Қостанай облысының энциклопедиясы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАҚЫРЫБЫ:
“Торғай өңірі және
топонимінің шығу тарихы
мен дамуы”
ЖОСПАР:
1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
2.1. “Торғай” топонимінің шығуына
байланысты мағұлматтар
2.2. Торғай облысының қалыптасу тарихы
2.3.Арқалық қаласының құрылу тарихы
3.Қорытынды бөлім
КІРІСПЕ
Бұрын да және қазір де Қостанай облысының жер – суының атауы әр кезде де
сөз болып, оның шығу төркінін білсек деген ниет қойылып отыр. Қазақ халқының
атам заманынан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де,
кең екені бәрімізге мәлім. Қостанай облысындағы өзен, кол жер бедеріне
меншіктелген атаулардың мыңдап саналатыны белгілі. Ертеде өткен ата-
бабаларымыз солардың әр - қайсысына ат қойылып, айдар тағу жағынан жай
ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз.
Торғай қақпасы батысы – оңтүстік Оралмен, солтүстігі – Батыс Сібір
жазығымен, шығысы – Сарыарқамен, оңтүстігі – Тұран ойпатымен ұштасып
жатыр. «Торғай» топонимінің қайдан шыққандығы жайлы әрқилы мағлұматтар
бар. Сондағы екі нұсқа: қазақ немесе қалмақ сөзі. Тіл маманы Сейітбек Нұрханов
бұл сөзді торы қыпшақ пен оғыздың қай тайпасының одағынан, яғни «торы» және
«қай» сөздерінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірді белгілі ғалым
Қойшығара Салғара ағамыз да қолдайды. Ал ертеде осы өңірдің басты өзені
Сауық атанған, кейін Торғай болып өзгерген. Ақын Қадыр Мырзалиевтің:
«Еркіндік пен елдік үшін Торғайдай, Шырылдаған Торғайсың сен о бастан» деген
өлең жолдары бар.
Топонимдердің пайда болуына алдымен тарихи жағдайлар,
географиялық орта әсер ететіні белгілі. Халық жердің
географиялық ерекшелігіне, белгілі бір тарихи себептерге атау
беретін болған. Табиғи нысандарға атау беруде олардың
айрықша белгілері ескерілгенін байқауымызға болады. Мәселен,
Ұлытау, Алашахан, Домбауыл, Жошыхан, Ұлы Жыланшық, Ақкөл
сынды тарихи атаулар бірнеше ғасыр бойы сақталып келеді.
Торғай аймағындағы географиялық атаулар, яғни елдің,
жердің, судың, көлдің, таудың, қырат пен ойпат, орман,
тоғайлардың ертеден келе жатқан жеке-жеке атаулары бар екені
белгілі. Әдетте, атаулар белгілі бір себептерге байланысты
пайда болады. Өйткені олардың кездейсоқ қойылуы мүмкін
емес.
Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде,
Есіл және Торғай өзендерінің алабында орналасты. Ауданы
111,9 мың. км2. Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола
облысы және Жезқазған облыстарымен шекаралас болды.
1970 жылдың 23 қарашасында Қазақ КСР-
ның құрамындағы Қостанай облысының шығыс
аудандарын Ақмола облысының батыс аудандарымен біріктіру
арқылы Торғай облысы құрылды. Облыс орталығы
болып Арқалық қаласы белгіленді. 1988 жылдың 2 маусымында
облыс таратылды.
1990 жылдың тамыз айында облыс қайтадан құрылды. 1991
жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан
Республикасының құрамында. 1997 жылы Торғай облысының
территориясы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлініп
берілді.
1988 жылы Торғай облысының құрамына 1 облыстық
бағыныстағы қала (Арқалық) және 9 аудан кірді:
Халқы
№ Аудан Орталығы
(1989), чел.
1 Арқалық қалалық Арқалық 62 367
кеңесі
2 Амангелді ауданы Амангелді 27 998
3 Арқалық ауданы Арқалық 23 216
4 Державин ауданы Державинск 30 634
5 Жангелді ауданы Торғай 28 765
6 Есіл ауданы Есіл 44 466
7 Жақсы ауданы Жақсы 20 542
8 Жаңадала ауданы Тасты-Талды 13 058
9 Қима ауданы Жаңақима 21 110
10 Октябрь ауданы Октябрьское 22 852
КСРО-ның 1970 жылғы халық санағы бойынша
облыстың ұлттар құрамы төмендегідей болды:
қазақтар (32,5 %),
орыстар (33,7 %),
украиндар (15 %),
немістер (5,2 %),
белорустар (4,7 %),
татарлар, өзбектер, башқұрттар, марилер, чуваштар,
молдавандар, удмурттар, мордвалар және т.б.
Халықтың орташа тығыздығы — 1 км2-ге 2,3 адам
болды . Қала халқының үлесі 31 % (80 мың адам., 1975)
құрады.
Арқа – батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы
Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі
Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан
кең дала. Мұны «Сарыарқа»деп те атайды. Бұл тұралы
әңгіме кейінірек болмақ. «Арқа» сөзінің бізге мәлім
мағынасынан басқа да көптеген мағыналары бар.
Арқалық – Торғай облысының орталығы. Қала-орналасқан жерінің атауын
меншіктенген. Бір зерттеушілердін пікірінше, жер атауы, мен жоғарыда көрсеткен
«солтустік», «батыс», мағыналарын беретін «арқа»сөзімен байланысты пайда
болған. Мен бұған басқаша қарап, өзімше топшылау жасауды ұйғардым. Башқұрт
тілінде «арғышы» сөзі «таулы», ар «арғышы урын» тіркесі «таулы жер» деген
мағына береді. Мұны хақас тілі дерегі қуаттай түседі. Оларда «арғалығ»
дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы).
Расында да, Арқалық қаласы мен Арқалық ауданының орналасқан жері үстіртті,
шоқылы болып келеді: сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кеңдері қазылып
алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл қадірлі жерлердің теңіз
бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген тіл деректері мен жер
бедеріне сүйене отырып, Арқалық өз атауын орналасқан жердің бедеріне
байланысты иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі тілдерінде ертеректе жоталы,
үстіртті жерлер «арқалық» сөзімен аталған деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жер – судың тарихтың хаты: Орта мектептің оқушыларына арналған. –
Алматы: Балауса, 1994.
2. Тарих айнасында. – Қостанай, 2006 .
3. Жасыл орман жанашырлары. – Қостанай, 2006.
4. Арқалық ажарлана түсті. – Қостанай, 2006.
5. Торғай шақырады. – Қостанай, 2006 .
6. Тобыл толқындары. – Қостанай, 2006 .
7. Орталық Қазақстаннығ жер – су аттары. – Алматы, 1989.
8. Торғай таңы. - 1999, №2 Арқалық Бөгетай Әлмағамбетов. Алтын дала, -
Алматы, 2005.
9. Қостанай облысының энциклопедиясы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz