Терінің қызметі




Презентация қосу
“Терінің қызметі.
Терінің туындылары”
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері
ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді
сыртқы ортаның механикалық әсерінен
(соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері
микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды
өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері
ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады.
Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар.
Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты
ауытқығанымен, адамның дене температурасы
үнемі тұрақты болады. Дене температурасының
үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз
ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу
дейді.
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты,
серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін
қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі
мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың
мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға
шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың
енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының
ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың,
суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап,
өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз.
Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің
қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар,
мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп
отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті
ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар
(хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу
өнімдері сыртқа шығарылады. Тері
қанайналым үдерісінде қан сақталу
қоймасының да қызметін атқарады. Ересек
адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей
қан болады. Теріде көптеген жүйке
талшықтары, сезгіш жасушалар
шоғырланған. Сондықтан тері сезім
мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері
арқылы бір заттың жанасқандығын,
температураны, ауырғанды сезеді.

Терінің витаминдер алмасуына да қатысы
бар. Теріде болатын ерекше заттардан
күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д
витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде
газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті
сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам
терісіндегі тер, май және сүт бездері
арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде
ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Терінің құрылысы
Адам терісі негізінен үш
қабаттан тұрады. Терінің
сыртқы қабаты - эпидермис
(лат. ері - сырты, үсті, derma -
тері), ортаңғы қабаты - нағыз
тері (дерма), ішкі қабаты - шелді
қабаты деп аталады. Соңғы
кезде шелді қабатпен нағыз тері
қабатын біріктіріп, бір қабат
деп санауда.
Терінің құрылысы:
□ 1 — жанасқы денешік, 2 —
жүйкенің бос ұшы, 3 —
тақташалы денешік, 4 —
Tepi түгі, 5 — терінің үстінгі
қабаты, эпидермис, 6 —
нағыз тepi қабаты, 7 — май
безі, 8 — түк ұясы, 9 —
терідегі тамырлар, 10 —
дәнекер ұлпасы, 11 — тер
безі, 12 — шелдегі май
ұлпасы

□ Терінің эпидермис қабаты - көп
қабатты жалпақ эпителий
(жабын) ұлпасынан тұрады.
Оның қалыңдығы атқаратын
қызметіне сәйкес түрліше
болады. Үнемі механикалық
күш түсетін жерлерде
(алақанда, табанда) эпидермис
едәуір қалың (0,5-2,3 мм).
Көкіректе, құрсақта, санда,
білекте, мойында эпидермис
қабатының қалыңдығы 0,02—
0,05 мм-ден аспайды.
□ Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы
қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы
тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі
түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың
арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді
қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен
қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді.
Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда
болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат
дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар
орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі
арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші
қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі
тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін
тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты
(дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді.
Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді
дерматолог деп атайды.
□ Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның
қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса
орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый),
ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді.
Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты
дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары,
лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі
орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік
заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады.
Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге
байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше
болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ
ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді.
Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады.
Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері
орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де
сыртқы секреция бездеріне жатады.
□ Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің
сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде
ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта,
тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен
бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген
тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.
Балаларда тер бездері нашар дамыған.

□ Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып,
түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген
май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды
өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін
қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек
болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин)
бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні
бар.
Терінің қызметі
□ Тері - ағза мен қоршаған □ Тер бездері тер бөледі.
ортаны Денеден тер бөлінгенде —
байланыстырушы мүше. адам салқынды сезеді. Бұл
Терінің қызметі
денеміздегі барлық денені ысып кетуден
мүшелер жүйесінің сақтайды. Терідегі май
қызметімен тығыз бездері май бөледі. Tepi
байланысты. майы шашты және
Мүшелердің, мүшелер терінің үстін майлайды,
жүйесінің қызметінің теріге жұмсақтық және
бұзылуы теріден айқын
байқалады. Мысалы, серпімділік қасиет береді.
терінің қызаруы,
қышуы, бөртуі, т. б.
Жылу реттеудегі терінің маңызы.
□ Tepi — жылу реттейтін мүше. Адам денесінің қызуы бip қалыпты, тұрақты болады.
Жылдың бар маусымында, адам тыныққанда немесе жұмыс істегенде дененің қызуы
+37°С-тан аспайды. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері
тepi арқылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға бөлініп отырады.
Организмде жылу өндірілуі мен оның бөлінуі тепе-теңдікте болады. Егер мұндай
тепе-теңдік жойылса, онда организм ысып,жойған болар еді.Жылудың бөлінуі адамның
тіршілік ету жағдайына байланысты.
□ Ауаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларының қабырғасы кеңейеді,
соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақ-тарына қанның ағымы көбейеді де,
өзіндегі жылудың артық мөлшерін сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы
жоғарыласа, онда жылудың бөлінуне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның
ыстық, құрғақ климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр
жауатын тропикалык аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады. Бұл қанайналым,
жүрек, тыныс мүшелеріне шамадан тыс ауыртпалық салады, денсаулыққа әсер етеді.
□ Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды iшкі мүшелер қызметіне
сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді.
□ Егер ыстық күндері дене еңбегімен шұғылданса, онда тер көп бөлінеді. Дененің
үстінен су буланғанда оған организмнің артық жылуы жұмсалады да, температурасы
тұрақты деңгейде сақталады. Өте ыстық климат жағдайында бip тәулікте организмнен
12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күш
түседі. Сонымен бipгe тердің құрамымен организмдегі маңызды тұздар кеп бөлініп,
оның қызметіне тepic әсерін тигізуі мүмкін.
Шаш және тырнақ
□ Шаш және тырнақ- бұлар терінің
мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып
тұрады. Теріде шаштың түбi болады.
Оның түбіне қан тамырлары, жүйке
талшықтарының ұшы мен бұлшық ет
талшықтары ұштасып жатады.
Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға
байланысты. Бояғыш заттардың
ыдырауынан шаш ағарады.
□ Тырнақ саусақ басын закымданудан
қорғайды.
□ Терінің астында май торлары бар. Ол —
терінің ең терең жатқан қабаты. Май
торлары iшкi мүшелерді жауып тұрады
және оларды әр түрлі зақымданудан және
организмді салқындаудан сақтайды,
сондай-ақ энергия қоры болып табылады.
□ Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда
майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды
ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны
суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды.
Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері.
Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың
өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып
тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен
жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк
қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер
және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк
қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді),
теріні майлап тұрады.

□ Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді
түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.
Тырнақтың құрылысы
Қажетсіз заттары бөліп шығаруы
□ Бөлу қызметі зат алмасумен тікелей
байланысты. Тер арқылы су, аммиак, несепнәр
(мочевина), минералдық тұздар және т. б.
заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну
мөлшері сыртқы ортаның температурасына,
атқаратын жұмысқа байланысты. Сезгіштік
қызметі теріде болатын сезгіш жасушалар
мен жүйке талшықтарына байланысты.
Солар арқылы температураны, ауырсынуды
және т. б. сезеді. Жылуды реттеу қызметі
дене температурасының бірқалыпты деңгейде
сақталуымен байланысты.

Ұқсас жұмыстар
Нағыз тері қабаты
Терінің сыртқы қабаты
Терінің құрылысы. Терінің қызметі
Балалардың терісі
Тері гигиенасы туралы
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
Терінің құрылысы
Оқыстан болған жағдайлардан азап шеккен адамдарға 1 ші көмек көрсету
Тері
Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты
Пәндер