Ұлттық идея және оның компоненттері
Презентация қосу
Тақырыбы:
“Ұлттық идея және
оның компоненттері”
КІРІСПЕ
Ұлт және ұлттық идея мәселесі – әлемдік деңгейде түрлі жаратылыстану және
гуманитарлық саладағы ғалымдар мен ұлы ойшылдарды толғантып жүрген тақырып.
Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея
мәселесi.
Идея өзі тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген
қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани
байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.
Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық
тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастыр¬ғанда «ұлт» және
«этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады .
Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос»
категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған.
Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни,
мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғым¬дарын білдіретін, түрлі мағынада
қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы
кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның
негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен
фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік
өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір
(жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз
байланысып жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге
деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар
жиналып келіп, адамның рухани жан дүниесін құрай¬ды.
Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа
ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс
дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың
нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің
көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл
даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың
бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.
«Ұлттық» термині ұлтқа тиесілі деген мағынаны білдіреді. «Ұлт» ұғымына
қазақстанның ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі,
қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеу¬мет¬тік
бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт
өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің
бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап
тұрғысынан қарастыр¬ғанда «ұлт» және «этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос
ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . дегенмен, әлі де философиялық және саяси-
әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік
қалыптаспаған.
Бұл орайда, ұлт туралы О.Бауер: «ұлт – тағдыр ортақтығы
байланыстырған ортақ сипатты адамдардың бүкіл жиынтығы. Осы тағдыр
ортақтығы негізінде пайда болған белгі ұлттық мәдениет ортақтығын
интернационалдық ортақтықтардан : кәсіби, таптық, мемлекетті құрайтын
халықтық – бір сөзбен айтқанда, түп негізін бір тектілік құрайтын осындай
барлық ортақтықтардан бөліп тұрады… ұлттық сипат – сол ұлт тарихының
таң¬басы, одан басқа ештеңе де емес», – деп айтады .
Ұлттық идея – туған жер, өскен орта
әсерле¬рінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз
әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен
тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім.
Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік
ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге
өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді .
Ұлттық идея, академик Д. Кішібековтың пікірін¬ше, тамырын тереңнен алады және
этностың болмыстық табиғатын түзеді, оның тарихымен және мәдениетімен байланысты
болады. Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады. Ал идеология қоғамдық
сананың жоғары даму сатысы болып табылады. Егер ол ұлттық идеяға негіз¬делсе, оны
құндылықтармен толықтырса, күшке ие болады. Идеялардың маңызды топтастырушысы болып
табылатын идеология стихиялы түрде пайда болмайды, оны адамдар қалыптастырады және
оның өзіндік мақсаты мен қызметі болады. Ұлттық идеяның одан айырмашылығы – оны адамдар
жасамайды, ол табиғи түрде пайда болады.
Ал, тарих ғылымдарының докторы Х.Әбжанов ұлттық идеяны былайша сипаттайды:
«ұлтты сақтайтын ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, тілегі, ниеті, ойы дегенге
саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мәселенің тоқ етерін
тапқанымыз» .
Д. Кішібеков
Х.Әбжанов
Ұлттық идея, ел Президенті Назарбаевтың пікі¬рінше, қоғамның
дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақ¬стан-2030»
Стратегиясы біздің осы заман¬ғы ұлттық идеямыздың негізі бола
алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты тұғырларын
анықтайды: бірінші тұғыры – ел бірлігі; екінші тұғыры –
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші тұғыры –
интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры – өркениетті
мемлекет.
Қазір біздің елде де дүниежүзінің өркениетті елдеріндегідей, «ұлттық»
сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен бірдей қолданылады. Демек, «ұлттық
банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» сияқты сөздерде «ұлттық»
сөзі тек қазақ ұлтының сөзі деп түсінілмейді, ол бүкіл қазақ халқынікі деп
түсіні¬леді. Сол сияқты «ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының
идеясы туралы емес, жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз
болып отыр деп түсінуіміз қажет. Сонда, ұлттық идея – қазақ ұлтының және
Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен
жасалады. Еліміздегі ұлттық идея мен азаматтық идеясын үйле¬сімді
біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт
өкіл¬дерінен құрал¬ған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа
айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты болуы керек
деп ойлаймыз.
Қорыта келгенде, қазақи рухы биік ұлттық идеяның
қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің
маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту
бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық
сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық
демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы
жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі
құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz