Мемлекеттік стандарттар



Тақырыбы:
Орындаған:Тұрғаналиева А. Қ. (ҚТӘ-11 мамандығының
1-курс магистранты)
Қабылдаған:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
ҚР Конституциясы
ҚР Білім заңы
ҚР Білім бағдарламасы
ҚР білімді дамыту бағдарламасы 2010-2020 жылдар
Мемлекеттік стандарттар
Типтік бағдарлама

Стандарт туралы ұғым
Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады.
Стандартта бакалавр, магистр, оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағлырадың көлемі, құзыреттілік дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат.

Типтік оқу бағдарламасы;
Оқу бағдарламасы (элективтік оқу бағдарламасы) ;
ОӘК (Оқу-әдістемелік кешені), ПОӘК (Пәннің оқу-әдістемелік кешені) .

Жоғары білім бұл
Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (35 бап, 1 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады (35 бап, 2 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .

Жоғары білім берудің мақсат-міндеті:
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру.
Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Жоғары білімнің мазмұны
Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты.
Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.

Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді.
Қазақстандық ғалымдар Нұрахметов Н. Н., Жадрина М. Ж., Жуматаева Е. Ө., т. б.
Ал, Өмірбаев С. М, Жақыпова Ф. кредиттік жүйе негізінде зерттеді.

И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша “білімнің мазмұны дегеніміз - тұлғаға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі. Ең басты білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту қажет. ”

Я. А. Каменский алғашқы рет жалпыға бірдей білім беру идеясын ұсынды
Аналар мектебі (6 жасқа дейін) ;
Қарапайым мектептер (6-дан 12 жасқа дейін) ;
Гимназия (12-ден 18 жасқа дейін) .

Білім мазмұнының түрлері


Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары
Білім беру саласында дәстүрлі оқыту формаларына қоса, басқа да бағыттар қалыптасты:
мәселелік оқыту,
бағдарламаланған оқыту,
ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу теориясы негізінде оқыту,
алгоритмдік оқыту,
белгі - контекст типі бойынша дамыта оқыту,
жобалап оқыту.

Жоғары білім айқындайтын нормативтік құжат - оқу бағдарламалары:
Жалпы білім беретін;
Кәсіптік білім беретін;
Қосымша білім беретін.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
;

Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.
Техникалық және кәсіптік білім беретін
Орта білімнен кейінде білім беретін
Жоғары білім беретін
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыру қандай бағытта жүргізіледі?
Болашақ маманның теориялық білімі және оқу-тәрбие жұмысын атқаруға қажетті педагогикалық іскерліктері мен дағдыларынын мазмұнын, жүйесін анықтайтын профессиограмма жасаумен сипатталады (В. А. Сластенин, Л. Ф. Спирин) ;
Педагогикалық іс-әрекет құрылымын зерттеумен айкындалады (Н. В. Кузмина, А. И. Щербаков) ;
Жоғары оқу орындарындағы пәндердін, сондай-ақ пегадогикалық практиканың дидактикалық бағыттылығым күшейту және арнайы пәндерді оқытуды жетілдіру мәселелерін көтере отырып, олардың кәсіби-педагогикалық даярлығына көңіл бөлу (Қ. Аймағамбетов, С. Е. Архипова, Т. В. Омельченко) .

Педагогикалық білім беру құрылымы
Мазмұндық аспект
Технологиялық аспект
Тұлғалық аспект
Болашақ оқытушылардың кәсіби-педагогикалық даярлығы
Пән бойынша терең білімі; әлеуметтік гуманитарлық пәндердің негізін және қоғам, құбылыстар туралы дүниетанымның қалыптасуы
Алған білімдерін практикада қолдана білуі, өзіндік әдістерді жүзеге асыруы, ақпаратты алуы мен талдауы
Мамандық бойынша психологиялық-педагогикалық білім, білік, дағдылар негізінде қалыптасатын сапа қасиеттер
Кәсіби-педагогикалық даярлық құрылымы

Жоғары білім берудің теориялық әдістері
Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады.
Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу, құбылыстың жеке белгілері мен сапасын бөліп беру.
Синтез - берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру.

Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілерінен ойша бұру.
Нақтылау - алдын-ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.
Үлгілеу - процестер мен құбылыстарды олардың нақты және идеялық үлгілері көмегімен зерттеу.
Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz