Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ:
«Cыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет: тетіктері
мен даму институттары»
ЖОСПАР:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық
негіздері
2.2. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін
қалыптастырудағы отбасы рөлі
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі
ретінде қоғамдық бақылау
3.Қорытынды
КІРІСПЕ
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді
анықтау үшін осы параграфта белгілі бір этностық
топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық
тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен
ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт –
Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға
бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап
береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп
конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және
саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі
қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен
этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде
сақталатын әр алуандықты айқындайды.
Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы
практиканың күнделікті қайталануына байланысты
иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп
нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті
анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани
мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі.
Әрине, еңбек, білім, теңдік пен толеранттылық
құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған
сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына
қарсы тұрады.
Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету
бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына
жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық
немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау
мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін
емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның
мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік
тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды
деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін
бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі.
Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой
ұғымдарында білінеді.
Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке
сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами
абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл
қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін
өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.
Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік
мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі
үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін
адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең;
адамдық борышын орындай отырып,
еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына
бөлейді».
Ар-ождан, ар-намыс, әділдік
адамгершілік құндылықтары, қоғамның
рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі
ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс.
Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық
қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде
қалыптастырып, жандандыруы тиіс.
Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым
орындаушылық, кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз.
Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық
сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады.
Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы
қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады.
Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты
ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы
қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу
траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы
қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады
деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады.
Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам
дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-
адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды,
дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық
ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара
байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік
институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген
функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа
жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған
шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік,
оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу
функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге
әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа
шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды.
Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар
кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде
өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік
маңызға айналады.
Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт
ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне
мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы
болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға
осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында
позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады.
Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды
проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мінез- құлқын қалыптастырудың
пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны анық. Ең
алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және
субъективті жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе
анық, қоғамда моральдық- адамгершілік деңгей
төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға
қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен
рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мінез- құлық
пен парақорлықтың орнықты
сипатын тәрбиелеуге күші
жетпейді.
Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай,
жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша,
моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық
азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Соңғы
кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын
мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас
жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын
асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз
міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр.
Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен
бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу
алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі шаралар
қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ

Осындай тұжырымдармен келісу қиын, себебі ешбір ұлттық
мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық
жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдық-
этикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін
әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын.
Сондықтан жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін
жалпыға ортақ деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті
зиян.
Демек, тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-
тамыры, себептерін индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше
рухани-адамгершілік әлемінен іздестіру қажет. Сол кезде бәрі орнына
түседі. Бұның бәрі балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас
кезінде дамиды және біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының
орнықты стереотипіне айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе
аласыз.

Ұқсас жұмыстар
Жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез - құлық ретінде
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары
Жоғары мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәндер