Өздігінен қызудың шығу көздері


Slide 1

СӨЖ

Тексерген:Тулеубекова Г. К

Орындаған:Заманбекова Айдана

Тобы:ТП-801

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

« Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»КЕАҚ

Slide 2

ЖОСПАР

Өздігінен қызудың шығу көздері

Өздігінен қызудың түрлері

Қозғалмайтын зонаның құрылымының қалыптасуы және әртүрлі типтегі қоймаларда астықтың өздігінен қызуы

Астық массасының сусымалылығы және өздігінен сұрыпталуы

Астықты кіші шаруашылықта полиэтиленді қоймаларда сақтау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

ыныс алу Тыныс алу процесіне мынандай факторлар әсер етеді: Дән массасының ылғалдылығы, температурасы, газдың құрамы. Кейбір дән массасы тобына ғана әсер ететін факторлар.

Сақтау кезінде астық массасында тыныс алу процесі екі түрде жүреді. Бірінші түрі- оттегінің қатысуымен су және көмір қышқыл газын бөле жүретін аэробты тыныс алу. . Тыныс алу кезеңінде органикалық заттардың, ең әуелі қанттардың, өзгеріске ұшырау және ыдырау процесі жүреді. Осының нәтижесінде ағзаның тіршілік реакцияларына қажетті энергия бөлініп шығады. Оттегінің дәнге еркін енуіне байланысты тыныс алу процесі аэробты тыныс алудың жиынтық теңдеуіне сәйкес жүреді: С6Н12О6+6О2=6СО2+6Н2О+энергия Екінші түрі - оттегісіз ортада көмір қышқыл газы мен этил спиртін бөлетін анэробты тыныс алу. Ауада оттегі біржола болмаған жағдайда астық массасы анаэробты тыныс алу процесіне ауысады және ол мына теңдеумен өрнектеледі: С6Н12О6+6О2=2СО2+2 С2Н5ОН+энергия Астықты толық дайындап, дұрыс сақтаған жағдайда, аэробты тыныс алу жүреді. Тыныс алу түрін тыныс алу коэффициентін анықтау арқылы біледі. Ол, тыныс алу кезінде астық массасы бөлген көмір қышқыл газының көлемі мен сіңірген оттегі көлемінің қатынасына тең. Қысқаша:

ТК =СО2/О2

Аэробты тыныс алу кезінде тыныс алу коэффициенті шамамен 1-ге тең болады. Тыныс алу анэробты түрге ауысқанда өнімнен бөлінген көмір қышқыл газының мөлшері артады.

Тыныс алу барысында астық массасында келесідей өзгерістер болады:

дәндегі құрғақ заттың мөлшері кемиді;

дәнде гигроскопиялық ылғалдың көлемі артады;

дән аралық кеңістіктегі ауаның ылғалдылығы артады;

дән аралық кеңістіктегі ауаның құрамы өзгереді;

астық массасында жылу жиналады.

Slide 4

Екінші түрі - оттегісіз ортада көмір қышқыл газы мен этил спиртін бөлетін анэробты тыныс алу. Ауада оттегі біржола болмаған жағдайда астық массасы анаэробты тыныс алу процесіне ауысады және ол мына теңдеумен өрнектеледі: С6Н12О6+6О2=2СО2+2 С2Н5ОН+энергия Астықты толық дайындап, дұрыс сақтаған жағдайда, аэробты тыныс алу жүреді. Тыныс алу түрін тыныс алу коэффициентін анықтау арқылы біледі. Ол, тыныс алу кезінде астық массасы бөлген көмір қышқыл газының көлемі мен сіңірген оттегі көлемінің қатынасына тең. Қысқаша:

ТК =СО2/О2

Аэробты тыныс алу кезінде тыныс алу коэффициенті шамамен 1-ге тең болады. Тыныс алу анэробты түрге ауысқанда өнімнен бөлінген көмір қышқыл газының мөлшері артады.

Тыныс алу барысында астық массасында келесідей өзгерістер болады:

дәндегі құрғақ заттың мөлшері кемиді;

дәнде гигроскопиялық ылғалдың көлемі артады;

дән аралық кеңістіктегі ауаның ылғалдылығы артады;

дән аралық кеңістіктегі ауаның құрамы өзгереді; астық массасында жылу жиналады.

Slide 5

Өздігінен қызу барлық елдерде астықты сақтау тәжірибесінде байқалады, сондықтан біздің елде де, шет елдерде де бұл жағдай тереңірек қарастырылған. Астық массасындағы жылу бойынша білімнің қайнар көзі, даму мінездемесі және өздігінен қызу үрдістерінің түрлері, астықтың және астық өнімдерінің сапасына әсері, өздігінен қызуға қарсы әдістер белгіленген. Астық сақтау қоймаларындағы әртүрлі типтегі сақталған астққа көптүрлі бақылаулар қарсыласу заңдылықтарын және өздігінен қызудың даму мінездемесін талқылауға мүмкіндік береді. Өздігінен қызудың түрлері және олардың негізгі пайда болу себептері -сызбанұсқада көрсетілген. .

Қуысты өздігінен қызу астық теңсіздігінен болады, сақтау кезінде жатып қалғандықтан астықтың ылғалдылығы жоғарлап аймақ пайда болады. Астық үйіндісінің белгілі бір бөлігі дымқылданса және өздігінен қызудың аймағы пайда болса, астық қоймасының шатырында, қабырғасында, еденінде гидроизоляция жетіспеуі болады. Астық үйіндісінің белгілі аймағында қоспалардың, шаңның, әлі піспеген, көгерген дәннің жиналуы мүмкін. Бұл астық қоймасында астық қоспасының түрі бойынша әр тектілігіне және астық массасының өздігінен сұрыпталуы, әсіресе дұрыс тазаламау кезінде пайда болады. Осындай аймақтардағы астық массасының барлық құрам бөліктерінің интенсивті тыныс алуы жоғары болады да ол қуысты өздігінен қызуға әкеліп соғады.

үйіндісінің кез-келген жерінде пайда болуы мүмкін. Ол көбінесе астықтың ылғалдығының

Өздігінен қызудың шығу көздері

Slide 6

Өздігінен қызудың түрлері

Қабатты өздігінен қызу тік және көлденең қызған қабатта қайсібір астық қоймасында немесе қойма сыртына жиналған өнімдерде пайда болады немесе вагондарда астық тасымалдау кезінде де пайда болуы мүмкін. Астықтың қызған қабаты үйіндінің периферийлі аудандарында болады: жоғары, төменгі бөлігінде немесе қабырға жанында. Бұл қабаттарға біріншіден сыртқы ауаның температурасы әсер етеді. Үйінднің периферийлі аудандарында температура айырмасы ылғылдың жылы аудандардан суық аудандарғаараласуына жағдай жасайды. Астық ылғалдылығы жоғарлаған аудандарда температура градиентінің нәтижесінде өздігінен қызуды жоғарғы, төменгі немесе тік қабатты деп бөледі.

Slide 7

қызу

Жоғарғы өздігінен қызу. Астық массаларын сақтаған кезде жоғарғы өздігінен қызу күздің аяғында немесе көктемде байқалады. Жоғарғы өздігінен қызуға әсіресе жаңадан жиналған және жеткіліксіз суытылған астық жатады. Мұнда әлі де жеткілікті физиологиялық үрдістер жүреді. Ауа дәнаралық кеңістікткн өтіп біраз уақыттан соң қыза бастайды, дымқылданады және жоғары көтеріледі. Үйіндінің жоғарғы қабатының атмосфералық ауа арқылы суыған кезде онда ылғалдылық жоғарлайды, жылы және дымқыл ауаның конденсациясы болуы мүмкін. Ылғалданған астықтың төменгі бөлігі микроорганизмдердің жетілуіне қолайлы және соңында өздігінен қызуға әкеліп соғады.

Төменгі өздігінен қызу элеватордың силостарында да жетілуі мүмкін. Атмосфералық ауаның температурасының төмендеуінен силостың үстіндегі этаждағы құрылысының бәрі суиды, сонымен қоса шығарушы түтіктер, әсіресе металдан жасалған. Төменгі өздігінен қызу - қабатты өздігінен қызу түрінің ең қауіптісі. Тік қабатты өздігінен қызу силостарда дамиды, қоймаларда және шанақтарда астық қоймасының қабырғаларының жанында тік қызған қабат түрінде болады. Астық қоймасының қабырғаларының бірінде суық немесе жылы түрде болады, ол астық үйіндісінің температура градиентінің туындауына және ылғлдың суық аудандарға ауысуы болады. Астық қоймасының қабырғаларының бірі күн сәулесінің қызуы арқылы немесе көрші қызып жатқан силостьарда температур айырымы болады. Қыс немесе күз кезеңдерінде атмосфералық ауа арқылы сыртқы қабырғалардың сууы да тік қабатты өздігінен қызуды болдырады

Тұтас өздігінен қызу кезінде барлық астық массасы қызиды, тіпті перийферийлі аудандарға дейін. Кей-кезде астық сақтау кезінде жоғарғы ылғалдылықтың нәтижесінде өздігінен немесе қоспалардың көптігінен және пісіп жетілмеген дәндер болған кезде өздігінен қызу дамиды. Мұндай астық түйірін сақтау кезінде тұрақсыз, интенсивті физиологиялық үрдістер астықтың барлық массасында жүреді, және аз уақыт ішінде өздігінен қызу жетіледі.

Slide 8

Қозғалмайтын зонаның құрылымының қалыптасуы және әртүрлі типтегі қоймаларда астықтың өздігінен қызуы

Қызған астықтың горизонталь қабаты астық массасының бетінен 0, 7-1, 5 м тереңдікте орналасады, егер қоймада астық үйіндісінің биіктігі 1, 0-1, 5 м болса, онда қызған қабат беткі қабаттан 0, 15-0, 25 м тереңдікте болады.

Көктемде атмосфералық ауа жылы, ал астық массасы қысқы сақтаудан соң теріс температурада болады.

Жоғары қабаттың қыздырылуы жоғарыдан төмен қарай жылу ағынының бағытымен жүреді (жоғары қыздырылған қабаттан теріс температуралы төменгі жатқан қабатқа) .

Жылумен бірге үйіндінің беткі қабатындағы ылғал жылжиды. Жылы және ылғалданған ауа астық массасының салқын ауасымен кездеседі, осыдан ылғалдың конденсациясы үшін жағдайлар жасалады. Нәтижесінде физикалық үрдістер күшейеді, ал мұның өзі аталған қабатта темпаратураны арттырады.

Көктемгі төбелік өздігінен қызу, әдетте, қатты тоңазыған астық топтарында байқалады (температуралардың күрт өзгерісі туындағанда) . Мұндайда жұқа қабатпен сақталған құрғақ астықтың да өздігінен қызуы ықтимал.

Slide 9

Қоймаларда, силостарда, бункерлерде сақталатын астық массасында тік қызған қабаттың түзілуімен сипатталады. Өздігінен қызудың бұль түрінің себебі қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы немесе тоңазуы немесе олардың ылғалдануы болып табылады. Осы қабаттағы астық массасының физиологиялық белсенділігінің артуына үйіндінің тік қабатының маңында және оның қалған массасындағы температураның құлауы (ауытқуы) астықтың өздігінен қызуының алғы шарты болады. Тік-қабатты өздігінен қызудың пайда болуына астық массасының өздігінен сортталуы мүмкіндік жасайды, осының нәтижесінде силос қабырғаларының жанында жоғары физиологиялық белсенділіктегі жеңіл қоқыс, шаң, көптеген арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары және басқа компоненттер жинақталады.

Slide 10

Себептері

Үрдіс басында температура 25-30 С-қа дейін көтеріледі - АВ кесіндісі 25 С-қа дейінгі астық массасындағы газ алмасу үшін оптимальді емес.

25-30 С-қа жеткенде мезофильді микрофлораның дамуына оптимальды жағдай туады, әсіресе көгерген саңырауқұлақтар үшін. Көгерген саңырауқұлақтардың қалыпты өсуі болады.

Aspergillus және Penicillium, және токсинді заттар (афлотоксиндер) - Aspergillus flavus . Е бактериясы herbicola саңырауқұлақтармен ығысады, микрококкалар және спора түзуші бактериялар жылдам дамиды, сонымен қоса микроорганизмдердің жалпы саны біртіндеп төмендейді. 25-30 С-та тұқым мен астықтың интенсивті дем алуы жоғарлайды. Астық массасында, әсіресе микорорганизмдердің өмір сүру әрекетінен, жылудың көп мөлшері жиналады және ол өте тез 50-55 С - ВС ауданға дейін қызады.

Астықтың физиологиялық белсенділігі оның ылғалдылығы, температурасы және микрофлара құрамына байланысты. Алдында айтып кеткендей ылғал мен температура тыныс алу интенсивтілігі мен жылудың бөлінуіне әсер етеді. Сақтаулы астықтың өмір сүру үрдісінің негізінде температураның жоғарлауына әкелетін барлық үрдістер оның критикалық ылғалдылықтан жоғары болған кезде дамиды. Ол 10-15 температурадан жоғары болғанда аз байланған намесе бос ылғал болған кезде жүреді. Сондықтан өздігінен қызу ең бірінші ылғалды немесе шикі күйінде сақтауға қойылған астықтың партияларында болады.

Slide 11

Астық массасының сусымалылығы және өздігінен сұрыпталуы

Астықтың массасының сусымалылығы деп жазықтыққа бұрышпен орналасқан бетпен қозғалу қабілеттілігін айтамыз. Дəндердің жоғары деңгейдегі сусымалылығы астықты бір орыннан екінші орынға ауыстыру, алмастырып-араластыруға, қоймаға орналастыруда жəне түрлі транспорттық, техникалық жабдықтарға салуда, өңдеуде тиісті рөл атқарады. Осы тұрғыдан элеваторлар, ұн жəне жарма зауыттырының технологиялық үдерістерінің желілері дəндердің жəне оның өнімдірінің қаңылтыр құбырлармен жүру жолдары олардың өздігінен тұйылу (жылжу) қасиетіне сүйене отырып тікеден-тік құрылған.

Сусымалылық табиғи құлама бұрыш немесе үйкелу бұрышымен сипатталады. Үйкелу бұрышы дегеніміз - дəндердің қандайда бір заттың тегіс бетімен жылжуы басталатын бұрыштың мөлшері. Табиғи құлама бұрыш дегеніміз астықтың жазықтыққа, мысалы қойманың еденіне, жоғарыдан төмен қарай емін-еркін құлап түскен кездегі пайда болатын конустың қабырғасы мен табанының диаметрі аралығындағы бұрыштың мөлшері. Əртүрлі дақылдардың сусымалылық қасиеттерінің көрсеткіштері

Өнімдерді жеңіл сусымалы жəне қиын сусымалы деп екіге бөледі. Жеңіл сусымалы астық массасы дəндерінің арасындағы ішкі үйкеліс коэффициентімен сипатталады. Қиын сусымалы өнімдер бөлшектерінің арасындағы ішкі үйкеліс жəне ішкі айқасу (сцепления) коэффициенттерімен сипатталады. Олардағы айқасу күші өте жоғары болғандықтан еркін жылжуына кедергі келтіреді. Бұндай өнімдерге ұн, крахмал, шрот, əртүрлі түйіршіктелген сусымалы материалдар жатады. өте сусымалы өнім - 25-30 град; - сусымалы өнім - 30-38 град; 322 - сусымалы өнімге жақын - 38-45 град; - байланысқан өнім - 45-55 град; - өте байланысқан өнім - 55 град;

Slide 12

Сусымалылығы

Астықтың сусымалылығы оның құрамына, дəндердің түріне, пішініне, өлшеміне, пайдаланып отырған материалдың затына, оның жазық бетінің күйіне байланысты. Ең төмен үйкелу жəне құлама бұрыштары, оларға сəйкес ең жоғары сусымалылық дөңгелек, шар тəріздес жылтыр беттерге тəн. Дəндердің пішіні шар тəрізділіктен ауытқыған сайын жəне олардың сырт бетінің бұдырлығы артқан сайын астықтың сусымалылығы кемиді. Сусымалылыққа басқа факторлар да (ылғалдылық, қоспа мөлшері.

Slide 13

Астықты кіші шаруашылықта полиэтиленді қоймаларда сақтау

Астықты сақтаудың Қазақстанды материалдық техникалық базасы үш деңгейде қалыптасты. Бірінші деңгейі колхоздар мен совхоздарға салынған «астық тогы», онда жылжымалы технологиялық жəне транспорттық жабдықтар қолданылды. 427 Астық токтарында тұрақты механикаландырылмаған жəне жартылай механикаландырылған қоймалар салынды жəне олардың сыйымдылығы 2, 0 мың тонна 6, 5 мың тоннаға дейін болды.

Екінші деңгейдегі қоймалар қазіргі қолданыста пайдаланып жүрген астық кəсіпорындары мен элеваторлар. Олардың жалпы сыйымдылығы 24, 0 млн тоннаға дейін жетті. Соның 35%-ына жуық элеватор сыйымдылығы бар темір жол бойында орналасқан. Астық кəсіпорындары 30% темір жол бойындағы орналасқан жай қоймалардан құрастырылған кəсіпорындар, ал қалған 25%-ы шеткей жақта автомобиль транспортымен ғана байланысқан, егіс даласының төңірегіне жайғасқан астық кəсіпорындары

Үшінші деңгейдегі, олар 10%-дай шамадағы терминалды элеваторы бар астық кəсіпорындары мен мемлекеттік астық қорын қабылдап, өңдеп,

сақтап жəне сұранысқа байланысты астықты транспорт жолдарына артады.

Slide 14

Астықты полиэтиленді қоймаларда сақтаудың технологиялық жетістіктері көп, олардың қатарына жататындар: • астықты ору үдерісін тоқтатпау, жайғастыру алаңының жоқтығына байланысты; • құрғақ жəне жоғары ылғалды астықты сақтау мүмкіншілігінің барлығы; • элеваторға тасуға қажетті транспорттың қажеттілігін қажет етпейді; • автомобиль транспортын басқа ауыл шаруашылық жұмысқа қабылдану мүмкіншілігін тудыру; • сұрыпталған астықты сақтауға болатындығы; 431 • астықты элеваторда сақтауға кететін шығынды 15-35%- дейін төмендету; • астықтың сапасын жоғарылатып жəне зиянкестермен бұзылуына жол бермейд


Ұқсас жұмыстар
Өрт сөндіргіштер
Өндірістегі өрт қауіпсіздігі
Флебиттер - көк тамыр қабырғаларының қабынуы
Бүйректің созылмалы шамасыздығы
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат
Ірімшік жасаудың жалпы технологиясы
ПАРНИК ЭФФЕКТІСІ
Коферменттердің биологиялық құрамы
Өздігінен білімін жетілдіру - педагогтың кәсіби өсу шарты
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы - психолог шеберлігінің қолында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz