Микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін зерттеу әдістері


Slide 1

Тақырыбы: “Микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу әдістері”

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Slide 2

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім

2. 1. Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі

2. 2. зерттеу тәсілдері

3. Қорытынды

Жоспар:

Slide 3

Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі әр түрлі болып келіп, жасушалар түзетін ферменттердің қасеттеріне және қоршаған ортаның жағдайларына байланысты болады. Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау үшін орындалатын тәсілдердің бірі болып табылады.

Slide 4

Микроорганизмдердің казеинді гидролиздеу қабілеті Эйкманның сүт қосылған агарында анықталады. Бұл агарды дайындау үшін су моншасында балқытылған стерильді 10 мл ЕПА-на 3 мл стерильді майсыздандырылған сүтті араластырып, Петри шыныларына құйғаннан кейін суытады. Микроб өсіндісін осы қоректік ортаға бактериологиялық ілмектің немесе шпательдің көмегімен себеді. Қоректік орталар 24-48 сағат бойы термостатта ұсталады. Казеиннің пептонизацияға ұшырауы - микроб колонияларының айналасындағы сүтті агардың мөлдірленуіне әкеледі. Бактерияларды сүтке себу кезіндегі протеолиз сүттің мөлдірленуіне және шыны түтіктің түбінде шырышты немесе борпылдақ тұнбаның түзілуімен сипатталады.

Slide 5

Микробтардың редукциялау қасиеттерін зерттеу қоректік орталарға құйылған органикалық бояулардың (метилен көгінің, малахитті жасылдың, бейтарап қызылдың және т. б. ) түсінің өзгеруін анықтауға негізделген. Қоректік орта ретінде көбінесе сүт қолданылады. Зерттеуге арналған өсіндіні бактериологиялық ілмектің көмегімен бояуы бар қоректік ортаға себеді де, термостатта 24 сағат бойы ұстайды. Микроб ферменттерінің әсерінен бояу түссізденеді немесе оның бастапқы түсі өзгереді.

Slide 6

Минкевич қоректік ортасында микробтардың редукциялау қасиеттерін анықтау. Минкевич ортасы - лакмус тұнбасы бар сүт. Микробтардың өсіндісін термостатта 10 күн бойы ұстап, күнде тексеріп отырады. Лакмустың редукциялануы сүттің толық ағаруымен дәлелденеді. Микробтардың қышқылды немесе сілтілі өнімдерді түзу қасиеттері де осы қоректік ортада анықталады. Бірінші жағдайда лакмусты сүт қызыл түске, ал екінші жағдайда көк түске боялады.

Slide 7

Нитраттарды редукциялау (денитрификация) үшін зерттеуге алынған өсіндіні құрамында 12%-дық азот қышқылды калий ерітіндісі бар ЕПС сеуіп, термостатта 48-72 сағат аралығында ұстайды (37-380 С) . Сонан соң қоректік ортаға калий йоды мен 10%-дық күкірт қышқылы ерітіндісінің белгілі пропорциясынан құралған реактивтің 1 мл-ін қосады. Нитраттардың нитритке ауысуы (редукциялануы) ортаның көк түске боялуымен дәлелденеді. Каталаза бірнеше тәсілдермен анықталынады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

1. Бұлашев А. Қ., Сұраншиев Ж. А., Жұмабаев Х. Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 39-43 беттер.

2. Асонов Н. Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 76-80.

3. Костенко Т. С., Скаршевская Е. И., Гительсон С. С. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 74-80.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сүтқышқылды бактериялардың морфо-культуральдық және физиология-биохимиялық қасиеттерін зерттеу және сүт өнімдері үшін пробиотикалық ұйытқыларды әзірлеу
Микроорганизмдердің биохимиялық механизмдері негізінде ксенобиотиктердің айналымын болжау
Адыраспанның биологиялық ерекшелігі мен дәрілік қасиеттерін зерттеу
Микроорганизмдердің органикалық қышқылдарды өндіруі: түрлері, биохимиялық механизмдері және өнеркәсіптік қолданылуы
Спирттік ашытуда микроорганизмдердің рөлі және биохимиялық негіздері
Адыраспанның биологиялық ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін зерттеу
Биохимиялық зерттеу әдістерінің негізгі принциптері мен техникалары
Жылқы асқазан құрамының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу: сынама алу және зертханалық әдістері
Тағам шикізаттарының қасиеттерін зерттеудің электрохимиялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz