Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру: білім беру мен тәрбие шаралары


Slide 1

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет”

Slide 2

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және мәдениет ұғымы

2. 2. Сыбайлас жемқорллықа қарсы сананың фуекциялары

2. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараланың ерекшеліктері

3. Қорытынды

Slide 3

Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады.

Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.

Slide 4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық кең мағынасында - бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету.

Ауқымсыз педагогикалық мағынада - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның нәтижесі.

Slide 5

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру - бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:

Slide 6

Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:

Slide 7

«Мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты болады.

«Мәдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі ретінде меңгерген білімдерін, білік-дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын білдіреді.

Slide 8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан адам жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады, яғни осындай келеңсіз көріністерге мүлдем төзе алмайды. Сөйтіп, осы дерттің жойылуына үлес қосуына алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің азаматтардың саяси белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.

Slide 9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің болуы әр адамның құқықтық сауаттылығына да байланысты, бұл біреуде төмен, біреуде жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін нығайтады, сөйтіп ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез- келген құқық бұзушылыққа тойтарыс бере алатын дәрежеге жетеді. Бұл әрине, әрбір адамның азаматтық ұстанымына, өмірлік қағидаларына, тұлға ретіндегі қасиеттеріне байланысты қалыптастады.

Slide 10

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Slide 11 Slide 12

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру - бұл тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды.

Slide 13

Назарланыңызға рахмет!!!

Slide 14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.

Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы №001 қаулысымен бекітілген.

Артыкбаев К. IT-технологии против «ржавчины» общества. http://www. pravstat. kz/rus/bm/Publikacii/ pub3?cid=0&rid=148.

Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное условие деинституализации коррупционных отношений [Текст] / И. Н. Пустовалова // Гуманитарные и социальные науки. - № 1. - 2011.

Сартаев С. А., Калшабаева М. Ж. Формирование негативного восприятия коррупции как показатель роста правовой культуры современного казахстанского общества. http:// group-global. org/sites/default/files/

http://antikorkz. kz/index. php/programma-2015-2025.


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: білім беру, отбасы және тәрбие бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбие: балалардың сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Білім беру жүйесінде жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие: мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сана-сезімін қалыптастыру
Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мәселелер мен шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: ерекшеліктері, функциялары және жастардың рөлі
Діни-құқықтық негізде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz