Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық




Презентация қосу
“АС ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ ҚЫЗМЕТІН
НЕЙРОГУМОРАЛЬДЫ РЕТТЕЛУДІҢ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”
ЖОСПАР:

1.Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
2.1. Балалардың ас қорыту жүйесінің
анатомио-физиологиялық ерекшеліктері
2.2. Ас қорыту бездері
3.Қорытынды
Асқорыту бездерінен бөлінетін
сұйықтық
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп
атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар
өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту
мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары
бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл – өт, сілекей бездерінен
бөлінетін сөл – сілекей және т. б.
Асқорыту бездерінің қызметі
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы
И.П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы
іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің
ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Онда
жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын
көруге және суретке түсіріп алуға болады.
Сілекей безі
Сілекей безі (слюнная железа) (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva —
сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.
Сілекей безі:
1. Құлақаймағы сілекей безі
2. Жақасты сілекей безі
3. Тіласты сілекей безі
Орналасу орнына сәйкес сілекей безі — қабырғалық және
қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғалық сілекей
безі ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай, тіл
бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен
өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ)
және төменгіжақ (ал- қым) бездері жатады. Сілекей безінің сөлі ауыз
қуысына түскен азықты дымқыддандырып жібітеді. Сілекейдің
құрамында көмірсуларды ьщыратуға қатысатын ферменттер болады.
Ұйқы безі
Ұйқы безі (поджелудочная железа) (лат. pancreas — үйқы
безі) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі
ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі.
Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары
инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі
құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан
шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он
екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық
(лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе
сопақ¬ша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық
жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп
кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның
мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін
глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны
қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың
гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар
қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін
гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің
түзілуін реттейді.Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы
ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Аңдардың асқорыту жүйесі
Асқорыту бездерінің гормондары
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Ішкі секреция бездері
Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек
Плазманың құрамы
Аралас бездер
Асқорыту жүйесінің қызметі
Пәндер