құрылымы


Slide 1 Slide 2

Жоспар:

Интернеттің шығу тарихы

Интернеттің теориялық негіздері.

Интернет қызметтері.

Компьютерлік желілер.

Slide 3

1965 жылы әскери аймақтағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы компьютерлердің бірігіп жұмыс істеу модельдерін әзірлеуді бастайды.

1969 жылы Ұлттық масштабтағы бірінші желі ARPANET АҚШ-тың қорғаныс министрлігінде құрылды. Бұл желі бірнеше ірі ғылыми, зерттеу және оқу орталықтарын байланыстырды.

Slide 4

1983 жылы телефонның байланыс жолымен желіге қосылу мүмкіндігін беретін «TCP/IP хаттамасы» деп аталатын APRANet-ке жету механизмі іске қосылды.

1983 жылы TCP/IP хаттамасының пайда болуы мен APRANet-тің бөлінуі (MilNet желісі және InterNet желісі) бір мезгілде орындалды.

Яғни, интернет желісі 1983 жылы пайда болды.

Slide 5

Интернет сөзі халықаралық желі (INTERna tional NETwork) деген мағынаны білдіреді. Интернет - бұл жер жүзіндегі компьютерлер мен серверлердің жиынтығы. Ол клиент-сервер желісі, себебі онда ақпаратты сақтайтын серверлер бар және ақпаратты басқа компьютерлерден алатын клиенттер бар.

Сервер (ағл. т. server - қызмет көрсетуші құрылғы) - қолданушылар арасында ақпараттарды тарататын компьютер.

Slide 6

Компьютерлік желіні құрғанда құрылғылардың электрлік және механикалық сипаттамаларының сәйкестігін бақылау үшін OSI моделі құрылған (ашық жүйелердің байланысу моделі) .

Бұл модель ISO - стандарттаудың халықаралық институтының техникалық ұсыныстарының негізінде құрылған.

ISO/OSI моделі бойынша компьютерлік желілер құрылысын жеті деңгейде қарастырады:

Slide 7

Физикалық деңгей - байланыс жолының физикалық сипаттамалары анықталады;

Каналдық деңгей - желі түйіндерінің физикалық деңгейді қолдану ережесі анықталады;

Желілік деңгей - хабарды адрестеу және жеткізуге жауап береді;

Транспорттық деңгей - хабарлама компоненттерінің жүру кезегін анықтайды;

Slide 8

Сеанстық деңгей - әр жұмыс станцияларындағы екі қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланысты реттейді;

Ұсыну деңгейі - компьютер ішіндегі форматтағы мәліметтерді ұсыну форматына түрлендіреді;

Қолданбалы деңгей - қолданушыға желілік бағдарламалармен байланыс жасау мүмкіндігін береді.

Slide 9

Жеті деңгейдің әрқайсысында қажетті сәйкестікті орнату үшін хаттама деп аталатын арнайы стандарттар қолданылады.

Олар екі түрге бөлінеді:

аппараттық;

бағдарламалық.

Slide 10

TCP/ІP - Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

TCP(Transmіsson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпараттарды дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

ІP (Іnternet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге бөлетін торапаралық хаттама.

Slide 11

ҒТР (Fіle Transfer Protocol) - бұл файлды тапсыру хаттамасы.

Ол интернет арқылы файлдарды жіберілуі үшін қолданылады.

Осы керекті файлдарды үзбей алып тұрудағы серверлер хаттамасы ҒТР - серверлері деп аталады.

Slide 12

Интернеттегі әр компьютердің бірегей адресі болады.

TCP/IP хаттамасында әр компьютер төртке бөлінген ондық сандармен адрестеледі.

Олар 0-ден 255-ке дейінгі мәнді қабылдай алады. Компьютер адресі мына түрде белгіленеді: http://172. 16. 1. 3

Осындай адресті ІР-адрес деп атайды. IP-адрес екі бөліктен тұрады. Біріншісі желі адресі, екіншісі желідегі компьютер адресі.

Slide 13

Интернеттегі адрестеу

193. 162. 230. 115

0. . 255

0. . 255

0. . 255

0. . 255

IP-адрес:

w. x. y. z

желі нөмірі + компьютердің желідегі нөмірі

Желі кластары

w

Желі нөмірі

Компьютер нөмірі

Желілердің саны

Компьютерлердің саны

A

1. . 126

w

x. y. z

126

16777214

B

128-191

w. x

y. z

16384

65534

C

192-223

w. x. y

z

2097151

254

D және E кластары қызметтік мақсатта

қолданылады.

Slide 14

Домен - ортақ қасиеті бойынша бірікті-рілген компьютерлер тобы.

1-деңгейлі домендер (домендік аймақтар)

Ұйым түрі

Ел аты

. com коммерциялық ұйымдар

. kz Қазақстан

. edu білім беру

. ru Ресей

. gov АҚШ үкіметі

. ua Украина

. mil АҚШ-тың әскери ұйымдары

. uk Ұлыбритания

. org, . net әр түрлі ұйымдар

. it Италия

. info ақпараттық сайттар

. jp Жапония

. biz бизнес

. cn Қытай

Интернеттегі адрестеу

Slide 15

URL (Uniform Resource Locator) - құжаттың Интернеттегі әмбебап адресі.

http: // www. vasya. ru / images/new/ qq. jpg

сайт адресі

каталог (бума)

Файл аты

http: // www. vasya. ru

сайттың бастапқы беті : index. html, index. htm

ftp: // files. vasya. ru / pub / download / qq. zip

FTP-сервердегі файл

хаттама

Интернеттегі адрестеу

Slide 16

Интернетте жұмыс істеу үшін аса маңызды деректер қорына жетуге арналған желіге қосу құралы - браузер бағдарламалары қолданылады. Олар:

Internet Explorer;

Mozilla Firefox;

Google Ghrome;

Opera.

Slide 17

Интернет қызметтері

Терминалдық режим - Telnet -- бұл компьютерді алыстан басқару қызметі. Көп жағдайда Telnet хаттамаларын техникалық обьектілерді қашықтан басқару үшін қолданады, мысалы телескоптарды, видеокамераларды, өндірістік роботтарды.

Электрондық пошта - e-mail - интернеттің барлық желісіне қосылған қызмет түрі. Ол адамдарға бүкіл әлем бойынша файлдарды алу және беру мүмкіндігін береді.

Slide 18

Тізімді тарату - Mail List - бұл арнайы тақырыптық серверлер.

Телеконференциялар қызметі - Usenet мұнда бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топтарға жіберіледі. Мұндай топтар телеконференциялар немесе хабарлар тобы деп аталады.

WWW - World Wide Web - бүкіләлемдік өрмек - Интернеттің аса танымал қызметі. Ол әр әлемге таралған және ақпараттың аса көп көлемінен тұратын Web-серверлер жиынтығынан тұрады.

Slide 19

Web- парақ (гипертмәтіндік құжат) - бұл HTML тіліндегі құжат. Мәтіндік құжаттан айырмашылығы, ол басқа құжаттарға сілтемелерден тұруы мүмкін.

Парақ деп адресті енгізгенде немесе сілтеме бойынша жүргенде браузер көрсететін аймақты айтады.

Сайт (веб-сайт) - ақпараттық, техникалық және навигациялық аспектілерде бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып құрылған парақтардың бірігуін айтады. Көбіне сайттың барлық парақтары домендік атқа ие.

Slide 20

Гиперсілтеме - әрбір сөзі немесе сөз тіркесі басқа құжатқа сілтеме бола алатын мәтінді айтады.

Гипермедиа - ішінде мәтін, сурет, дыбыс, видео болатын активті сілтемелерден тұратын құжаттар.

Жүйелік администратор - локальды компьютерлік желіде қатысушылар жұмысын ұйымдастыруды басқаратын адам.

Шлюз - әртүрлі хаттамалармен жұмыс істейтін бірнеше локальды желілерді байланыстыру үшін қолданылатын арнайы құрал.

Slide 21

Компьютерлік желі дегеніміз - желілік кабельдермен біріктірілген компьютерлер және басқа да құрылғылар (принтер, модем және т. б. ) жиынтығы.

Кез-келген компьютерлік желі:

топологиясымен;

хаттамаларымен;

интерфейсімен;

желілік техникалық және программалық құралдарымен сипатталады.

Slide 22

Компьютерлік желілерді құрастыру негіздері:

құрылғыларды электрлік және механикалық сипаттамалары бойынша сәйкестендіру;

ақпараттық қамтамасыздандыруды кодтау жүйесі мен деректер форматы бойынша үйлестіру.

Slide 23

Локальді желі (LAN - Local Area Network) ;

Аймақтық желі (қалалық) (MAN - Metropolitan Area Network

Глобальді желі (WAN - Wide Area Network) .

Slide 24

Локальды желі - аса үлкен емес қашықтықта орналасқан компьютерлердің байланысы (бір рангілі желі) .

Желінің бұл түрі 50м - 1000м аралықтағы ғимараттардағы компьютерлерді байланыстырады.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Интернеттің тарихы, архитектурасы және негізгі қызметтері мен протоколдары
Желілердің дамуы, Интернеттің құрылымы және негізгі қызметтері
Интернет: анықтамасы, тарихы, протоколдары және қызметтері
Интернеттің тарихы, протоколдары, электрондық пошта мен браузерлер: пайдасы және зияны
Компьютерлік желілер және Интернет: құрылымы, түрлері мен протоколдары
Интернеттің тарихы, құрылымы және негізгі принциптері
Интернеттің дамуы, құрылымы және негізгі қызметтері
Интернеттің құрылымы, негізгі принциптері және қолданбалы хаттамалар
Интернеттің құрылымы мен қызметтері: WWW, URL және HTTP негіздері
Компьютерлік желілердің түрлері мен топологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz