МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ



ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАТЕМАТИКА.
(7M01503 ) Математика
Орындаған: Әбдіхали Н
2020-2021 оқу жылы

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ.
МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР.
О. А. ЖӘУТІКОВ.

КІРІСПЕ
Математика (грек. -білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - математикалық білім- дағдыларының қорлану, жинақталу дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б. з. б. 7-6 ғасырларына дейін созылды. Бұл дәуірде математика адамзаттың өмір тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды.
Екінші кезең- математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Мұнда, көбінесе сандар, скалярлық шамалар және қарапайым геометриялық фигуралар қарастырылды. Математика зерттейтін шамалар (ұзындық, аудан, көлем, т. б. ) тұрақты болып келді. Осы уақытта арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теориялық пән ретінде қалыптасты.

Үшінші кезең- айнымалы шамалар математикасы немесе жоғары математиканың (математикалық анализ, аналитикалық геометрия, т. б. ) туу, қалыптасу кезеңі. 17-18 ғасырлардағы жаратырыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олардың арасындағы функционалдық тәуелділік түрінде енгізу қажеттілігін туғызды. Геометрия Евклид кеңістігі дербес түрі болатын “кеңістіктерді” зерттеуге көшті. Н. И. Лобачевский ашқан Евклидтік емес геометрия жүйнсі бұл бағыттағы алғашқы қадам болды.
Төртінші кезең- қазіргі математика кезеңі. Есептердің жауаптарын сандық түрде беру үшін 19- 20 ғасырларда сандық әдістер негізінде математиканың жеке тарауы - есептеу математикасы пайда болды. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды.

МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ
Математика ғылымын дамытуға орта ғасырда Орта Азия мен Қазақстан өңірінен шыққан ғалымдар үлкен үлес қосты. Хорезмде туып өскен Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми тұңғыш рет алгебраны математиканың негізгі саласы ретінде баяндады. Отырарда (Оңтүстік Қазақстан) туып өскен оның серіктесі Ғаббас әл-Жауһари (9ғ) шығыста алғашқылардың бірі болып параллель түзулер теориясын зерттей бастады. Отырарда туған Әбу-Насыр әл-Фараби геометрия(салу теориясы), тригонометрия(синустар мен тангенстер теориясы), математиканың методологиясы, т. б. салалары бойынша үлкен табыстарға жеткен. Бұлардың математикалық зерттеулері кейін Әбу Райхан әл- Бируни, Омар Һайям, Әбу Жафар ат-Туси, Ұлықбек, Жамал Түркістани, т. б. еңбектерінде дамытылды.

Математика қазақ жерінде тек Қазан төңкерісінен кейін жаңа қарқынмен дами бастады. 20-ғасырдың 20- 30-жылдарында жаңа типтегі жалпы білім беретін мектептерде математика арнайы оқытылы. Бірнеше жоғары оқу орындарында [ҚазПИ(қазіргі ҚазҰПУ), ҚазМУ(қазіргі ҚазҰУ), ҚазПТИ(қазіргі ҚазҰТУ) ] 20-ғасырдың 30 -40 жылдары алғашқы қазақ математиктері кандидаттық диссертациялар қорғады.
Мысалы: И. Ақбергенов, Б. М. Оразбаев, О. А. Жәутіков, т. б. ғылыми кадрлар дайындауда 1945 жылдан КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің математика және миханика секторы (1965 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының математика және миханика институты ) маңызды рөл атқарды.

Математика саласында басты бағыт дифференциялдық теңдеулер мен орнықтылық теориясы болды. Көрнекті Ресей математигі және миханигі А. М. Ляпунов (1857- 1918) жасаған орнықтылық теориясы Қазақстан математиктерінің зерттеу пәніне айналды.
Ә. Беделбаев реттеу теориясының есептері үшін орнықтылық облысы шекарасындағы сызықтық емес реттелетін жүйелердің тәртібі туралы мәселені зерттеді. Ляпуновтың тура әдісіне байланысты жетістіктер бойынша Н. Г. Четаевтың теоремысын жалпылау жөніндегі Жәутіковтің жұмыстарын атауға болады. Кризистік жағдайлар жөнінде М. Ятаев маңызды жетістіктерге жетті. Орнықтылық теориясы саласанда Б. Майғарин, Х. Ибрашев, С. Горшин, Т. Досымов, Р. Багаутдинов, Я. Гольцер, С. Молдабаев, И. Байсақалов, т. б. еңбектерін атауға болады.

Математика саласында Қазақстанда тағы бір кең тараған бағыт - дифференциялдық теңдеулердің шектік жүйесі зерттеушілер Персидский, Жәутіков, В. Х. Харасахал, т. б. Қазақстанда диференциялдық теңдеулердің периодты және периодты дерлік шешімдерінің теориясы дамытылды. (Харасахал және Д. Үмбетжанов) бас туындысы кіші параметрлі болып келген диференциялдық теңдеулер саласында (Қ. Қасымов), сфералық гармоника теориясы және оны тасымалдау мен сәуле шығару есептерін шешуге қолдануда (Ө Сұлтанғазин) елеулі нәтежелерге қол жеткізді.
Қазақстан математиктерінің үлкен бір тобы дербес туындылы теңдеулер мен математикалық физиканың әр түрлі есептерін белсенді түрде зерттеді. (Е. Ким, М. Өтелбаев, Т. Қалменов, С. Харин, т. б. ) .

Дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептерді зерттеу әдістері функционалдық анализбен тығыз байланыста дамытылды (Т. Аманов, Қ. Наурызбаев, Р. Ойнаров, Н. Темірғалиев, т. б. ) . Функционалдық анализ саласы (Н. Білиев) және оның әдістерін қолдану мәселесі зерттелді (Т. Нұрекенов) .
Спектрлік операторлар мен функционалдық кеңістіктер теориясында (Өтелбаев, т. б. ) жуықтау теориясы бойынша А. Жеңсікбаев маңызды нәтеже алды(сплайндық аппроксимация және оны қолдану) .

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР
Қазақстан үшін жоғары квалификатциялық кадр дайындау және математика, миханика және информатика облысын зерттеу мақсатында 1965 жылы ғылыми- зерттеу институт құрылған. Математика институтында дифференциялдық теңдеуімен математикалық физикада, функциялардың теориялары мен функционалдық анализге, алгебраға және логикалық зерттеулер қарастырған.
Институт директорлары: КазССР АН. академигі К. П. Перидский(1966-1969), А. Д. Тайманов (1969-1970), КазССР АН. корр. -мүшесі Т. И. Аманов(1970-1978) ; Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының академигі; У. М. Султангазин (1978-1988), Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі Н. К. Блиев (1988-2000), Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі А. А. Женсыкбаев(2000 жылдан бастап) .

Ғылыми зерттеулер лабораторияларда өткізіледі ( 2001 бастап) .
функция теориялары және функционалдық анализ, функцияның қасиетін зерттейді, функционалдық кеңістіктерде және әртүрлі операторлар функциялдық кеңістіктердегі, олардың операторлық теңдеулеріндегі қосымшаларымен.
Аппроксимация теориялары ретсіз ақпараттың нақты және нақты емес орамыны сияқты функция класстарындағы үйлесімді қайта құру есептерді зерттейді.
Аппроксимациялық және дифференциялдық теңдеуі үшін шектік есепке дифференциялдық теңдеудің зерттеуі жүргізіледі; оптималдық теңдеудің теориясына динамикалық есепке айналдырамыз.

Қолданбалы математика институты:
Қорданбалы математика институты Қарағанды қаласында 1991 жылы жолтоқсанда математикалық сұрақтарды талдау жөніндегі мақсатпен құрылған. 1993 жылы құрылған кезінен бастап институтты басқарғандар: Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі М. О. Өтелбаев 1993 жылы және 1994-1995 - математика-физика ғылымының кандидаты К. Н. Оспанов, 1993-1994 математика-физика ғылымының доциент Т. Г. Мустафин, қазіргі уақытта д. т. н., профессор Халманов Х. Ж.
Институттың құрамында 2 лабораториалық функционалдайды:
Дифференциялдық теңдеу, механика және экологиялық, технологиялық секторлардың және аппроксимациялық математикалық модельдеу есептері.
10 жыл ішінде институт қызметкерлері келесі жетістіктермен марапатталды. Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі М. О. Өтелбаев операторлық теориясының спекторлық облысында дүниежүзілік деңгейде жетістіктерге жетті.

Машина жасау және механика институты
Институт 1991 жылы құрылған. Институт құрамында екі ғылыми- зерттеушілік бөлімі: механиктер(Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының академигі Ж. С. Ержанов басқарады) және машина жасау (Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі Ж. Ж. Байгунчеков басқарады) . Институтта Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының академигі Ж. С. Ержанов пен У. А. Джолдасбеков тұжырымдалған және жоғары класстар монепуляциялық құраушылармен өте үлкен көлемді ғылыми жетістіктерге, жер және теория механизм механикада белсенді жұмыс атқарды, олар біздің елде ғана емес, шет елдерде де танымал.

Әл-Фараби атындағы КазНУ жанындағы механика және математика ғылыми- зерттеу институты.
КазНУ жанындағы Әл-Фараби атындағы НИИ. ММ универсеттік ғылымға және білімге ғылыми-зерттеулерге көмектесу мақсатында 1994жылы қарашада механика- математика факультетінің базасында құрылды. Оқытушылар:
ҚР. ҰА академигі Лукьянов, ҚР. ҰА корр-мүшесі Ш. А. Ершин, К. А. Касымов, Н. К. Блиев, Г. У. Уалиев, А. А. Женсыкбаев, М. О. Өтелбаев, ҚР біліміне еңбек сіңірген С. А. Айсагалиев, ҚР ұлттық сиылықтың лауреаты Б. Т. Жумагулов, ҚР. ИА академигі Ш. С. Смагулов(1999-2000жылы НИИ. ММ директоры), ҚР. ИА корр-мүшесі Н. Т. Данаев (НИИ. ММ директоры) .
НИИ. ММ құрылымы 4 бөлімнен тұрады: 1) математика (5 лаборатория), 2) Информациялық технология және есептеу математикасы (4 лаборатория), 3) Теңдеулер теориясы және тиімділік әдісі (2 лаборатория), 4) Механика (2 лаборатория) және информациялық технология және дизайн студенттер лабораториясы.

О. А. ЖӘУТІКОВ
Әңгіме ауаны табиғи тума талант иесі қазақтан шыққан тұңғыш физика- математика ғылымдарының докторы(1961), ұлағатты ұстаз, профессор-математик, қазақтың Ұлттық Академиясының академигі(1962), Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер(1974) Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков(1911- 1989) жайында болғалы отыр. Өз заманындағы өрен де өрелі заңғар тұлғаның бірі Орынбек Ахметбекұлы өмір есігін 1911 жылы маужыраған маусым айының бірінші жұлдызында ашқан.
Ол Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Ақтоғай ауданына қарасты Қоңырат елді мекеніне енетін Қотан- бұлақ болысындағы №2 ауылдың шаруакеш азаматы Ахметбектің орнын басар деп үміттенген кенже ұлы еді.

Орынбек төрт жасында шешесі өліп, жетімек аталады. Жеті жасқа толар- толмаста күнкөріс үшін әкесіне ауыл сиырын бағысып, қолғабыстық жасайды. Жаратылысынан жаны жасын, ойы отты, білуге кұмар бақташы бала қолы күнделікті күйбің жұмыстан сәл қалт еткенде ауыл жастарының арқан тарту, асық ұту, алтыбақан тебу, ақсүйек лақтыру, т. с. с. сайыстық және ойын-ойланбақтық бас қосу ортасына құлай қызығып, құлшына араласады.
Игі іске икемді әрі елгезек Орынбек ауқымдық ауданы мен көлемді екі еселеп қосу әдісімен санақталатын киіз басу, ши тоқу, жіп есу, кереге көктеу т. с. сияқты шебер жұмыстарға жегілетін қолды- аяқты балалар қатарынан ешқашан шет қалып көрген емес. Соның арқасында болашақ академик-математик ауызша тез әрі дәлді есептеу алгебрасының бабалардан қалған бастамасын, сондай-ақ сұлбалық сызбалар геометриясының ататектік әліпбиін алғаш рет асық ойыны алаңында және жер бетінде жіппен желі тарту, көгалда көген құру, қозы қосақтау жұмыстарына тікелей қатысу арқылы ерте бастан еркін игерген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz