Саяси жанжал əлеуметтік жанжалдың ерекше түрі



Тақырыбы: “Саяси шиеленістер мен дағдарыстар”

ЖОСПАР:
Саяси жанжалдармен шиеленістердің түсінігі мен себептері
Соғыс саяси жанжалдардың бір нысаны ретінде
Саяси жанжалдардың түрлері және қызметтері
Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдіс-тәсілдері
Қазақстанда әлеуметтік және саяси қақтығыстарды
болдырмау үшін технологиялары. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстарды жеңу жолдары

Саяси жанжал теориясындағы негізгі түсінік «жанжал» термині болып табылады. «Жанжал» термині «қақтығыс» сөзінің мəнімен бірдей. Бүгінгі күні əлеуметтік-саяси ғылымдарда жанжал ретінде əртүрлі мүдделердің, əрекеттер мен көзқарастардың, ұстанымдардың немесе жанжалды жағдайлардың басқа да субъектілерінің арасындағы қақтығыстарды түсінеді, субъектілерге саясатта өзіндік орны бар жекелеген тұлғаларды, əртүрлі əлеуметтік, этникалық топтарды, əлеуметтік-экономикалық таптарды, мемлекеттерді, əскери-саяси ұйымдарды, экономикалық одақтарды, əлемдік əлеуметтік-саяси жəне экономикалық жүйелерді жатқызамыз. Осының өзінен жанжалдардың жанжалдық қақтығыстардан субъектілері бойынша, ал қоғамдық қатынастардан көлемі бойынша ерекшеленетіндігін көре аламыз.

Танымал авторлардың ішінен американдық əлеуметтанушы Л. Козердің анықтамасын бөліп қарастыруға болады: жанжал дегеніміз - қарсы тараптар арасындағы қорлардың жетіспеушілігінен туындайтын күресті жəне қарсыласты жоюға, оған зиян келтіруге бағытталған əрекетті қамтитын жүріс-тұрыс.
Неміс конфликтологы Р. Дарендороф жанжалды элементтердің 62 арасындағы объективті жəне субъективті қайшылықтар арқылы сипатталатын қарым-қатынас ретінде түсіндіреді.
Кейінгі анықтамалардың бірі ретінде халықаралық қатынас саласындағы зерттеуші Л. Крисберг берген анықтаманы алуға болады. Оның ойынша, жанжал дегеніміз - өзара қарымқатынас барысында туындайтын нақты субъектілер арасындағы бір-біріне қарсы бағытталған əрекеттер, көзқарастар жəне ниеттер.

Бір қызығы батыстық ғалымдардың барлығының саяси жанжалға қатысты анықтамалары жалпылама сипатқа ие жəне саяси жанжалдың ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Бұл қазіргі батыстық зерттеушілерді қызықтырмайды да. Отандық, евразиялық қоғамтанушылар керісінше, барлық кезде саяси жанжалдың өзіне тəн ерекшеліктерін ашып көрсетуге тырысып жүрді. Көптеген көзқарастарды жүйелей келе саяси жанжалдың негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады:



Саяси жанжал əлеуметтік жанжалдың ерекше түрі. Бірақ, өмірлік тəжірибе көрсеткендей саяси мақсаттар мен мүдделер, саяси əдістер мен тəсілдер əлеуметтік жанжалдардың экономикалық, ұлтаралық, аймақтық, əскери жəне т. б. түрлерінде де жиі орын алады. Осылайша саяси жанжалдың мəндік ерекшеліктері мен əрекет ету аясы кеңейеді, ол əлеуметтік жанжалдардың өзге түрлеріне де кірігеді, кей кездері олардың айқындаушы бөлігіне айналады.
Саяси жанжал аса күрделі жағдай болып табылады, ол мемлекеттегі қарама-қайшылықтар мен дағдарыс жағдайының кешенінің қоспасы болып табылады. Сондықтан, жанжал теориясын экономистер, əлеуметтанушылар, философтар мен заңгерлер жасайды жəне ол саясаткерлердің, елшілер мен қоғам қайраткерлерінің басты назарында болады.
Саяси жанжалдың белгілері:
екіден кем емес егесуші тараптардың болуы;
саяси субъектілердің құндылықтары мен мақсаттарының, мүдделерінің сай келмеуі;
бақталас тараптардың болжауға мүмкін емес, агрессивті жүріс-тұрыстары;

Саяси жанжал - бұл орын алуының басты шарты болып 64 субъектілердің өзі туралы (өз мақсаттары, құндылықтар мен ниеттері жəне т. б. ), қарсыласы туралы (оның ниеті мен мақсаты), жанжал орын алған əлеуметтік орта туралы ойларының жиынтығы табылатын саяси əрекеттесудің бір түрі. Нақты жағдайдан қарағанда дəл осы ойлар қатысушылардың жанжалдық жүріс-тұрыстарының басты детерминанты болып табылады.
Əлеуметтік-саяси жанжалдардың туындауының себептерін түсіндірудің көптеген жолдары бар. Марксистік ілім əлеуметтік-саяси жанжалдарды экономикалық талдау жүргізу арқылы түсіндіреді. Əлеуметтік-саяси жанжалдардың капитализмдегі табиғаты мен мəнін Ф. Энгельс өзінің «Социализмнің дамуы: утопиядан ғылымға» атты еңбегінде жақсы ашып көрсете алған.


Саяси жанжалдар əртүрлі сипатта дамуы мүмкін. Егер күресуші тараптардың қақтығыстары қарулы күш қолдануға ұласса саяси жанжалдар өзінің ең ақырғы нысаны - соғысқа ұласады.
Саясаттануда соғысқа əлеуметтік таптардың, ұлттардың, халықтардың немесе мемлекеттердің арасындағы ұйымдасқан қарулы қақтығыс деген түсініктеме беріледі. Əлеуметтік саяси жанжалдың қарулы күреске айналуының белгісі əрбір тараптың қарудың күшіне сүйеніп қарсыласын өз дегеніне көндіруге ұмтылып, сол мақсатта оның адами жəне материалдық күшіне қиратушы соққы беруінде. Əдеттегідей соғыста алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қарулы күш қолдануға қосымша экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық қысым көрсету де қатар қолданылады.

Соғысқа саясаттанушылық талдау жасау бірқатар сұрақтарды қарастыруды көздейді, олардың арасында негізгілеріне: саяси феномен ретіндегі соғыстың мəні, қарулы күштер саяси фактор ретінде, қарулы қақтығыстардың түрлері, қарулы қақтығыстардың саяси салдары, соғыстың алдын алу мүмкіндіктері жəне оны қоғам өмірінен толығымен аластау шарттары.
Соғыстың басқа негіздері арнайы əскери пəндердің зерттеу пəні болып табылады. Ежелгі кезеңнің өзінде соғысқа қатысты əлеуметтік-саяси жамандық ретінде көзқарас қалыптасқан. Мұндай ой барлық адамдар бір-біріне бауыр болған жəне соғыстың жаманшылығы туралы білмеген оралмайтын «алтын ғасыр» жайлы ежелгі əдеби ескерткіштерде көптеп орын алған. Ежелгі үнді патшасы Ашоктың бұйрығымен тасқа қашалып жазылған жазбаларда да соғысқа кінə артылады.

Соғыстың мазмұны мен жүргізілу барысына əсер ететін соғыстың саяси мақсатын бекітудегі айқындаушы рольге саясат ие болады.
Бұл жайлы Клаузевичтің еңбегінде былай делінген: «Егер соғыстың бастапқы деректері болып белгілі саяси мақсат табылар болса соғысты туындатқан себеп соғыс барысында басшылыққа алынуы тиіс негізгі жəне басты пайым болып табылады. Бірақ бұл айтқандардан саяси мақсатты қатал билеуші ретінде түсінуге болмайды; ол өзі қолданатын құрал-жабдықтың табиғатымен санасады, соған сəйкес түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін; əйткенмен, 68 саяси мақсатты бəрінен бұрын електен өткізу керек. Осылайша, саясат соғыстың басы-қасында болып, оған тұрақты түрде əсер етіп отырады».

Соғыстың мақсаттары, міндеттері, сипаты мемлекетпен, оның билеуші элитасымен əскери тұжырымдама деп аталатын саяси құжатта бекітіледі. Кең мағынасында əскери тұжырымдама - бұл болуы мүмкін соғыстың сипаты, мақсаты мен мəні, оған мемлекеттің жəне қаруы күштердің даярлығы, соғысты жүргізудің əдістері мен нысаны турасындағы дəл осы уақыттағы мемлекетпен бекітілген көзқарастар жүйесі.
Əскери тұжырымдаманың негізгі ережелері саясатқа, əлеуметтік-саяси құрылымға, мемлекеттің геосаяси жағдайына, өндіруші күштердің даму деңгейіне, жаңа ғылыми жетістіктерге, мүмкін қарсыластар мен одақтастарға жəне өзге де факторларға байланысты қалыптасады жəне өзгеріске ұшырайды.
Осыған байланысты соғыс жүргізу үшін арнайы органдар - қарулы күштер мен əскер құрылатындығын айта кету керек. Соғыстар азаматтық, мемлекетаралық, аймақтық, дүниежүзілік болып бөлінеді.

Азаматтық соғыс - бұл мемлекеттік билік немесе аумақтың тəуелсіздігі үшін бір мемлекет аумағындағы əртүрлі қоғамдық күштер, ұлттар, адамдар топтары арасында орын алатын қарулы күрес, оған əскер, арнайы қызмет органдары, саяси партиялар, діни ұйымдар жəне өзге де адамдардың бірлестіктері тартылады. Көпұлтты мемлекеттерде азаматтық соғысқа этникалық қауымдастықтар, əртүрлі əлеуметтік топтар қатысады.
Мемлекет аралық соғыстар - бұл саяси қайшылықтарды қарулы күш қолдану арқылы шешуге талпыныстар болып табылады. Мұндай соғыстардың себебіне мемлекеттер, нəсілдер жəне т. б. арасындағы экономикалық, аумақтық, діни, экологиялық өзге де келіспеушіліктер жатқызылады. Халық санының өсуі нəтижесінде өмір сүруді қамтамасыз ететін қорлардың жетіспеушілігі де соғыстың себебіне жатады.

Аймақтық жəне дүниежүзілік соғыстар көптеген мемлекеттердің, əскери топтардың жəне т. б. қатысуымен жүргізіледі. Аймақтық соғысқа мысал ретінде 1991 жылғы Кувейтке басып кірген Ирак əскерін АҚШ талқандаған «Шөлдегі дауыл» операциясын, 2008 жылғы Оңтүстік Осетия жағында Ресей қатысқан грузин-осетин соғысын келтіруге болады. Дүниежүзілік соғыстар əлемді, аумақтарды, өмірге қажет қорларды кезекті бөліске салумен байланысты орын алады. Оларда көптеген құрбан болады жəне көптеген мемлекеттердің қатысуымен бірнеше континентте орын алуы мүмкін.

Соғысушы əрбір тарап үшін соғыстың дамуы мен нəтижесіне қарай саяси салдар əртүрлі болуы мүмкін. Əскери қақтығыс кезінде əсіресе қақтығыстың алғашқы сатысында билеуші саяси элитаның күшеюімен байланысты əлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, алықтар) біріге бастайды. Бұл үрдістер табысты əскери əрекеттерден соң күшейе түседі, ал биліктің заңдылығы жеңіске қол жеткізген соң аса берік сипатқа ие болады. Бұл кезеңде жеңілген жақтың саяси элитасына қиыншылық кезеңі туады. Соғыс билеуші топ құрған саяси институттарға соңғы үкімін шығарады.
Соғыста жеңіліс тапқан саяси күштер елді билеу қабылетінен айрылып саяси аренадан кетеді. Кей кездері жеңілістен соң да билеуші элита билік басында қала береді, бірақ, мұндай жағдай сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы саясаткерлердің бірі К. Райттың пайымдауынша, жанжалды əскери жолмен шешу иллюзиялық болып табылады, себебі, күшпен ешқандай қайшылықты шешуге болмайды. Жанжал қатысушы тараптардың барлығы үшін тиімді келісімге келу арқылы ғана шешіледі.

Қазіргі саясаттануда саяси жанжалдарды топтастырудың көптеген жолдары бар. Америкалық саясаткер А. Рапорпорт 1960 жылы саяси жанжалдарды «жағаласу», «шайқас», «ойындар», «пікірталас», «дау» деп бөліп қарастыруды ұсынған болатын.
«Жағаласу» сияқты жанжалдарда қатысушы əрбір тарап басқа тарапты жоюға, бағындыруға, оқшаулауға тиісті жау ретінде қабылдайды. Сондай-ақ олар бұл мақсатқа қалай болмасын қол жеткізуге тырысады. Жанжал қатысушылары тек бір ережені басшылыққа алады - өзінің қарсыласына барынша көп зиян келтіру. Көбінесе осы қағида өте үлкен күшке ие болады, жанжалдың қатысушысы қарсыласына зиян келтіру үшін өзі де зиян шегуден бас тартпайды. Бұл қатысушыларына тек қана жеңіс қажет жанжал. «Карфаген жойылуы қажет», - деп римдіктер қашан қарсыластардың астанасын жермен жексен еткенше əйгілі Катон қайталай берген екен.

«Ойындар» - бұл қатысушылары жанжалдасуды шектей отырып жасалатын ережелерді басшылыққа алып бір-бірімен үйлеспейтін мақсаттарға қол жеткізу үшін күресетін жанжалдар. Мұндай типтегі жанжалдарда бақталастар өзіне тиімді жолды таңдайды өздерінің кірістері мен шығындарын есептеп əрбір қадамына есеп береді. Жеңіске талпына отырып олар «ойын» аяқталған соң да, тіпті «ойын» барысында да жанжал қатысушысын тиімді ойлай білетін əріптес ретінде танып, онымен қызметтесу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұндай жанжал қатысушылары барлық қатысушылар тарапынан мойындалған нормалар мен ережелерді, сонымен қатар, осы ережелердің рəсімделіп, бекітілуін басшылыққа алады.
Мұндай жанжалдың мысалы болып сайлау науқанындағы əртүрлі партиялардың бəсекелестігі таныла 71 алады. Бұл жерде нормалар жүйесі болып саяси үрдіс қатысушыларының барлығымен мойындалған конституция, сайлау заңдары, əдет-ғұрыптар танылады. Мажоритарлық жүйеде екі тур бойы партиялар одақтасып келісімге келуі мүмкін, кейіннен парламент құрамында олар партиялық фракциялар құрады, қызметтеседі.

«Пікірталас», «дау» сияқты жанжалдар үшін жанжалдасушы тараптардың əрқайсысы өз қарсыласын оның айтқандарын жоққа шығарып, өз дегеніне көндіріп, сендіру қажет қателесуші, адасушы тарап ретінде қабылдайды. Бұл жанжалдасушының өзге тараптың ұстанымындағы өзгерістер əсерімен өз ұстанымдары мен көзқарастарын өзгерте немесе түзете алуын, жұмсақтықты талап ететін тиімділігі жоғары əрекеттесу түрі. Бұл типтегі жанжалдарда тараптар өзара келісім арқылы пікір қайшылығын жойып, дұрыс келісімге келуді көздеп қарым-қатынас тəртібін өзгертіп, жаңасын қалыптастыра алады.

Жанжалдарды топтастыру үшін олардың жүзеге асырылу нысандары, ұзақтығы, туындау себептері жəне т. б. негізге алынуы мүмкін.
Уақытына қарай тараптар арасындағы саяси жанжалдарды аз уақытқа созылатын (қандай да бір министрді отставкаға кетіру бойынша жанжал) жəне ұзақ уақытқа созылатын (Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасындағы, Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы даулар) жанжалдар деп бөліп қарастыруға болады.
Жүзеге асырылу нысанына қарай жанжалдар ашық жəне жабық болып бөлінеді. Ашық жанжалдардың өзіндік институционалдық нысаны мен құқықтық базасы бар болады. Олар бас көтерулер, митингтер, шерулер, манифестациялар түрінде көрініс табады. Бұл парламент отырысында дауысқа салу барысында ашық түрде шығып кету немесе өз қарсыласына қатысты жария түрде жағымсыз пікір білдіру ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Гарвард университетінің профессоры У. Юри саяси жанжалдарды олардағы күш көрсету деңгейіне байланысты топтастырады:
зəбірлеуші, 73 яғни ашық күш қолданушылық;
зəбірлеуші, бірақ басқарылатын, биліктің бақылауына, қозғалысқа ендіруіне жəне реттеуіне көнетін;
насырға шабатын зəбір көрсетушілік, яғни кез-келген уақытта кез-келген себеппен аяқ астынан басталып кетуі мүмкін;
ықтимал зəбірлеуші, яғни сырттай қарағанда тыныш өтетін, бірақ, күш көрсетушілік мазмұнға ие;
зəбір көрсетпейтін, тіпті зорлық көрсетуге əлеуеті жоқ жанжалдар.
Жанжалдың əрбір түрінің өзінің сипаттамасы, қайшылықтарының өткірлігі мен тереңдік сипаты болады, саяси жүйенің өзінде немесе жекелеген бөліктерінде жəне биліктік қатынастардың жүйесінде əртүрлі роль ойнайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz