Компьютерлік желі түсінігі


Slide 1

Компьютерлік желі түсінігі

Орындаған: Шериязданов Е. Е. (18-ИСК-2)

Тексерген: Жанабаев Е. C.

Slide 2

Компьютерлік желі деген не?

Компьютерлік желі дегеніміз - қысқаша айтқанда, компьютерлерге ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін жүйе.

Slide 3

Компьютерлік желілердің түрлері

LAN (Local Area Network, жергілікті желі) - бұл бір-бірімен байланыса алатын, перифериялық жабдықты (қатты дискілер, принтерлер және т. б. ) бірлесе пайдалана алатын, орталықтандырылған компьютерлерге немесе басқа жергілікті желілерге қол жеткізе алатын компьютерлер тобы.

Slide 4

Локальді желіге қосылу үшін қандай құрылғы қажет?

Желілік адаптерлер (желілік карталар) - бұл компьютерлерді байланыс каналдарымен жұптастыратын (сопряжающий) техникалық құрылғылар.

Slide 5

Адаптерлер мен кабельдердің маңызды сипаттамасы - бұл желі арқылы ақпарат тасымалдау жылдамдығы - 10 Мбит/с-тан 100 Мбит/с-қа (кейбір жағдайларда 1 Гбит/c-қа) дейін.

Slide 6

Кабельдердің түрлері және сипаттамалары

Коаксиальді кабель - ең арзан және қол жетімді кабель түрі, бірақ деректерді тасымалдау жылдамдығы 10 Мбит/с дейін ғана.

Slide 7

Кабельдердің түрлері және сипаттамалары

Бұраулы жұп (витая пара) - бір-біріне бұралған жұп өткізгіштерден тұрады. Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы - 10 Мбит/с-тан 100 Мбит/ с-қа дейін.

Slide 8

Кабельдердің түрлері және сипаттамалары

Оптикалы-талшықты кабель (оптоволоконный кабель) - бұл сыну көрсеткіші басқа болатын қабықпен қапталған шыны цилиндр. Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы 100 Мбит/с-тан басталады.

Slide 9

Локальді желінің конфигурациялары

Топология - бұл желілік компоненттердің физикалық орналасуы (кабельдер, станциялар, шлюздер және т. б. )

Топологияның үш негізгі түрі бар, олар: жұлдыз, сақина және шина.

Slide 10

«Жұлдыз» топологиясы

Жұмыс станциялары файлдық серверге тікелей қосылады, бірақ бір-бірімен байланыспайды.

Slide 11

«Сақина» топологиясы

Файл сервері мен жұмыс станциялары сақина түрінде кабель арқылы қосылады. Жұмыс станциясының хабарламалары файлдық серверге жеткенше бірнеше басқа жұмыс станциялары арқылы өте алады.

Slide 12

«Шина» топологиясы

Жұмыс станциялары мен файлдық сервер шина деп аталатын орталық кабельге қосылған.

Slide 13

Компьютерлік желілердің түрлері

Аймақтық компьютерлік желі (MAN, Metropolitan Area Network) - оларда орналасқан компьютерлердің көмегімен желіге қосылған қалалар.

Дүниежүзілік компьютерлік желі (Internet, Global Area Network) - бұл бүкіл әлемді біріктіретін желі.

Slide 14

Интернет желісіне қосылу үшін қандай құрылғы қажет?

Модем немесе роутер дегеніміз - модуляция (сандық сигналдарды аналогтыққа түрлендіру) және демодуляция (аналогтық сигналдарды сандыққа түрлендіру) жасайтын құрылғы.

Slide 15

Ақпаратты тасымалдау хаттамаллары

Хаттамалар - компьютерлік желіде деректерді тасымалдаудың бірыңғай ережелері.

70-ші жылдары құрылған TCP/IP халықаралық хаттамасы қазіргі Интернет желісінде жұмыс істейді.

Хаттамалларға мысалдар: UDP, FTP, L2TP, DHCP және т. б.

Slide 16

Internet желісінің жұмыс атқару принципі

Желіні басқару орталықтандырылмаған. Бұл дегеніміз, желідегі кез-келген түйін (компьютер) істен шыққан жағдайда, қалған барлық компьютерлердің жұмыс істеуі сақталады. Деректер пакеттері желі арқылы компьютерге қажетті мекенжаймен жіберіледі, ал компьютерлердің біреуі істен шыққан кезде олар автоматты түрде басқа маршрут бойынша жіберіледі. Деректерді алушы үшін пакеттің қай маршрутпен жететіні мүлдем маңызды емес. Белгіленген жерде олар біріктіріледі. Сонымен, пакеттер адресатқа басқа да айналма жолдармен (обходные пути) жете алады.


Ұқсас жұмыстар
Интернет
Компьютерлік желілер жайлы
Компьютерлік желі. Интернет туралы негізгі түсінік
Компьютерлік желі түрлері
Қауіпсіз интернет
Желінің қауіпсіздігі
Компьютерлік желілер
Жергілікті желінің физикалық негізі
Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz