Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы



"Сын тұрғысынан оқыту технологиясы: мәні, мазмұны, ерекшеліктері"

Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады

Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л. Ситл,
Куртис С. Мередит,
Чарльз Темпл.
Жоба негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:

Ал оқушылар осыған байланысты:

Тек сонда ғана олар осы сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:

Шақыру
Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер)
Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
Кластер
Кесте
«Б-Б-Б»
«Миға шабуыл»
Болжам (сурет, портреті бойынша)
Қажетті сөздер бойынша болжам
Тәсілдері

Іске асыру
insert
әдісі бойынша белгілеу
мен мәтінді оқу
Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету
Тәсілдері

Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:

Білуі қажет:


Миға шабуыл стратегиясы
Миға шабуыл стратегиясы - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз) . Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс -тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады) . - Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. - Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады - бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Куббизм стратегиясы
Куббизм стратегиясы - Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі) Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) Ой толғау (бұл неден жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 - сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі - түсті түрде пайдалануға болады.

Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы - Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? - бар.

Венн диаграммасы стратегиясы - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер. (тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Венн диаграммасы стратегиясы

Назар аударғандарыңыз үшін РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz